Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
285
алып-қашпа сөз таратқандардың түбі оңбайтынын
ескертті
451
.
Бір күні әртүрлі аймақтардан «Қажылыққа ба-
рамыз» деп мыңдаған кісінің Хижазға бет алғанын
естіді. сырттай қарағандай жақсы әрекет болып
көрінгенмен халифалыққа талас тудыруға келе
жатқаны белгілі еді. мәселені дұрыс түсінген хазірет
Осман келе жатқандарды райынан қайтару үшін әуелі
хазірет Әлиді тағайындады. Хазірет Әли барып олар-
мен ұзақ сөйлесті. Бұлар бұзықтықта шектен шығып,
хазірет Әлиді көкке көтеретіндер еді.
Бұл істерінің
дұрыс еместігін байыппен түсіндірді. алғашқыда
тынышталғандай болған топ кейіннен қайтадан кері
қайтып келіп, халифаны қоршауға алды.
Бауыры мұхаммед ибн Әби Бәкір де соларға
қосылғандықтан, айша анамыз ренжулі еді. Қате
жолда екенін қанша айтса да бауырына сөзін тыңдата
алмады. Тіпті, бас көтерушілердің арасынан шығарып
алу үшін бірге қажылыққа баруды да ұсынды. Бірақ
оң жауап болмады.
алла расулының халифасы қоршауға алынып,
мәселе әбден ушықты. Тіпті, Үммү Хабиба анамыз
халифаға су апарғаны үшін
топтың арасынан зорға
құтылып шықты
452
. Бұл жағдай дәл үш аптаға созыл-
ды.
451
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\261 (26290), Бұхари, әл-Әдәбул муф-
рад 1\288 (828), Табарани, әл-мұғғжамул әбсад 4\117 (3758). Екі
жақты риуаят біріктіріліп берілген. Бұл риуаяттардың бірінде «алла
расулы біреуі қайтыс болғаннан кейін екінші қызына үйлендірген»
деген сөз бар.
452
Табари, Тарих 2\672
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
286
мәдинаның аспанын осылай қара бұлт басқан
кезеңде қажылық маусымы келіп, айша анамыз мек-
кеге жолға шықты. Бұл күндері мәдинадан шықпауы
келісім үшін маңызды екенін айтқандарға Үммү
Хабиба анамыз тап болған жайтты ескертіп:
– мен мәдинада қалсам,
олармен айтысып
қаламын. сосын Үммү Хабибаның басына туған
жағдай менің де басыма туады
453
, – деп жауап берген.
сөйтіп қажылық парызын атқарып, мәдинаға
қайтқанда ащы хабарды естіді. Үшінші халифа хазірет
Осман шейіт етілген еді.
Ең әуелі хазірет Османды
сынап-мінегендерді:
– Бұл оқиғалардың себебі – ақ-қарасын тара-
зыламастан халифаның жасаған барлық ісіне қарсы
шығуларың, – деп кінәлады.
Өйткені, олар хазірет Османды сынаймыз деп
біраз артық сөз айтқан еді. Хазірет Осман ол кезде
бүлікшілердің басшыларының біразын қасына алуға
тырысқан. негізінде бұл қоғамды басуға бағытталған
әрекет болатын, белгілі
міндеттер тапсырып теріс
ойлағандарды қасына тартқысы келген. сол күні
мұны түсіне алмағандар халифаны қателік жіберді
деп кінәлады.
айша анамыз Талха, Зүбәйрмен кездескен кезде
олардың да мәдинадағы жағдайдан қашып, мекке-
ге келгенін білді. Өйткені,
көше толы адамдардың
не істейтіні белгісіз болатын. Олардың ақиқат
пен әділдіктен алыстағанын естіді. «Хужурат»
сүресіндегі
Достарыңызбен бөлісу: