Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»


Бұрғылау құбырларымен болатын апаттар



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет149/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   168
Бурение

Бұрғылау құбырларымен болатын апаттар
. Аспаптың қысылып қалуы бұрғылау 
құбырларының үзілу себебі болуы мүмкін, өйткені бұл жағдайда аспапқа қондырғы 
қозғалтқышының 
максимал 
қуаты 
беріледі. 
Аспаптардың 
үзілулері 
бұрғылау 
құбырларының шектен тыс тозуынан немесе олардың бұрандалы қосылыстарының 
тозуынан болуы мүмкін.
Үзілулердің алдын алу бұрғылау құбырларының және олардың бұрандаларының 
калибрлері және дефектоскоптар көмегімен тиянақты бақылау арқылы жүзеге асырылады. 
Иілу кернеулерін азайту үшін бұрғылау тізбегінің диаметрлерін ұңғының диаметріне 
неғұрлым жақындатып таңдайды, ауырлатылған бұрғылау құбырларын міндетті түрде 
пайдаланады. Бұрандалы қосылыстарды бұрамас бұрын оларды тазалайды және графит 
майлағышымен майлайды. Құбырларды, құлыпты қосылыстарды саңылау қалдырмай 
түбіне дейін бұрайды.
Бұрғылау құбырлары үзілгенде бұрғылауды тоқтатады, бұрғылау тізбегінің 
жоғарғы бөлігін жер бетіне шығарады. Көтерілген құбырлардың ұзындығына және үзілген 
шетінің формасына қарап тізбектің қалған бөлігінің орнын және үзілу сипатын 
анықтайды. Қажет болған жағдайда аспаптың қалған бөлігінің орнын бұрғылау 
құбырларымен мөр түсіріп анықтайды. Ең қарапайым түрде мөр іші иілімді материалмен 
(шайырлы канифоль) толтырылған ағаш тығын болып келеді. Қалып қалған аспапты ұстау 
үшін овешот, метчик және колокол қолданады. 
Овершотты қалып қалған аспап қысылмаған жағдайда қолданады. Овершотты 
бұрғылау құбырларымен түсіреді және баппен айналдырып үзілген құбырдың шетін 
жабады. Овершот корпусын төмен түсіргенде плашкалар ұңғыда қалып қойған тізбектің 
муфтасының немесе құлыбының төменгі бөлігіне асылады және жоғары көтерген кезде 
оны ұстап тұрады. 
Метчикті бұрғылау құбырлары муфталарынан немесе құлыпты қосылыстарынан 
үзілуін жою үшін пайдаланады. Метчик – бұл жан-жағында бұранда кесілген және 
бұрғылау тізбегінің үзілген шетіне бұралу кезінде қоқымдар шығуы үшін бойлық 
арықшалар жасалынған конус тәрізді аспап. Метчиктің өстік каналы жуу сұйығының өтуі 
үшін, ал цилиндрлік бөліктегі бұранда ұңғыға түсірілетін бұрғылау құбырларымен қосылу 
үшін қызмет етеді. Бұрғылау аспабын үлкен диаметрлі ұңғыларда ұстағанда метчиктер 
патрубкалы бағыттағыш воронкалармен жабдықталады.
Колокол бұрғылау құбырларының өздері үзілген жағдайда қалып қалған аспапен 
қосу үшін қолданылады. Колокол бұрғылау құбырларының үзілген шетіне сыртынан 
бұрап жалғау үшін ішкі бұрандасы бар корпус болып табылады. 
Ұстағыш аспапты (колокол немесе метчик) ұңғыға бұрғылау құбырларымен 
түсіреді. Үзілген жерге 1 – 1,5 м қалғанда жуу сұйықтығын жібереді. Жуып болған соң 
ұстағыш аспапты жайлап түсіреді де үш-төрт айналым жасап аспаптың үзілген 
бөлігінежалғайды. Содан соң тұнған шламды жою үшін бұрғылау сорабын қайтадан іске 
қосады да ұстағыш аспапты түбіне дейін бұрайды және бұрғылау аспабын ұңғыдан 
шығарады. Егер аспаптың қалып қалған бөлігі қатты қысылған болса, онда оны алу үшін 
ұрғыш аспаптармен немесе домкраттар пайдаланады. Ұстағыш аспаптың құрамына 
механикалық түптік дірілдеткіштер пайдаланған тиімді.

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау