М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Жөндеу стратегияларының байланысу мүмкіндіктері



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет112/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   149
kulgildinov-kolik

Жөндеу стратегияларының байланысу мүмкіндіктері
Басқару бойынша стратегия
Жөндеу сипаты бойынша стратегия
А
Б
В
I
+
-
+
II
-
+
-
III
-
+
+
А стратегиясы кезінде жөндеуде тұрған машинадан алынған торап-
тар мен детальдар қалпына келтірілген соң сол машинаның өзіне жи-
налады.
Б стратегиясында берілген модельдегі кез келген машинадан 
алынған тораптар мен детальдар жөнделіп болған соң, сол модельдің 
таңдап алынған кез келген машинасына орналастыруға болады. 
Бұл стратегия детальдардың өзара ауыстырымдылық принципіне 
негізделген.
В стратегиясының мазмұны жөндеу процесінде берілген машинаны 
жинау сол модельдің басқа машинасынан шешіліп алынып, алдын ала 
жөнделген тораптар мен агрегаттардан жиналуға негізделген.
Жөндеуді басқаруды ұйымдастыруда да бірнеше стратегия 
қолданылады. Алғашқы кезекте шешілуге тиіс өзекті мәселе – жөндеуді 
орындау кімге бекітілуі керектігін анықтау.
Бірінші стратегия (I) – техниканы жөндеу машинаны пайдаланатын 
мекеменің өзінің жөндеу кәсіпорнының күшімен жүргізіледі.
Екінші стратегия (II) – техниканы жөндеуді осы машина-
ны шығаратын машина жасау саласы атқарады (фирмалық қызмет 
көрсету).
Үшінші стратегия (III) – жөндеуді бұл машиналарды не 
шығармайтын, не пайдаланбайтын арнайы мекемелер жүргізеді (мыса-
лы, арнайы жөндеу басқармасы).
Жөндеу тиімділігіне екі фактордың да (жөндеу сипаты мен басқаруды 
ұйымдастыру) әсері мықты. Мысалы, кешенді стратегияның мүмкін бо-
латын 9 нұсқасының бесеуін жүзеге асыруға болады (2.3-кесте) [17].
I А стратегиясы – толық жинақты машинаның жөндеуін машинаны 
пайдаланатын мекеме меншіктелмеген тәсілмен жүргізеді.


185
I В стратегиясы – толық жинақты машинаның жөндеуін машинаны 
пайдаланатын мекеме меншіктелген тәсілмен іске асырады.
II Б стратегиясы – толық жинақты машинаның жөндеуін меншік-
телген тәсілмен машина жасау саласы атқарады.
III Б стратегиясы – толық жинақты машинаның жөндеуін меншік-
телген тәсілмен арнайы мекеме (жөндеу заводы) орындайды.
III В стратегиясы – машинаны жөндеуді тозған тараптарды ауыс-
тыру тәсілімен арнайы мекеме (жөндеу заводы, механикаландыру 
басқармасы) жүргізеді.
Стратегияның кез келген нұсқасының үйлесімділігін бағалау үшін 
критерийді, яғни осы нұсқаны таңдауға арналған шаманы бекіту қажет. 
Бекітілген шаманың сандық мәні бойынша қарастырылып отырған 
нұсқаларды салыстыруға мүмкіндік болуы тиіс.
Қабылданған критерий машинаны пайдалану мен жөндеуге 
жұмсалған жалпы шығынды үйлестіруі тиіс. Экономикалық тиімділікті 
бағалау кезінде жалпылама көрсеткен ретінде келтірілген шығындарды 
алуға болады:
w

C
a
 + E
H
K
; (2.3)
мұндағы, С
а 
– бір жыл ішіндегі ағымдағы (пайдалану) шығындары; Е
Н
– күрделі қаржы тиімділігінің нормативтік коэффииценті; К – күрделі 
қаржы.
Қарастырылып отырған мысалда «күрделі қаржы» терминіне маши-
наны күрделі жөндеуге жұмсалған шығындар кіреді. Машина күрделі 
жөндеуден өткен соң келесі жөндеуге дейін бірнеше жыл жұмыс 
істеуге тиіс болғандықтан, 
E

·
 
K
көбейтіндісінің сандық мәні бір жылға 
есептегендегі күрделі жөндеу шығындарының үлесіне кіреді (жылдық 
үлес) [17].
Сонымен, жөндеу статратегиясының тиімділік критериі есебінде 
минимал келтірілген шығындар қолданылуы мүмкін:
С
а 

Е
Н
К
→ 
W
min
; (2.4)
Ал стратегия тиімділігіне әсер ететін сапалы көрсеткіштерге 
төмендегілер жатады:
– өндіріс сипаты (типі) – бірліктік, кішісериялы, сериялы, масса-
лы (сериялық деңгей жоғары болған сайын өндірісті мамандандыру 
жағдайлары жақсара түседі);
– өндірісті мамандандыру деңгейі (жөндеу өндірісінің маманданды-
руы жоғары болған сайын жөндеудің еңбексыйымдылығы мен өзіндік құны 
төмен болады). Мамандандыру жөндеу сапасын арттырады және жұмысты 
механикаландыруға жағдай жасайды. Өз кезегінде еңбексыйымдылықтың 
төмендеуі жөндеуге жұмсалатын уақытты азайтады. 


186
– еңбек өнімділігі (оның өсуі механикаландыру деңгейімен тікелей 
байланысты);
– жөндеудің өзіндік құны;
– машинаны жөндеу уақытының азаюы;
– жөндеу сапасын жоғарылату (жұмысты мамандандыру мен меха-
никаландырумен тығыз байланысты);
– арнайы жөндеу мекемесіне бөлінетін шығындар деңгейі;
– материалдық-техникалық жабдықтау жағдайлары;
– машинаны жөндеуге қоюға және жөндеуден алуға кететін тасы-
малдау қашықтығы (бұл көрсеткіш әсіресе құю өндірісінде маңызды 
рөл атқарады).
Тасымалдауға кететін уақыттың азаюы машинаның пайдалы жұмыс 
уақытын ұлғайтады.
Жөндеу стратегиясы көрсеткіштерінің сипаттамасы 2.4-кестеде 
келтірілген. Сондықтан жоғарыда айтылғандарды ескере, III Б және 
III В стратегияларына басымдық бере отырып, стратегияның соңғы 
нұсқасын нақты жағдайларға байланысты таңдау керек.
2.4-кесте

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау