192
1
2
3
4
5
Кадрлар
әмбебаптығының
дәрежесі
кең
әмбебаптық
әмбебап
мамандан-
дыру
ауқымы аз
мамандан-
дыру
Жұмыс
орнын ма-
териалмен, аспап-
пен, техникалық
құжаттамамен
жабдықтау
өте қиын
қиын
қалыпты
жеңіл
Сапаны бақылау
әдісі
машиналарды
сынау
тораптар-
ды сынау
2.5. ЭЕМ-ды қолдану арқылы машиналарды жөндеу жүйесінің
параметрлерін есептеу және үйлестіру
Соңғы кездері көлікті жөндеу кәсіпорындарында «Машиналар
мен жабдықтарды жөндеудің бейімдеу жүйесі»
атты қолданбалы
бағдарламалардың пакеттік алгоритмдері кеңінен қолданыс табу-
да. ЭЕМ-ды кеңінен қолдану базасындағы жөндеудің бұл бейімдеу
жүйесі ТК мен Ж-ді оперативті жоспарлауды, ұйымдастыру мен
басқаруды машиналардың техникалық
жағдайлары бойынша аз
шығындармен орындауды қамтамасыз етеді. Жөндеудің бұл бейімдеу
жүйесінің қолдану аясына тау-кен, автокөлік және жол-құрылыс,
теміржол салу, метроқұрылысы мен гидроқұрылыс кәсіпорындары
жатады.
Жасалған бірыңғай әдістеме, алгоритмдер мен бағдарламалар ЭЕМ-
да төмендегілерді орындауға мүмкіндік береді:
– машиналарды жөндеу мен пайдалану
бойынша статистикалық
ақпараттарды жинау және өңдеу;
– ықтималдылық-үйлесімділік модельдерінің көмегімен машиналар
және олардың бөліктерінің дифференциалдық жөндеу нормативтерін
бекіту;
– ТК мен Ж-дің жылдық кестесін жасау;
– жөндеудің еңбексыйымдылығын, қосалқы бөлшектер түрлері мен
қажетті
санын есептеу;
– ТК мен Ж-ге жұмсалатын меншікті шығындарды анықтау.
ТК мен Ж-і өткізу мерзімі мен тиімді көлемдері диагностика
деректерін ескере отырып, үйлестіру әдістері көмегімен бекітіледі.
Берілген алгоритм бойынша жасалған жөндеудің бейімдеу жүйесінің
бағдарламалар пакеті темір жол тоннельдері құрылысында пайдаланы-
лады және жақсы көрсеткіштерге ие.
193
Пакеттің «База» атты бірінші бағдарламасы машиналарды
ТК мен нақты жөндеулері және
жұмыстың есептік карточкасы
деректері негізінде статистикалық ақпаратты жинақтау мен сақтауға
арналған.
Пакеттің «Пайдалану» атты екінші бағдарламасы ТК мен Ж-ге кет-
кен нақты еңбек және материалдық шығындар, машинаны пайдалану
тиімділігі жайлы ақпараттылықты қамтамасыз етеді.
Пакеттің «Стат» атты үшінші бағдарламасы ресурстар мен детальдар
сенімділігінің, жинақ бірліктерінің, жалпы машинаның ықтималдылық
сипаттамаларын белгілейді.
Пакеттің «Жөндеу» атты төртінші бағдарламасы пайдалану
жағдайларына сәйкес машиналарды ТК мен ағымдық жөндеудің жылдық
кестелерін, үйлесімді жөндеу нормативтерін жасауға арналған.
Жөндеудің бейімдеу жүйесін енгізу ТК
мен Ж-ді өткізудің
шығындарын азайтуға мүмкіндік жасайды: материалдық – 10%-ға,
еңбек – 10...20%-ға, машиналардың жоспарлы жөндеуде тұру уақытын
10...15%-ға азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: