БАЙҚАУ
Күні.............
Тақырып: Жасанды гүлдер жасау.
Қатысушылар: №3 топ оқушылары, 14 адам
Байқаудың мақсаты: Оқушыларға әшекей бұйымдарды дайындау туралы түсінік беру және оларды қызығушылықтарын арттыру.
Байқаудың шарттары:
1. Мата қиындыларыдан, түрлі түсті қағаздардан жасанды гүлдер жасау.
2. Қажетті құрал-жабдықтарды дайындап келу: Мата қиындылары, түрлі түсті қағаздар, ине, жіп, клей, шам, қажетті гүлдің сүреттері.
3. Гүлдің сүреттерін алдын ала дайындап, бекіту қажет.
4.Берілетін уақыт 30 мин. Осы уақыт ішінде киімге, жиһаздарға әшекей ретінде қолданылатын гүлдерді жасап, оны қорғап беру қажет.
Кіріспе:
Гүлдер ежелден сәндік қызмет атқарған, мұны бізге дейінгі архитектура, поэзия, қолөнер, көркемөнер растайды. Ежелдегі Греция, Египетте, Қытай, Жапонияда гүлдер қандай сәндік қызмет атқарған? Дизайн өнері ХХ ғасырда бөлек өнер ретінде бөлініп шықты. Дизайн өнерінің терминдік атауы жаңа болғанмен, ол өзі негізінен ертеректен қалыптасқан. Қазақ халқының қолөнер түрінен дизайынды анық көруге болады.
Дизайн дегеніміз кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан - жақты ойластырып, заман талабына сай жасау деген сөз. Бұл сөз әр салада қолданылады. Осы орайда дизайн өндірістік, графикалық, автомобильдік, интерьерлік, жиһаздық, компьютерлік т. б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Ал фито дизайн өсімдіктерді көркемдеп әшекейлеу. Грек сөзінен аударғанда «фито»- өсімдік деп аталады.
Флористика - табиғи материалдан, кепкен өсімдіктерден көркем шығарма жұмыстарын орындау. Фитодизаин жасау үшін тірі өсімдіктерді, кептірілген, жасанды өсімдіктерді қолдануға болады. Сондай - ақ құты ұстатқыштар, құрал саймандар қажет. Біздің мақсатымыз мата қиындыларыдан , қағазлардан әр түрлі ассортименттегі гүлдер жасап, гүлшоқтарынан композиция құрастыру.
Суретпен жұмыс.
Лалагүл, раушангүл, нарғызгүл, нарцисс, қызғалдақ гүлдері бойынша оқушылардың дайындаған материалдары оқылады.
БЫЛҒАРЫДАН, РАУШАН ГҮЛІН ЖАСАУ ӘДІСІ
Қажетті құрал - жабдықтар: түрлі көлемдегі гүл күлтесінің шаблоны, былғары, қайшы, қарындаш, желім, қылқалам, май шам, негізгі астар.
Жұмыстың орындалу реті:
Үлгіні қағазға түсіру, қиып алу.
Үлгіні былғары бетіне түсіру, қию(бір гүл дайындау үшін күлте саны - он үш, он сегіз дана).
Май шамның көмегімен гүл күлтесіне пішім беру.
Гүл күлтесіне желім жағып, орау әдісімен күлтені дайындау.
Ортаңғы күлтеге келесі күлтені орап желімдеу. Осылайша гүл күлтесін қиылыстыра отырып, орау әдісімен жұмысты орындау.
Жапырақ бөлшектерінің теріс жағынан сызықтарды белгілеу.
Ортаңғы сызығына желім жағып ішке қарай бүктеу, желім жағылған жерін саусақпен тегістеп бастыру.
Осы әдіспен келесі жапырақ сызықтарының пішінін шығару.
Дайын гүл шоқтарынан негізгі астар бетіне композиция құрастыру.
Қауіпсіздік ережелерін қайталау
Қайшымен жұмыс жасау ережелерін ата.
Май шаммен жұмыс жасау барысында қандай қауіпсіздік ережелері қолданылады?
Жұмысқа қойылатын талаптар:
Жұмысты технолгиялық нұсқау картаның көмегімен орындау;
Жұмысты таза ұқыпты орындау;
Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау.
Бағалау: Қорытынды шығарылып, 1 және 2 орын иегерлерін анықталады. Мадақтама жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |