І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
52
тастармен әшекейленген тақ орналасқан», – деп сипаттаған. «Алтын Орда»
терминінің ХІV ғасырда орыс жерлерінде күнделікті тілде қолданылғанына
күмән келтіруге болмайды, дегенмен сол уақытта жазылған жылнамаларда
бұл сөз тіркесі кездеспейді. Бұл кезеңде орыс жылнамашылары «алтын» сөзін
жақсылықтың, қуаныш пен жарықтың синонимі ретінде қолданғандықтан,
бұл сөзді өздерін «езгіге» ұшыратқан мемлекетке қатысты қолданудан бой-
ларын аулақ ұстаған болулары да ықтимал. Сондықтан «Алтын Орда» атауы
жылнамаларда моңғол жаулап алушылығының барлық қорқынышы ұмытыла
бастаған кезеңде ғана айналымға енген деуге негіз бар.
Ал енді Алтын Орданың Моңғол империясындағы орны туралы мәселеге
тоқталайық. Алтын Орда құрылған кезінен бастап дербес мемлекет ретінде
өмір сүрген емес, сондай-ақ оның билеушілері де тәуелсіз басшылар ретінде
саналмады.
Алғашында, Жошы және оның ұрпақтарының иеліктері мен
басқа да моңғол ханзадаларының иеліктері заң жүзінде әкімшілік орталығы
Қарақорым болған біріккен империяны құрады.
Бұл жерде қалған хан Яссы заңының баптарының бірінде көрсетілгендей,
моңғолдар жаулап алған барлық аумақтардан түскен табыстардың бір бөлігін
алып отыруға құқылы болды. Мұндай жүйенің болуы үлкен империяның
ыдырауын болдырмау үшін ойластырылған еді. Тек орталық билік болып
саналатын Қарақорым ғана маңызды экономикалық және саяси мәселелерді
шешетін болған. Империяның шет аймақтарынан аса алыс орналасқан ор-
талық биліктің алғашқы кезеңде беделді
болуы тек Шыңғыс ханның абы-
ройы мен даңқының арқасында ғана байланысты болды. Тек осы жағдайға
қатысты ғана Бату және Берке хандар Қарақорымға байланысты «әділеттілік,
бағыныштылық, достық пен бірлік» жолын бұзбай ұстанып отырды.
ХІІІ ғасырдың 60-жылдарында Қарақорым тағы үшін Құбылай мен Арықбұға
арасында күрес басталды. Жеңіске жеткен Құбылай астананы Қарақорымнан
Қытай территориясына Ханбалыққа (Пекин) ауыстырды. Бұл уақытта Алтын
Орда билеушісі, Арықбұғаны қолдаушы Меңгу-Темір осы сәтті пайдаланып
Моңғолиядағы астананы, Шыңғыс ұрпақтарының қара шаңырағын тастағанына
байланысты Құбылайды бүкіл империяның билеушісі ретінде мойындаудан бас
тартады. Осы уақыттан бастап ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты Ал-
тын Орда өзінің толық тәуелсіздігін алды. Империя жеке бөліктерге бөлініп кетті.
Алтын Орда саяси егемендігін алған кезде мемлекеттің осы күнге дейін
құрылған және біршама жақ сы дамыған ішкі мемлекеттік жүйе сі болды. Бұл
жүйе Шыңғыс ханның Моңғолияға орнатқан жүйесінің кө шірмесі бол ған дығы-
на таңғалуға болмайды.
Мем лекет-
тің кейбір аудандарында Ба тудың
бауырлары басқарған же ке ұлыстар
болды. Шыңғыс хан мемлекеті да-
муының ерте кезеңін
дегі сияқты
Бату да өз бауырларына ұлыстар
бөліп берді.
ХVІІ
ғасырдағы белгілі та-
рихшы Әбілғазы қызықты факт
кел тіреді. Шығыс Еуропаға моң-
ІІ тарау. Алтын орда (Жошы ұлысы) және оның Қазақстан тарихындағы маңызы
53
ғол дар шабуылы аяқтаған соң олар Дешті Қыпшаққа қайтады. Бату өзінің
ағасы Орда Еженге бұл жорықтың аяқталуына сен көмектестің деп оған
15 мың отбасынан тұратын халықты бөліп берген. Сонымен, Алтын Орданың
құрылған кезеңінде Жошы ұлысы Жошының 14 ұлына бөлініп берілді. Әр
ұлыстағы ханзада өзін жеке билеуші ретінде есептеді. Алтын Орданың құлау
уақытында бұл тенденция айқын көрінді. Бату билік құрған кезде бүкіл Жошы
ұлысының бірлігі сақталды. Әрбір билеуші ханға қызмет көрсетті. Террито
рияны бөлумен бірге мемлекеттің басқару аппараты құрылды. Алтын Орданың
Бату мен Берке хандар билеген кезеңін ұйымдастыру кезеңі болды деуге бола-
ды. Бату жалпы мемлекет заңдарының негізін қалады, оны қалған хандар
сақтады. Ақсүйектердің
иеліктері қалыптасты, шенеуніктер аппараты пайда
болды, барлық ұлыстарды байланыстыратын пошта қызметі жұмыс атқарып,
салықтар мен міндеткерліктердің мөлшері мен түрлері тұрақтанды. Бату мен
Берке хандар билігі абсолютті хан билігінің жарқын көрінісі болды. Билік
пирамидасының ең басындағы хан далада көшіп қонып жүрген, туыстары және
әйелдерімен бірге жылжымалы ордасында өмір сүрді. Хан мемлекет істері
бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырды.
Жеке салалар бойынша көптеген шенеуніктер қызметін құру керек бо -
латын. Алтын Орданың мемлекеттік жоғарғы басқару әкімшілігінде ең жо-
ғарғы екі қызметі қалыптасты. Бірінші – беклербек, ол қолына іс жүзінде
бүкіл билікті шоғырландырды. Ол әскердің қолбасшысы болды. Сондай-ақ
басқа мемлекеттермен
дипломатиялық қызметті бақылап, жоғарғы сот
инстанциясының құқықтарын иеленді (бұлайша бар билікті бір адамның
қолына шоғырландыру олардың шын мәнінде Ноғай, Мамай сияқты дербес
билеушілерге айналуына да әкеліп соқты).
Екінші жоғарғы мемлекеттік қызмет – уәзір, оның қолында жоғарғы
атқарушы билік болды. Орталық органы диван деп аталды және хатшылар
басқаратын палаталардан (қаржы, салық, сауда және мемлекеттің ішкі саяси
өмірінің басқа да салалары) тұрды. Олардың негізгі қызметі салық жинау
және жаулап алынған халықтардың сыйлықтарын қабылдап алу еді.
Басқару сатысында беклербек және уәзірден кейінгі сатыда әскербасшы-
лар – ұлысбегілер (әмірлер, мыңдық басшылары, түмендіктер)
және шенеунік-
тер тұрды. Басқару аппаратына байланысты қызметтер: шекарашы – тамға жи-
наушы, таразшы – салық жинаушы, елші – жиналған алым-салықтарды Ордаға
алып келуші және дипломатиялық қызметтерді орындаушы қуғыншы, бұқала –
шекаралық қарауылдардың басшысы, тақтұла – пошташы, жәмшік қызметінің
басшысы. Бұдан басқа жарлықтарда ұсақ қызметтер – құсшы, тасымал-
даушы, базар бақылаушысы туралы мәліметтер де кездеседі. Алтынордалық
шенеуніктер категориясын және олардың иерархиясын бізге дейінгі жеткен хан
жарлықтары мен грамоталарындағы титулдарды зерттеу арқылы Г.А. Федоров-
Давыдов орнатқан болатын.
Достарыңызбен бөлісу: