Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет97/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   152
Айша

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
301
Ибн сәбә мен адамдары айша анамызды аңдып, 
мінген күймесіне оқ жаудырды. мүминдердің анасын 
өлтірмекке әрекет жасады. анамыз:
– алла! алла! алладан қорқыңдар! Ертеңгі 
есеп күнін ойлаңдар, – деді, бірақ оны естіген адам 
болмады. Хазірет Әлидің жүрегі аузына тығылды. 
Түйенің үстінде ашық нысанаға айналған анамызды 
құтқару үшін оның мінген түйесін шөктіру керек. 
Тез жетіп келіп, түйенің аяғын қылышпен ұрып, 
түйені құлатып, анамызды құтқарды. Оның мінген 
күймесіне сырттай оқтар қадалып жатты. сол күні 
анамызды қорғау үшін жетпіс адам шейіт болды. Бір 
кезде аммар ибн ясир мен бауыры мұхаммед ибни 
Әби Бәкір келіп, оны күймесінен шығарып алды. Осы 
кезде бауырының қолы анамыздың арқасына тиді. 
Дереу артына жалт қарап, өліммен бітпе-бет тұрған 
сәтінің өзінде:
– Бұл кім? Тарт қолыңды. Өйткені, бүгінге дейін 
маған расулалланың қолынан басқа ешкімнің қолы 
тиген жоқ!
474
– деді.
Бауырының қолы еді. алайда бауырына деген 
реніші әлі басылмапты. сондықтан оны көріп:
– сен бе едің, көксоққан? – деді
475
. Хазірет Әли 
келіп:
– Қалайсыз, шешей? – деп сұрады. адамдарына 
бұйырып, анамызға сенімді жерден шатыр тіктірді. 
– Әлхәмдулилләһ, жақсымын, – деді айша 
анамыз. Хазірет Әли: 
474
Табари, Тарих 3\55
475
Табари, Тарих 3\55


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
302
– алла сізге кешіріммен қарасын, – деп дұға ет-
кенде ол да:
– саған да, – деп жауап қайтарды.
Хазірет Әли үлкен қатерді мойнына алған еді. 
Өйткені, бұл барлық нәрсеге бас тігу деген сөз. 
Өйткені, ибн сәбә мен жақтастарының нысанасындағы 
адамдардың басында сол тұрғаны күмәнсіз еді. 
алайда, басқаша түрде бұл қателікті шешу де мүмкін 
емес болатын. Қылышпен шешілетін мәселе жоқ. Бұл 
жерде сөздің күштілігіне деген қажеттілік бар еді. 
сөзді түсінетіндерге айту арқылы бұл қақтығысты 
тоқтатуды сынап көрді. Келіп, әуелі алғашқы күннен 
осы кезге дейін бірге күрескен хазірет Талха мен 
Зүбәйрге:
– Талха! Зүбәйр! – деп дауыстады.
Олар да текті адамдар еді. Халифа шақырғанда 
қарап тұра алмас. Екеуі де саптың арасынан суыры-
лып алға шықты. Әуелі:
– Талха, сен өз бала-шағаң үйде отырғанда 
расулалланың отбасын қасыңа ертіп соғысуға қалай 
дәтің барды? – деді. 
ашынған достың сөзі еді бұл. Кейде достың сөзі 
ащы болады. алайда, мұндай ақиқат сөзге не деуге 
болады!
сосын:
– сен, ей, Зүбәйр! Есіңде ме, бір күні менің 
расулаллаға келе жатқанымды көріп, жымиған едің. 
сонда мені меңзеп расулалла саған:
– алиды жақсы көресің бе? – деп сұрағанда, сен:
– Иә, – дедің. сонда саған:


Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
303
Қиянат жасап, бір күні сен алиге қарсы 
соғысасың, – деп ескертті.
шынында да хазірет Зүбәйрдің есіне түсті. 
Халифа хазірет Әли қаруларды түсірту үшін сөзге 
жүгінгендей. Бұны естігенде хазірет Зүбәйрдің іші де 
әлем-жәлем болып:
– Дұрыс айтасың. шынында да ұмытқан жайтты 
есіме түсірдің, – деді. 
сосын қылышын жерге тастап, соғыс алаңынан 
кетіп қалды. Хазірет Талха да солай жасады.
майданға келу оңай, алайда, одан кету оңай 
емес. Өйткені, тағдыр екеуіне де жазылған үкімін 
орындаған еді. Торуылдап жүргендер өкінішпен кері 
қайтқан хазірет Зүбәйрді сол жерде шейіт етті
476

Хазірет Талхаға да оқ тиіп, ажал құштырды. Екеуінің 
кері қайтуы әлдекімдерге ұнамай қалғаны түсінікті 
болды.
айша анамыз бәрін көріп тұрды. Хазірет Талха 
да, Зүбәйр де енді жоқ. Бұл жерде бір ойынның бар 
екенін байқаған барлығы айша анамыздың айнала-
сына жиналып, енді не істеу керектігін ақылдасты.
Көп өтпей халифа хазірет Әли айша анамыздың 
бауыры мұхаммедті қасына шақырды. анамыз үшін 
сенімді бір жерді дайындаған еді, бауыры арқылы 
хабар жіберіп оны да шақырды. анамызды ол да 
қатты құрметтейтін. меккеге не мәдинаға кері қайту 
туралы пікірін сұрады. Қауіпсіз әрі сенімді түрде бара 
алатынын, ешкімнің өзіне залал келтіре алмайтынын 
білдірді. 
476
Табари, Тарих 3\55


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
304
Кейіннен тағы да айша анамыздың жанына 
келген хазірет Әли жолға қажетті барлық жағдайды 
дайындап, анамызды меккеге шығарып салды. Тіпті, 
бұл үшін Басраның қырық әйелін қосып, өзін жалғыз 
сезінбеуі үшін жол барысында анамызға серік болуды 
тапсырды. 
Үсті-үстіне ауыр жағдайлар орын алғанына 
қарамастан, екі жақ та турашылдықтан таймады. 
Бірақ жағдайлар әділетпен басқаруды қиындатты. 
мыңдаған адам шейіт болған мұндай кезеңде 
өлшемді түрде әрекет ету мүмкін емес еді. алайда, 
анамыз да, хазірет Әли де бұл ұйыққа түспеу 
керектігін іс жүзінде көрсетіп, басқа адамдарға үлгі 
бола білді. сол күні қоштасатын сәт келгенде анамыз 
айналасындағыларға:
– Балаларым! Өкінішке орай, біразымыз 
біразымызды қинадық, қайғылы оқиғалар орын 
алды, біраз шаршадық. Осы жасалғандарға бай-
ланысты және бұдан кейін де басқалардың айтқан 
жалған сөздеріне еріп, ешкім ешкімге жаман көзбен 
қарамасын! Кешеден бүгінге дейін Әлимен арамда 
бір әйел мен қайнысы арасындағы мәселеден басқа 
мәселе болған жоқ. Кейбір қиындықтарды шексем де 
мен оның тек жақсылығын қалаймын
477
.
Бұл айша анамыздың ұлылығын көрсететін 
сөздер еді. Өйткені, хазірет Әлидің расулалла үшін 
орны айрықша екенін жақсы білетін. Бірнеше жыл 
бұрын жалаға ұшырағанында сол жалаға сеніп, өзін 
өсекке таңған Хассан ибн сәбитке шаң қондырмаған 
477
Табари, Тарих 3\60-61


Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
305
анамыз осы жерде де сол әдебін көрсетті. Бұл оқиғаны 
одан да үлкейткісі келгендердің мысын басты. 
Бұларды естігенде хазірет Әли де әсерленді. 
Қанша дегенмен расулалланың пайғамбарлық 
мектебінен сабақ алған мұғаліммен сөйлесіп тұр 
еді. Ол да қиналды. Келісімді қамтамасыз ету үшін 
ең жақындарынан мыңдаған адамы шейіт болған еді. 
Жүрегіндегі жараға дауа болатын сөздерге:
– рас айтады, жақсы айтты, – деді. Жараны 
жазудың ең жақсы жолы еді бұл. негізінде тағы 
сол жерден жараланбау үшін айналасындағыларды 
жұбату керек еді. анамыздың сөзіне қарап, былай 
деді:
– рас, арамызда болар-болмас қана мәселе бар. 
айша анамыз – дүние мен ақыретте нәбидің ең 
сүйікті әйелі!
478
Бір сенбі күні қайтадан сапар басталады. Бұл са-
парда анамызды шығарып салуға барғандарды хазірет 
Әли де бастады. Балаларын да ертіп, біраз уақыт бірге 
жүруді ескертті. 
анамыз меккеге бағыт алды. Барып, қажылық 
маусымына дейін сол жерде болуды ойлады. Ондаған 
жылға бірден қартайғандай. Болған ащы оқиғалардан 
қатты қиналып, көпшіліктің талабына келіскеніне 
қатты өкінді:
– Қап, өз тілімен тәсбих айтып, міндетін 
орындаған ағаш, әттең тас немесе бір кірпіш 
478
Табари, Тарих 3\61. Бірнеше жылдан кейін хазірет Әлидің сапындағы 
біреумен кездескенінде, сол күнге қатысты біраз сұрақтар қойып, 
алған жауаптарына жылайды. Қараңыз: Табари, Тарих 3\47, 48


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
306
болғанымда ғой! Әттең, жиырма жыл бұрын 
өлгенімде ғой!
479
расулулланың құзырына баруға да тартына-
тындай. Кешегіге дейін алла расулының жанында 
жерленуді көздеген болса, енді:
– расулалладан кейін мен қандай жаман істерге 
араластым, – деп өзін пайғамбарымыздың басқа 
әйелдері секілді Жәннәтул Бақиға көмуді өсиет етті
480
.
намаздарында немесе Құран оқығанда әсіресе 
пайғамбарымыздың 
әйелдеріне 
бағытталған 

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау