247
ұңғының түбіне жайлап қояды. Бұрғылау кезінде қашауға артық өстік күш түсіруге
болмайды.
Қысылмаған, тік орналасқан қашауды алу үшін метчик немесе колокол
қолданылады. Егер ол жанымен жатса немесе қатты қысылған болса, онда ұңғыға
түсірілетін торпеданың жарылысымен бұзады. Қашаудың сынықтарын магнит фрезермен
немесе қысқышпен көтереді.
Магнит фрезер түпте болат заттарды бұзатын және жаңқа ретінде жер бетіне
көтеретін сатылы торецті фреза болып табылады.
Қысқыш – төменгі бөлігіне фрезерленген қалақшалары пісірілген жіңішке
қабырғалы цилиндр болып табылады. Қысқышты забойға түсірген кезде өстік күштің
әсерінен қалақшалар ішіне қарай майысады да қашау сынығын ұстайды. Қысқыш және
магнит фрезер көмегімен ұңғыға абайсызда түскен ұсақ заттарды алады.
Колонкалық және шегендеуші құбырлармен болатын апаттар
. Үзілген
колонкалық немесе шлам құбырларын метчик немесе құбыр ұстағыштармен көтереді.
Гидравликалық құбыр ұстағыш ішінде серіппеленген поршень орналасқан корпус
болып табылады. Құбыр ұстағыштың штогы конус бойымен жылжитын плашкалармен
байланысқан. Құбыр ұстағыш бұрғылау құбырларымен үзілген құбырдың ішіне түсіріледі.
Сорапты қосқан кезде поршень штокпен бірге сұйықтықтың әсерінен серіппені қысып
төмен қарай жылжиды. Штокпен байланысқан плашкалар конус бойынша төмен жылжып
радиал бағытта қозғалады және өзінің шеттерімен құбырдың ішкі жағын ұстайды.
Сұйықтықтың қысымы төмендеген кезде поршень жоғары жылжып плашкаларды
құбырдан босатады.
Ең күрделі апаттар шегендеуші құбырлармен болады, олар шегендеуші
құбырлардың төменгі бөлігінің бұралып кетуі және қисаюы. Бұл кезде оның жоғарғы
бөлігі алынып, төменгі бөлігі құбыр ұстағыштар немесе метчиктер көмегімен көтеріледі.
Майысқан шегендеуші құбырларды арнайы түзегіш қашаулармен түзейді.
ҚОРЫТЫНДЫ
1.
Ұңғыдағы апат – бұл ұңғы оқпанының немесе ондағы технологиялық аспаптың
бұзылу нәтижесіндегі бұрғылаудың кенеттен тоқтауы.
2.
Апаттар геологиялық, техникалық, технологиялық және ұйымдастыру
себептерінен болу мүмкін.
3.
Апаттардың алдын алу технологиялық тәртіпті және геологиялық, техникалық
құжаттың басқада талаптарын орындау, бұрғы қондырғысын қажетті бақылау,
өлшеу аспаптармен, механизмдермен жабдықтау, бұрғылау бригадасының
біліктілігін және еңбек тәртібін арттыру, ұңғы бұрғылаудағы ауыр процестерді
механизациялау болып табылады.
4.
Ең көп кездесетін апаттардың түрі бұл бұрғылау аспабының ұсталып қалуы,
колонкалық, шегендеуші және бұрғылау құбырларының үзілуі жыныс
талқандағыш аспаптың бұралып түсіп қалуы және үзілуі болып табылады.
5.
Қалып қалған аспапты ұстау үшін овешот, метчик және колокол қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: