Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»


Апаттарды жою аспаптары мен тәсілдері



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет148/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   168
Бурение

Апаттарды жою аспаптары мен тәсілдері 
Ең көп кездесетін апаттардың түрі бұл бұрғылау аспабының ұсталып қалуы
колонкалық, шегендеуші және бұрғылау құбырларының үзілуі, жыныс талқандағыш 
аспаптың бұралып түсіп қалуы және үзілуі болып табылады. Апат болған кезде ең 
алдымен апат болған тереңдікті анықтайды, себебін анықтайды және апатты жою 
жобасын құрастырады. 
Бұрғылау аспабының қысылып қалуынан болған апаттар. Бұрғылау аспаптарының 
қысылып қалу себептері ұңғы түбінде шыламның көп жиналуы, диаметрі бойынша тозған 
қашауларды қолданып ұңғы оқпанын кішірейту, ісінетін тау жыныстарын бұрғылау болып 
табылады. Қысылулардың алдын алу үшін химиялық реагенттермен өңделген жоғары 
сапалы сазда ерітінділер қолдану қажет.
Бұрғылау аспабын түсірген кезде ұңғыны жууды забойға 2-3 метр жетпей 
бастайды. Жуу сұйықтығының шыр айналымы күрт тоқтаған кезде бұрғылау аспабын 
жетекші құбыр ұзындығына көтеру қажет. Оны көтерместен бұрын шламнан тазарту 
мақсатында ұңғыны тиянақты жуу қажет. Істен шыққан қашауды ауыстырғанда ұзындығы 
15-20 м ұңғы оқпанының забой маңы аймағы аз беріліспен (35 - 40 м/сағ) бірінші 
жылдамдықпен өңделеді. Қысылып қалғанда бұрғылау аспабын қондырғының шығыры 
немесе гидравликалық жүйесі көмегімен жуу сұйықтығының шырайналымын қалпына 
келтіру үшін жоғары- төмен көтереді. 
Ұңғы түбіне түсіріліп жатқан аспап сыналанып қалғанда бұрғылау ерітіндісін 
беруді көбейту қажет және бірнеше минут жуғаннан кейін аспапты көтеруге талпыныс 
жасау керек. Егер бұл ештеңе бермесе, жууды жалғастыра береді және аспапты айналдыра 
отырып жоғары-төмен жүргізеді. Егер жоғарыда көрсетілген шаралар ешқандай әсер 
бермесе бұрғылау аспабын тартқыш аспаппен немесе домкраттың көмегімен босатады. 
Тартқыш аспап таль арқанымен қосылған және жетекші құбырға кигізілетін массивті 
сақиналы цилиндр болып табылады. 
Егер аспап құлаған тау жыныстарымен немесе үстінен тұнған шламмен қысылған 
болса, онда алдымен ерітіндінің шырайналымын қалпына келтіреді, содан соң шлам 
тығынын шаяды. Егер сұйықтықтың шырайналымы қалпына келмесе, онда ұңғыға 


246 
қосымша бұрғылау тізбегін түсіреді де шламды шаяды. Аспап карбонатты тау 
жыныстарында қысылып қалса ұңғыны тұз қышқылымен өңдеу тиімді.

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау