Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
282
бас көтеруі белең ала бастады. Өйткені, халифа
туралы өзгеше ойлайтындар кезікті. Тіпті, халифаға
қарсылықтарын ашық білдірді.
Олардың арасында
халифаны бетке алып исламға күйе жағуды қалаған
Ибн сәбә сияқты шектен шыққандар да жоқ емес
еді. Хазірет айша бұларды естігенде ренжіп, бүлік
тудырғандарға:
– Османды тілдегендер қандай лағынетке
ұшырайтынын білмейді. алла да оларға лағынет
айтады. Өйткені, бір күні мен расулалланың тізесін
Османның тізесіне тигізіп отырғанын көрдім. Осы
кезде
уахи келіп, мен расулалланың маңдайындағы
терді сүрттім. Оның үстіне расулалла қатарынан екі
қызын соған некеледі. сондай-ақ, оған «Жаз, Осман-
жан!» деп ілтипат көрсететін. ұмытпаңдар, нәбиінің
алдында осындай құрметті жан алла тағаланың
құзырында да қадірлі екені сөзсіз!
448
– деді.
Бұған қоса, пайғамбарымыздың (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) үш рет:
– Осман, бір күн келеді, алла тағаланың
бұйрығымен жұрт саған маңызды бір көйлек кигізеді,
мұнафықтар алланың кидірген осы көйлегін сенен
шешіп алғысы келсе, өз еркіңмен шешуші болма!
449
–
дегенін айтады.
Әрине, айтпағы мұнымен шектелмеді. ауырып
жатқанда пайғамбарымыз:
448
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\250 (26173), Ибн Кәсир, әл-Бидая
7\209. сондай-ақ, қараңыз: Бути, айша 107, 108
449
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\149 (25203), Хаким, мүстадрак 3\106
(4544),
Ибн Хиббан, сахих 15\346 (6915)
Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
283
– Қасымда біраз сахабаларымның болғанын
қалаймын, – деді. мұны естіген анамыз:
– сізге Әбу Бәкірді шақырайын ба? – деп
сұрайды. Үндемегенін байқап:
– Омарды шақырайын ба? – деді. Тағы да үн
қатпады. Бірақ әлдекімді көргісі келгені анық еді.
Бірақ өздігінен тіс жармады. анамыз:
– Қаласаңыз, Османды шақырайын? – дегенінде,
Пайғамбарымыз күлімсіреп:
– Иә, – деді.
сөйтіп, хазірет Османды шақырып, алла расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екеуі ұзақ әңгімелесті.
Бұл кезде хазірет Османның реңі құбылып отырды.
алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бүлік
шыққан кездердегі арқалаған жүгінің ауырлығын
ескертіп, ғайыптың пердесін түргендей сол күндері
шыдамдылық танытуы керектігін ескертті. арадан
бірнеше
жыл өтіп, өзін қоршап алып, қастандық
жасамақ болғандарға былай деді:
– расулалла маған осы күнді айтқан еді. Дәл
бүгін сабыр сақтауым керек!
450
Хазірет Османның алла мен пайғамбар орнын
жақсы ұғынғандардың бірі айша анамыз екені
белгілі. соған қарамастан кеткен қателік болса, тар-
тынбай айтатын. Әсіресе, саяси шешімдерде кеткен
қателіктерді ескертіп, алла мен пайғамбардың досы
болған адамға ескерту жасаудан бас тартпаған.
Ол кезең бір жағынан мұсылман аумағы кеңейіп,
бір жағынан ішкі кикілжіңдер
бой көтере бастаған
450
Тирмизи, мәнәқиб 19 (3711); Ибн мажә, Иман 11 (113), Тахмаз, әс-
сәйидәту айша 98