3
КІРІСПЕ
Адамзат қоғамы әртүрлі мақсатқа
арналған тұрақты өнім
шығармайынша және оны үнемі дамытып отырмайынша өмір сүре ал-
майды. Ал өндірісті өз кезегінде машинаның қолданылуынсыз елестету
мүмкін емес. Машиналарды дайындап шығару машина жасау техноло-
гиясы заңдылықтарын қолдануға негізделген адамзат тіршілігінің ерек-
ше саласы болып табылады.
Машина жасау өндірісінің технологиясы әртүрлі технологиялық
үдерістердің (құю, қалыптау, термиялық өңдеу, бояу және т.б.)
жиынтығы болып саналады. Сонымен бірге машина жасау технология-
сы машина жасау өндірісінің соңғы сатысын, яғни дайындамалардың
дайын детальға және жинақ бірлігіне айналуын қамтиды.
«Көлік техникасын өндіру және жөндеу технологиясы негіздері»
атты оқу пәні салалас технологиялық
және техникалық пәндерге
негізделген. Бұл пәнді оқығанға дейін білімгерде материалтану,
конструкциялық материалдар технологиясы, метрология,
өзара
ауыстырымдылық пен стандарттау, машиналарды жобалау негіздері
бойынша мағлұматтар болуы тиіс. «Көлік техникасын өндіру және
жөндеу технологиясының негіздері» пәнінің басты мәні машиналар-
ды жинау мен детальдарды дайындау және жөндеудің технологиялық
үдерістерін заманауи талапқа сай құрастыра білуді үйретуде бо-
лып табылады. Оқулықтағы оқу материалдары технологиялық та,
конструкторлық та мамандықтар бойынша білім алатын студенттерге
арналып жазылған.
Машина жасаудың жалпы қағидаларына сәйкес оқулықта машинаны
жинау мен оның детальдарын дайындау және жөндеудің сапасына ерек-
ше назар аударылған. Сапа мәселесі машинаны шығару мен жөндеудің
технологиялық үдерістерін автоматтандыру негізінде шешілген.
Технологиялық үдерістерді құрастыру барысында электрондық есеп-
теу машиналарын пайдалану машина жасау технологиясының ғылым
ретінде дамуындағы жаңа саты болып есептеледі.
Машина жасау республика экономикасының маңызды салаларының
бірі болып табылады. Өнеркәсіптің, құрылыстың,
көліктің әр
саласындағы жаңа машиналар мен механизмдерді пайдаланудың
экономикалық тиімділігі осы саланың дамуымен тығыз байланысты
болады. Машина жасаудағы технологиялық үдерістерді жетілдіру көлік
техникасын жасау саласының жедел дамуына әсерін тигізеді. Көптеген
жаңа машиналар жасалды, атап айтар болсақ, жол төсемелерін жылдам
салатын шынжыр табанды машиналар жиынтығы, автоматтандырылған
бетон және асфальтараластырғыш қондырғылар, өнеркәсіптік трактор-
лар базасындағы жоғары өнімділікті бульдозер-қопсытқыштар, жүк
4
көтеру крандарының, автомобильдердің, қуатты локомотивтердің жаңа
модельдері.
Саланың бүгінгі таңдағы шешетін стратегиялық мәселелеріне жаңа
техника жасау және тозған
негізгі қорларды жаңарту, жаңа технология-
ларды іске асыруды жатқызуға болады. Еліміздің көліктік кешеніндегі
маңызды мәселелердің бірі – негізгі қорларды, яғни көлік өндіретін
заводтардың технологиялық жабдықтарын техникалық тұрғыда жаңарту
болып саналады.
Қазіргі кезең көліктің арнайы түрлерін, оның ішінде машина жасау
мен құрылыс индустриясын осы саладағы шетелдік фирмалармен коо-
перациялау негізінде сапасы жоғары жаңа көлікті өндіруді дамытумен
сипатталады.
Механикаландыру саласына қойылатын өндірістік, технологиялық
және экономикалық талаптар сан алуан, ал әсіресе нарық жағдайында
кереғар пікірлер (мысалы, машинаның қуатын арттыру және массасын
азайту) болады, бұл машинаның конструктивтік
массасын азайтуға
мүмкіндік беретін болаттар мен басқа да материалдардың жаңа да сапа-
лы маркаларын қолдануға жағдай жасайды.
Машина жасауда гидравликаланған, автоматтандырылған маши-
налар өндіру көлемін өсіру жоспарлы түрде жалғасуда. Соңғы жылда-
ры ҚР президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» бағдарламасына
сәйкес еліміздің көлік саласындағы техникалық оқу орындарында
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кеңінен қолға алынған.
Қазіргі
отандық экономиканың құрылымдарын қайта құру заманында ма-
шина жасау өндірісін техникалық қайта жарақтау көлік техникасын
жасаудың әлемдік нарыққа сәйкестенген материалдық базасын құруды
қамтамасыз етуге тиіс.