Хазірет Әбу Бәкір (р.а.)
Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін халифа-
лыққа хазірет Әбу Бәкір өтті. Жұмсақ жүректі
жан болғанына қарамастан, біраз істер атқарды.
Халифалыққа алғаш өткен күндерінде жанына хазірет
Осман келіп, оған пайғамбарымыздың әйелдерінің
біразының мұрагерлік талабын жеткізді. негізінде
пайғамбар артына дүние-мүлік қалдырмаған. алайда
олар бұл мәселедегі нәби сөзінен хабарсыз болуы
423
Тақырып егжей-тегжейлі түрде кітаптың соңғы бөлімінде «айша
анамыздың тұрмыс құрғандағы жасы» тақырыбында қарастырылған.
424
Бұхари, либаис 81 (5589, 5590, 5593), Әбу Дәуіт, Тәражжул 5 (4186),
Тирмизи, либас 25 (1759); ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\111 (24847)
Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
265
мүмкін және олжаның бестен бірін өздеріне береді
деп ойлаған болса керек. алайда, олжаның бестен
бірін алу пайғамбарға ғана рұқсат етілген. расулалла
оны қажет деп тапқан жерлерге жұмсаған. Қысқасы,
ол халифалыққа қатысты мәселе еді.
Хазірет Османды тыңдаған халифа пайғам-
барымыздың әйелдерінің бірі айшаға өтініш жасап,
бұл мәселе туралы не білетінін сұрады. Өйткені бұл
талап етушілердің арасында өз қызы айшаның жоқ
екенін білетін. мұны естігенде іркіліп қалған анамыз:
– субханалла! Пайғамбарымыз (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
«Біз, пайғамбарлар мұра
қалдырмаймыз, біздің қалдырғанымыз садақа»
дегендіктен, мұндай мұрагерлік туралы мәселенің
болуы мүмкін емес, – деді.
аналарымыз да, халифа да мәселенің шынайы
жағын енді түсінді. Құран мен хадис бар жерде жаңа
үкім шығарылмайды. Пайғамбарымыздың әйелдері
де енді бұл талаптарынан бас тартып, бұрынғы
қарапайым өмірлеріне оралды
425
.
Енді халифа хазірет Әбу Бәкір үшін де өзі шеше
алмаған мәселелерде жүгінетін кісі айша болды.
Әсіресе, расулалланың жоқтығын пайдаланған кейбір
санасыз адамдардың жағдайды ушықтырғысы келген
сәттерінде дұрыс қадам жасай білу үшін көбінесе
қызы айшамен ақылдасып, пікірімен санасып қана
шешім қабылдайтын. Өйткені, ол кездерде хазірет
Әбу Бәкірдің басынан өте ауыр қиындықтар өткен еді.
425
Бұхари, Хумус 1 (2926, 2927); фадаилус сахаба 12 (3508); мағази
11 (3810) фараиз 2 (6346), мүслим, Жихад 51 (1758), ахмад ибн
Ханбал, мүснад 6\262
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
266
Екі жылдан астам уақыт көзді ашып-жұмғанша
өте шықты. Бір тарапта мұсылмандықтың діннен
шығу оқиғалары, келесі жақта жалған пайғамбарлар
шықты деп жүргенде бірнеше жыл өтіп, хазірет Әбу
Бәкір де қартая бастады. алайда ештеңеге қарамастан
өзіне аманат ретінде табысталған істі орындағанына
деген қуанышы басым еді. Бірақ көп ұзамай науқасқа
шалдықты.
Бұл жерде де қызы айша анамызды қасынан
тастамай, барлық ойын бөлісетін. Өзінің де өмірлік
дәм-тұзы таусылуға таяғанын сезінетіндей. расын-
да, қоштасудың уақыты жақындап, расулалладан
айрылу қайғысына небәрі тек екі жыл, үш ай, он күн
ғана шыдай алды.
айша анамыз халифа хазірет Әбу Бәкірді күтуді
де өз мойнына алып, әкесіне өзі қарады.
Достың досқа қауышатын күніне аз қалғанда
айрықша әбігерге түсіп, тез жасалуы керек нәрселерді
жасап жеңілдегісі келгендей. Әуелі хазірет Осман-
ды шақыртып бір келісімшарт жаздырды. сосын
қасындағы айшаға қарап, өзі қайтыс бола сала
жалақысының қалған бөлігін бәйтулмалға (мемлекет
қазынасы) апарып тапсыруды өсиет етті:
– Омар қоймады, Бәйтулмалдан 6 мың дирһам
алуға мәжбүр болдым. Бұлардың барлығы пәлен
жердегі қабырғада сақтаулы тұр, оларды алып,
Омарға қайтарыңдар!
426
426
Ибн сағд, Табақат 3\193
|