Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет89/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   152
Айша

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
273
Осы жеңістен кейін халифаға бағалы әшекей 
бұйымдары салынған ыдыс әкелінді. ырысқа қарап 
қасындағылардан:
– мұның бағасын білесіңдер ме? – деп сұрады. 
Ешкім оның бағасын айта алмады. сонда хазірет 
Омар (р.а.) айналасындағыларға қарап:
– рұқсат берсеңдер, мен басы бүтін күйде 
мұны расулалланың сүйіктісіне берейін? – деді. Бұл 
ұсынысты бәрі бірауыздан мақұлдады.
сосын елші арқылы іші әшекей бұйымға тола 
ыдысты айша анамызға сыйға тартты. айша анамыз 
ыдысты мұқият ашып, ішінен бағалы әшекейлер 
шыққанын көргенде шошынғандай терең ойға батты. 
алла расулының өте қарапайым сүрген өмірі есіне 
түскен шығар, іштей таңырқады. сосын хазірет 
Омарды меңзеп қолын көтеріп:
– алла тағалам, ендігәрі мені Омардың 
жақсылықтарына кезіктірме, одан да жанымды ал!
437
– деп дұға етті. 
Хайбар жеңісінен кейін қолға түскен олжалар-
ды үлестірген кезде де аналарымыз ұмыт қалмай, 
таңдауды өздеріне қалдырып жер немесе айлық 
жалақы ұсынылатын
438

да таңдау жасатқаны және айша анамыздың жерді таңдап, кейіннен 
бұл жерді қорға қалдырғаны айтылады. Қараңыз: Бұхари, мүзараа 
14 (2213); мүслим, мұсақат, 2 (1551) сондай-ақ, қараңыз: нәдәуи, 
сирату сәйидәти айша 75
437
Хаким, мүстадрак 4\9 (6725); ахмад ибн Ханбал, фадаилус сахаба 
2\875 (1642)
438
Бұхари, мүзараа 7 (2203); мүслим, мұсақат 2,3 (1551); ахмад ибн 
Ханбал, мүснад 2\22 (4732)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
274
Ғылым мәселесінде де хазірет Омардың 
ақылшысы айша анамыз болды. Бір қиындыққа 
кезіккенде не өзі келіп, не жақындарының бірін 
жіберіп анамыздан жөн сұрайтын. Бұл тек халифа-
мен шектелмеді, сахабалар мен табиғиндер де айша 
анамыздың біліміне жиі жүгінді. Әсіресе, хадис 
ғылымына қатысты мәселе туындағанда бәрінің 
жүгінетіні айша анамыз еді
439
.
Пайғамбарымыздың айтуынша, өзі өмір сүрген 
кезең ең қайырлы кезең болатын. Қазір енді екінші 
кезеңге ойысты. Бұл ненің дұрыс екенін ашық 
білдіретін кезең еді. Халифаның осыншалықты көңіл 
ауларлық әрекеттері анамыздың туралықты айтуына 
кедергі келтірген емес. Ешкімнің бет-жүзіне қарамай 
қатені қате деп, адамдарға істің дұрысын көрсететін.
Бір күні хазірет Омар амр ибн Үмәямен кездесті. 
сатып алған бір құшақ матасын халық жақтырмайтын 
жаман әйелдерге садақа етіп бергенін естігенде қатты 
ашуланды. Жасаған ісін айыптап, оларға берген 
садақаның қабыл болмайтынын айтты. алайда, 
хазірет амр да айтысып, дұрыстығына өзі білетін 
хадисті көлденең тартты.
Бұл сөзге хазірет Омар одан сайын ашула-
нып, амрдың айтқанын өтірік деп қабылдады. 
араларындағы дау ұлғайған соң екеуі айша анамызға 
барып жүгінді. сөзді хазірет амр бастады:
– ақиқатын айтыңызшы, расулалланың «Оларға 
берген нәрселерің де сендер үшін садақа» дегенін 
естіп пе едіңіз?
439
Қараңыз: Ибн сағд, Табақат 2\375


Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
275
анамыздың жауабы нақты болатын: 
– алла куә, иә, естідім!
Бұл жауап хазірет Омардың кешірім сұрауына 
себеп болды. мұны естігенде өзін жазғырды. алла 
расулынан естімегені әлі көп екенін біліп, өз-өзін 
кінәлады
440

Хазірет Омар (р.а.) бір күні Әбу Хұрайраның 
«Кімде-кім мәйіттің артынан жүрсе, сауабы бар» 
деген хадисті риуаят еткенін естіп, растығын анықтау 
үшін айша анамызға жолықты. анамыз:
– расулалладан мұны мен де естігенмін, – деп 
Әбу Хұрайраны растады. Тіпті, осыны естіп аб-
дулла ибн Омар секілді ғалымдар көбірек сауап алу 
үшін мәйіттің артынан көбірек адымдап жүруге 
тырысқан
441
.
сахабалар үшін істің ақиқаты маңызды еді. Кейде 
ұятты тақырыптардың өзінде ақиқатты білу үшін 
тартынбағанды жөн санайтын. Бір күні араларында 
Зәйд ибн сабит сияқты сахабалар бар ансарлар мен 
мұхажирлардың алдыңғы қатарлылары жиналып, 
шахуат шықпаған жақындасуда ғұсыл мәселесін 
сөйлеседі. Хазірет Зәйд мұндай жағдайда ғұсыл керек 
еместігін, әурет жерін жуғаннан кейін намаз дәретін 
алудың жеткілікті болатынын айтады. алайда, бұл 
пікірге өзгелері қосылмайды. мәселе халифа хазірет 
Омарға жеткенде, қасында хазірет Әли және муаз ибн 
Жәбәл сияқты сахабалар бар еді. Хазреті Омар Зәйд 
ибн сәбитті де шақыртып:
440
Қараңыз: Зәркәши, әл-Ижәбә 20
441
Бұхари, Жәнәиз 56 (1260); мүслим, Жәнәиз 56 (945)



жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау