Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет88/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   152
Айша

Хазірет Омар (р.а.)
Әкесі қайтыс болғаннан кейін тіке хазірет Омарға 
барған айша анамыз әкесінің өсиеті ретінде қара құл, 
мата және кәрі түйені жаңа халифаға тапсырды. Омар 
көз жасын сүртіп:
431
Бұхари, Жәнәиз 92 (1321); ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\132 (25049), 
Әбу яғлә, мүснад 7\469 (4495); абдурраззақ мұсаннаф 3\423 (6176)
432
Әрі әкесі, әрі адамдар арасында алла расулына ең жақын жан болғанына 
қарамастан, Әбу Бәкір (р.а.) қызы айшадан тек екі хадис риуаят еткен. 
анасы Үммү руманның одан риуаят еткен хадисі біреу ғана.


Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
271
– алла Әбу Бәкірге рақым етсін! Өзінен 
кейінгілер үшін керемет ғибрат қалдырды. алла оны 
кешіріміне бөлесін! шынында да ол кейінгілер үшін 
өнегелі өмір сүрді
433
, – деді.
айша анамыз жаңа халифа болған хазірет 
Омар үшін де ең жанашыр ақылшы еді. негізінде 
ол пайғамбарымыздың әйелдерінің бәрін де 
құрметтейтін. алайда, арасында айша анамыздың 
орны айрықша болатын. анамыз туралы: 
– расулалланың сүйіктісі, – деп оған ерекше 
қарайтын. Тіпті, олжа ретінде түскен жерді 
үлестіргенде құрмет ретінде ең әуелі аналарымызға 
көңіл бөліп, әрқайсысына жылына он немесе он екі 
мың динардан бөлетін. Бір айырмашылығы, айша 
анамыздың үлесіне тағы екі мың қосатын
434

Хазірет Омар өте сезімтал жан болған, дінге 
қайшы іс орын алса, дереу ол іске араласып, қателікке 
жол бермейтін. Бұл мұқияттылығы Құран мен 
сүннеттің тазалығын сақтап қалуға деген әрекеті еді. 
сол кездің шарттарын назарға алсақ, бұл өте дұрыс 
шешім еді. Бұл кезеңде мәдинада пәтуа айтатын 
белгілі ғалымдардың арасында айша анамыз да бар 
болатын.
анамызға көп барушылардың бірі халифа хазірет 
Омардың өзі болатын. Білмейтін мәселесін сұрап, 
анамыздың кеңесімен шешім қабылдайтын. негізінде 
ол барлық аналарымыздан да кеңес алып, ерекше 
сыйлап тұратын. Олардың мұқтаждығы бар-жоғын 
сұрап, көмекті ең әуелі сол кісілерге жасағанды 
433
Ибн сағд, Табақат, 3\193
434
Хаким, мүстадрак 4\9 (6723); Әбу Юсуф, Китабул хараж 51


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
272
жөн көретін. сол үшін жанына тоғыз себет қойып, 
жеміс келсе, дереу осы себеттерге бөліп салып, 
аналарымызға жіберетін
435
. Қолына бір нәрсе түссе 
немесе құрбан шалғанда ең алдымен аналарымызды 
ойлап, етін соларға жіберетін. Хазірет Омардың бұл 
қасиеті туралы айша анамыз:
– Омар бәрін мұқият ойлайтын, бас-сирақ демей 
сойылған малдан бізге тиетін үлесімізді жіберуді 
ешқашан ұмытпайтын, – дейді. 
Ирак жері бағындырылғанда, кезек қолға түскен 
олжаны бөлісуге келеді. сахабалармен ақылдасып, 
біраз пікір алысқаннан кейін оларға:
– меніңше, бұл олжалар осы жорықта тер 
төккендерге тән, соларға бөлістіріп беру керек, – деді. 
– Иә, біз де солай ойлаймыз, ей, мүминдердің 
басшысы!
– Жарайды, бөлісті кімнен бастаймыз?
– Бұған сенен лайық кім бар? Әрине, өзіңнен 
баста!
Өзі халифа болатын. Бәлкім, басшылықтағы 
орнына қарай олжаның көбірегін сарбаздар оған 
лайық көрген шығар. Бірақ ол расулалладан мұндайды 
көрген жоқ. сондықтан қызметте ең алдыңғы орында 
тұрса да жалақы бөлісуге келгенде ең артта тұруды 
таңдайтын. сондықтан бұл ұсынысқа:
– Жоқ. Бұл істі мен расулалланың отбасы 
мүшелерінен бастаймын, – деді
436

435
Қараңыз: мәлик, муатта 1\279 (618); Бәйһақи, сүнән 7\35 (13037), 
Ибн Әби асым, Зүхд 1\116, Кандахлауи, Хаятус сахаба 2\369
436
мүснади шафиғи, 1\326 (1519); Ибн Әби шәйба, мұсаннаф 6\457 
(32895, 32898, 32899); Бәйһақи, сүнән 6\364 (12849); сондай-ақ, 
хазірет Омардың пайғамбарымыздың әйелдерін су мен жер арасын-



жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау