Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет87/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   152
Айша

Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
267
Бұл не деген мұқияттылық десеңші! Бұл бір жағы 
парасат пен саналылықтың көрінісі еді. Өйткені, осы-
лайша ол өзінен кейінгі адамды да көрсетіп берген еді. 
анамызға да айтатын нәрселері бар болатын. 
Қасына шақырып, қинала мынаны ескертті:
– мұсылмандардың ісін мойныма алғаннан осы 
кезге дейін оларға тән бір дирһам да, бір динар да 
жемедім. Керісінше, олардың ең кедейі секілді көбіне 
аш жүрдім, үстіме ең ескі киім кидім. Қазір менде 
қазынаға тән мына қара құл, мына бір мата және мына 
кәрі түйеден басқа ештеңе жоқ. Оларды да алып, дереу 
Омарға апар. мен бұл жүктен де құтылайын!
427
айтатындары мұнымен шектелмеді. Әр өткен 
минут сайын уайымы артып, үстіндегі жүктен тезірек 
арылғысы келгендей. Қызына мейірлене қарады. 
расулалламен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) не-
келескеннен осы кезге дейін қызын анам деп біліп, 
құрметтеген болатын. Көзқарасындағы жылылық 
оны қаншалықты жақсы көретінін де көрсететін еді. 
Әлден уақытта: 
– Қызым, өзің де білесің, сені жақсы көріп, ерекше 
құрметтеймін, саған пәлен жердегі бір жерді арнаған 
едім ғой, соны маған кері қайтар. Өйткені, ол маған 
онша ұнамады. мен балаларым арасындағы бөлістің 
алланың кітабына сай болғанын қалаймын. Ертең 
алланың құзырына барғанымда, оларды алалағандай 
болмайын, – деді.
Қызы іркілместен: 
427
Ибн сағд, Табақат 3\193; сондай-ақ, қараңыз: Қандахлауи, Хаятус 
сахаба 2\460


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
268
– Қалауыңыз білсін, – деді
428
.
мұны естіген хазірет Әбу Бәкірдің үстінен ауыр 
жүк түскендей болды.
ауруы барған сайын асқына түсті. Он бес күннен 
бері осылай жатыр. расулалла секілді ол да анда-сан-
да есінен танып қалатын. мұны көрген айша анамыз 
мұңын жеткізбекке әрі жұбату мақсатында әкесіне 
Хатәми Таидің өлеңдерін оқыды. Бір жолы:
– Кеудені өлім келіп қысқанда аза тұтудың 
ешқандай пайдасы жоқ, – деді. мұны естіген халифа 
көзін ашып:
Олай деме, қызым! айтатын болсаң «Өлімнің 
мастығы денеңді басқанда, «Ей, пенде! міне, бұл 
сенің бұрыннан қашқан нәрсең» деген мағынадағы 
аятты оқы!» – деді.
Дүниемен қоштасып жатып та шындықты 
жақтауға осыншалықты мұқият қараған әкесінің 
кіршіксіз өмірін назарға ала отырып анамыздың 
оқыған тағы бір өлеңі бар еді:
Ей, өзі үшін жаңбыр төккен адамдардың ізгісі,
Жетімдердің 
қорғаушысы, 
жесірлердің 
қамқоршысы!
мұны естігенде тағы да қызына:
– Бұл жерде айтылып тұрған адам – расулал-
ла, – дейді
429
. Өйткені бұл өлеңді жиені мұхаммәдул 
әминге тағзым үшін бірнеше жыл бұрын көкесі Әбу 
Тәліп айтқаны есте
430
.
428
Ибн сағд, Табақат 3\195; сондай-ақ, қараңыз: Қандахлауи, Хаятус 
сахаба 2\460
429
Ибн мажә, Иқаматус салат 154 (1272); ахмад ибн Ханбал, мүснад 
2\93 (5673); Бәйхақи, сүнән 3\352 (6219)
430
Қараңыз: Бәйхақи, сүнән 3\352 (6219); Ибн Кәсир, әл-Бидая 3\55, 
6\88, 6\186, рамахурмузи әмсал 1\19


Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
269
сосын тағы да қызына қарап:
– расулалла қай күні қайтыс болды? – деп сұрады. 
– Дүйсенбі күні, – деді анамыз. алған жауабынан 
бір мән шығарғысы келгендей. сосын:
– Бүгін қай күн? – деп сұрады. 
– Дүйсенбі.
Терең дем алды да, ерні жыбырлап былай деп 
тіледі:
– алладан бүгінгі түн мен арамызға басқа түнді 
кіргізбесін деп тілеймін.
сосын қызына қарап:
– расулалла қанша кебінге оралып еді? – деп 
сұрады. 
– Оны ақ және үш жаңа «сәхулие» киімімен 
кебіндедік. арасында бас жабуы мен көйлек болған 
жоқ, – деді анамыз. Хазірет Әбу Бәкір ескі киімін 
көрсетіп:
– мына киімімді жуыңдар. Өйткені онда 
зағфаранның дағы бар. сосын қасына екі киім қосып, 
мені солармен кебіндеңдер! – деп ескертті.
Жағдайы ауырлай бастады. Әкесі әрі расулалланың 
халифасы мәңгілік әлемге аттанардың алдында тұр 
еді.
анамыз не істерін білмей, абдырап, әкесінің 
сөзін жерге тастамауға күш салды. алайда, соңғы 
талабы оған ұнамады. Әкеге қарсы келуге болмас
бірақ ол жай адам емес расулалланың халифасы әрі 
мүминдердің басшысы болатын. сондықтан:
– Бірақ, ол ескі ғой, – деп қарсылық танытты. 
Хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) шешімі нық болатын:


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
270
– мейлі. Жаңа киімге өлгендерден гөрі тірілер 
мұқтаж. Өлген адамның кебіні шіріп кетеді ғой
431
, – 
деді. 
Тағы бір қалауы бар еді. Уаһи басталғаннан бері 
Пайғамбарымыздың атқарған жиырма үш жылдық 
қызметінің сол қалпында жалғасқанын қалады. 
соңғы сапарға аттанғанда да расулалланың жанын-
да болғысы келді. Өзін әйелі Әсма бинти Үмәйстің 
жуып және баласы абдуррахманның оған көмектесуін 
өсиет етті. 
Өзі қалағандай сол күні кешке хазрет Әбу 
Бәкір (р.а.) де бақиға аттанды. Өсиет еткеніндей 
расулалланың жанына жерленді. анамыз түсінде 
көрген және хазірет Әбу Бәкірдің сол кезде жорыған 
түсіндегі екінші ай бүгін өзінің бөлмесіне туған 
еді. Осыдан бастап анамыздың бақытты шаңырағы 
пайғамбарлықпен бірге енді халифалықтың айын 
қонақ еткен еді
432
.

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау