Ұсынылған әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер
1. Шамшев Ф.А., Тараканов С.Н., Кудряшов Б.Б., Парийский Ю.М., Яковлев A.M.
Технология и техника разведочного бурения. Учебник. 3 изд., перераб. и доп.
М:Недра, 1983, 565 с;
248
2. Афанасьев И.С., Осецкий А.И., Пономарев П.П., Блинов Г.А., Кукес А.И., Морозов
Ю.Т., Бухарев Н.Н., Иванов О.В., Егоров Н.Г., Егоров Э.К. Справочник по бурению
геологоразведочных скважин. СПб.ЮОО «Недра», 2000 - 712 с.
3. А.К. Касенов. Технология бурения скважин на твердые полезные ископаемые. Учебное
пособие, КазНТУ, 2003 г.
Қосымша әдебиеттер
1. Володин Ю.И. Основы бурения. М: Недра, 1979
2. Породоразрушающий инструмент для геологоразведочных скважин. Справочник.
Корнилов Н.И., Травкин B.C., Берестиев Л.К., Коган Д.И. М: Недра, 1979
3. Гланц А.А., Алексеев В.В. Справочник механика геологоразведочных
работ. М: Недра, 1981
4. Справочник инженера по бурению геологоразведочных скважин. Т.1 и 2 под
редакцией Козловского Е.А. М:Недра, 1984
5. Марамзин А.В., Блинов Г.А. Алмазное бурение на твердые полезные ископаемые. Л:
Недра, 1977
6. Ганджумян Р. Практические расчеты в разведочном бурении. М: Недра, 1978
7. Коломиец А.В., Ветров А.К. Современные методы предупреждения, и ликвидации
аварий в разведочном бурении. М: Недра, 1977.
Бақылау сұрақтары:
1.
Ұңғыдағы апат деген не?
2.
Ұңғыдағы апаттар қандай себептермен болады?
3.
Апаттардың алдын алу жұмыстарына нелер жатады?
4.
Ең көп кездесетін апаттарға нелер жатады?
5.
Апаттарды жоюға қандай құралдар қолданылады?
15
ҰҢҒЫЛАРДЫҢ ҚИСАЮЫ ЖӘНЕ ОНЫ АНЫҚТАУ.
Бұрғылау кезінде ұңғы өзіне берілген бағыттан ауытқиды. Ауытқу тік
жазықтықта және горизонталь жазықтықта болады. Мұндай ұңғының
ауытқуын
қисаю
дейді. Егер керннің жер астының қай нүктесінен
көтерілгенін анық білмесек, онда кен орны туралы теріс мағлұмат тууы
мүмкін. Осыған байланысты ұңғы оқпанының кеңістіктегі орнын білу өте
қажет. Ұңғы оқпанының кеңістіктегі орны (76-сурет) оның көлбеу бұрышы
немесе зениттік бұрышы θ, азимуттық бұрышы α және терендігі арқылы
анықталады.
Ұңғының көлбеу бұрышы деп, ұңғы осі мен горизонталь жазықтық
арасындағы бұрышты атайды. Зениттік бұрыш - тік бағыт пен ұңғы осіне
берілген нүктеден жүргізілген жанама арасындағы бұрыш. Көлбеу бұрыш
пен зенит бұрыштың қосындысы 90°. Азимуттық бұрыш немесе ұңғы
азимуты деп солтүстік бағыт пен ұңғы осінің горизонталь проекциясының
арасындағы бұрышты атайды. Ұңғыларды кеңістіктегі орындарына қарап
үшке бөледі:
249
а) тік; ә) горизонталь; б) көлбеу.
Қисаю бір жазыктықтың бетінде немесе кеңістікте болуы мүмкін. Егер
ұңғыма азимуты аз мөлшерде өзгерсе жазықтықта қисайған, ал көп мөлшерде
өзгерсе кеңістікте қисайған делінеді. Бұрғылау кезінде ұңғының зенит
бұрышы не көбейеді, не азаяды. Егер зенит бұрыштың мәні көбейсе ұңғы
жатықталады, ал азайса тіктенеді дейді.
Ұңғының қисықтығын оның қисаю өсімталдығымен, яғни ұңғыманың
зениттік бұрышы және азимуты 100 м аралықта неше градусқа өсетіндігімен
сипатталады. Қалыпты жағдайда ол 2,5 - 3° шамасында болады.
76 -сурет. Ұңғының кеңістіктегі жағдайын анықтайтын тұлғалар.
Ұңғының қисаюы дұрыс аныкталғанда, пайдалы қазындының қоры
дұрыс есептеледі, кен жатысының элементтері дұрыс анықталады және кен
бетін ашатын тау-кен қазбалары дұрыс жобаланады. Қисайған ұңғыларды
бұрғылағанда бұрғылаудың технологиялық тәртібі бұзылады, яғни бұрғы
снарядына осьтік салмақ дүрыс берілмейді және бұрғылау құбырларының
колоннасын айналдыруға мөлшерден артық қуат жұмсалады.
Ұңғы әр түрлі себептермен қисаяды. Оларды үлкен үш топқа бөледі: а)
геологиялық; ә) техникалық және б) технологиялық.
Геологиялық себептер бұрғыланатын жыныстардың физикj-механикалық
және құрылымдық қасиеттерімен байланысты. Бұрғы снарядына қатты қойтас
кездессе, ұңғы өз бағытынан ауытқып, оның зенит бұрышы да, азимуты да
өзгереді, яғни ұңғы кисаяды. Егер бұрғы снаряды қаттылықтары ауыспалы
тау жыныстарының қабаттарын сүйір бұрыш құрып бұрғыласа (77-сурет), ұңғы
жылдам қисаяды, себебі коронканы қатты жыныс жібермейді, ал жұмсақ
жынысқа ол жылдам батады. Сондықтан ұңғы оқпаны мен тау жыныстары
қабаттары арасындағы бұрышы, яғни кездесу бұрышы 30°-тан кем
жобаланбайды. Жұмсақ жыныстарды бұрғылағанда бұрғы снарядының
салмағы колоннаны төмен басады да, сол себепті ұңғыма төмен қарай
250
қисайып, тіктенеді. Жыныс қабатымен ұңғының кездесу бұрышы тым сүйір
болса, ұңғы қатты жыныстың бетімен сырғанап, өз бағытынан ауытқып
кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |