Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет21/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Профессор­
Т.­Омарбековтің­
деректер­негізінде­
салған­портреті


ІІ тарау. Алтын орда (Жошы ұлысы) және оның Қазақстан тарихындағы маңызы
49
жазда біріккен литов-моңғолдық әскерлері Алтын Орда аумағына енеді де,
12 тамызда Ворсклы өзені бойында ордалықтар тарапынан қатал талқандалды. 
Жылнамашылардың айтуы бойынша Вивовттың өзі шайқас алаңынан әрең 
құтылды, үш күн бойы орманда жалғыз казактың көмегімен адасып жүреді. 
Тоқтамыс өз отрядымен Сібірге қашады. Алайда Темір Құтлық жеңісін 
ұзақ тойлай алмай 1399 жылы қайтыс болады. Едіге таққа оның кіші інісі 
Шадибекті алып келеді. Жаңа хан мен беклербектің жағдайы жеңіл болмады, 
өйткені өз ұлдарымен Сібірде жасырынған Тоқтамыс үлкен отау құрып, тіпті, 
Әмір Темірмен қатынасын түзете бастаған-мыс. 
Істің былай бұрылуынан уайымдаған Едіге 1404-1405 жылдары Тоқтамысқа 
қарсы үлкен әскерімен шабуыл жасайды. Бірақ мұнысы сәтсіздікпен аяқталады. 
Ханның жеңілуін пайдаланған Тоқтамыс Түмендегі қала сыр тындағы резиден-
циясында әскерсіз қалады. 1406 жылы қаңтарда Едіге ханды ұстап өлтіреді.
Едіге Сібірде жүрген шақта Шадибек хан өзінің қатал беклербегінен 
құтылмақ болады. Расында, бұл уақытта мемлекетте Едігенің билігі күш ті бо-
лып, тарихшы Ибн Арабшахтың айтуы бойынша «сұлтандыққа кім ді қаласа 
соны көтерді, қалаған кезде бұйрық берді, ешкім оған қарсы тұр мады, шекара 
сызды ешкім одан өтпеді». Едігенің мұндай барлық билікті иеленуі Шадибек 
айналасындағы әмірлердің ызасын тудырды. Хан Едігені беклербек лауазы-
мынан айырды, бірақ Хорезмді иеленіп үлгерген күшті әмір Сарайға қайтып 
келіп, Шадибекті қуып шықты. Таққа Полат ханды отырғызды. 
Едіге барынша Алтын Орданың ең алдымен Русь және Литва алдында 
бұрынғы беделін қайтармақ болды. Осы мақсатта ол Ордаға Твер князьда-
ры Иван Михайлович пен Юрий Всеволодовичті шақырады. Олар өзара ұлы 
князьдыққа таласқан еді. 1408 жылы Полат ханды Литваға жібереді. Алайда 
Орданың ішінде Едігенің істері оңай болмады. Тоқтамыстың ұлдарының бәрі тірі 
еді. Солардың бірі Желал-ад-дин Полатты тақтан тайдырмақ болады. Едіге қуған 
Желал-ад-дин Мәскеу князы Василий Дмитриевичтің қор ғанына қашып барады. 
Бұл моңғолдардың 1409 жылы желтоқсанда Мәс кеуге жорығына себеп болады. 
Бұл жорықта Коломна, Переяславль, Юрьев, Ростов, Дмитров, Серпу-
хов, Нижний Новгород сынды орыс қалалары басып, тоналды. Едігенің өзі 
Мәскеуді қоршады, өзіне көмекке Твер князы Иван Михайловичті шақырды. 
Қоршау ұзаққа созылып, Едіге Желал-ад-диннің Литваға Вивовт князьға 
қашып үлгергені және оның көмегімен Полат ханды талқандап Қырымда 
билікке келгені жөнінде хабар естіді. Едіге қоршауды тастап, Мәскеуден 
3000 рубль өтемақы алып, Жайыққа қайтты.
Бұл жолы Едіге таққа Темір Құтлықтың ұлы Темір ханды алып келді. 
Сонымен қоса ханмен туыстық қатынас орнату үшін Едіге Темір ханға өз 
қызын береді. Алайда Темір Құтлық толықтай Едігеге қарсы коалицияда 
болып, Едіге Сарайдан кетіп, Сарайшыққа қашты. Ол жерде оны Темір хан 
қуып жетіп, әскерін талқандады. Едігенің өзі Хорезмге қашты, ал Темір 
Құтлық әскері Үргенішті қоршауға алды. 
Бұл Темірдің тактикалық қателігі болды. Едігені талқандау мақсатында 
ол Желал-ад-динді қараусыз қалдырды. Темірдің жоқтығын пайдаланып 
Желал-ад-дин Сарайда, Алтын Ордада билікті өз қолына алады. Қысқа 
уақытқа Едіге үшін күрделі жағдай туды: оған қарсы өзара қырқысқан екі 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
50
қарсыласы болды. Көп ұзамай Темір ханды өзінің сатқын әмірлерінің бірі 
өлтіреді, Ордада Хорезмнен басқа барлық жердегі билік Желал-ад-динге 
өтті. Оның да Едігені жеңетіндей күші болмай соғыс созылды. Үргенішті 
қоршау темірлік Шахрухтың өз әскерімен келуіне дейін жалғасты. Ол 
Хорезмнен екеуін де қуып шықты: Желал ад-дин Ордаға қайтып батыс 
ұлыстарын реттеді, Едіге өзінің Жайықтағы ұлысына қайтты. 
Біраз уақытқа Желал-ад-дин Алтын Орданың бұрынғы беделі мен күшін 
қалпына келтірді. Тоқтамыстан кейін енді ғана орыс князьдары ханға бас июге 
барып отырды, 1412 жылы ордалық князь сарайына мәскеулік князьдар Васи-
лий Дмитриевич, тверлік князь Иван Михайлович, новгородтық, ярославтық 
князьдар сыйлықтарымен жиналды. Желал-ад-диннің күшеюі Тоқтамыстың 
көптеген ұрпақтарының қызғанышын тудырып, 14 ай билік еткен соң Желал-
ад-динді тақтан тайдырып, туған бауыры Керімберді өлтіреді.
1408 жылы тақты алуға тырысқан Василий Дмитриевич пен ағасының 
істерін еске ала отырып, Керімберді сыртқы саясатында Мәскеу князын Лит-
ва солтүстік-батыс жерлермен соғысында қолдаған. Вивовт өз кезегінде Орда 
тағына үміткер екінші оғлан Бетсабулды қолдайды. Алайда Бетсабул ұстап 
алып, өлтірілді. Керімбердінің өзі де 5 ай билік етіп, 1412 жылы інісі Кебек 
өлтіріп тақтан тайдырды. Кебек өз атынан монеталар шығара бастады. 
Тоқтамыс ұрпақтары өзара Ордадағы билік үшін таласты. Сарайшықта оты-
рып Жошы ұлысында өз билігін қалпына келтіруге тырысты. 1416 жылы оның 
әйелі Меккеге қажылыққа көп байлықпен барғандығы туралы деректер бар.
1418 жылы Едіге Сарайшықта Алтын Орда ханы етіп Дервишті көтереді. Оның 
атымен Едіге сарайдан Вивовт көмегімен отырғызған ханды құлатады. Жаббар-
дың артынан жүре отырып Едіге Қырымға кіріп, генеуэз қалаларын қоршады.
Тоқтамыстың соңғы ұрпақтары осылайша Алтын Ордадан қуылып, 
литвалық ұлы князьдың қолдауын тапты. Литвамен ашық соғысуға мүм-
кіндігі болмаған Едіге 1419 жылы Вивовтқа бай сыйлықтармен бейбітшілік 
ұсынысын жасайды. «Вивовтқа Едіге жазады: ұлы князьды ескермей қал-
дыра алмадым, сондықтан қалған өмірімізді бейбітшілікте өткерейік. Ал 
арамызда аққан қанды жер жұтты, ашу-ызаны жел ұшырды, соғыстың оты 
жүрегімізді ызадан тазартты, ал су өртті өшірді».
Вивовттың бұл ұсынысқа қалай жауап бергені белгісіз, бірақ Литвадан 
жасырынып жүрген Тоқтамыс ұрпағы Қадірберді бұны әлсіздікке бағалап 
1419 жылы литва және қырым татарларынан құрылған әскерді басқарып 
Едігеге шабуыл жасады. Сарайшық маңында шайқас екі қарсылас үшін 
түсініксіз болды: Қадірберді қатты жарақат алып, қайтыс болды, ал Едіге 
жараланып жеңілдім деп ойлап шайқас алаңынан қашты. Қалыптасқан тү-
сініксіздікте Қадірбердінің әмірлерінің бірі Едігемен жолығып қалған дығы 
жайлы ибн Арабшах жазады. «Өзінің адамдарына Едіге шабуыл жасауды 
бұйырды, оны бөлшектерге бөліп тастады». Осылайша, өзінің өмірінің
63 жылы құлап бара жатқан Алтын Орданың беделі мен күшін қалпына кел-
тіруге тырысқан ордалық ақсүйектерінің жарық өкілі өлтірілді.
Едігенің өлімі ордалық хандардың ұлы державалық саясатының аяқтал-
ғанын білдірді. Оның тірі кезінде Жошы әулеті өкілдері өздері қаламаса 
да беклербектің күшінің алдында санасатын еді. Ол мемлекеттің құлау 
үдерісін тежеген еді. Едіге қайтыс болған соң Орданың орталық тенден- 


ІІ тарау. Алтын орда (Жошы ұлысы) және оның Қазақстан тарихындағы маңызы
51
циялары бұзылып, Орда еуразиялық саясатта шешуші фактор болмады. 
Енді Орда көбіне қиратылған көшпелі ұлыстарға ұқсады.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау