ІІІ тарау. Қазақстан аймағы Шағатай ұлысы құрамында
55
себебіне Жетісудың керемет жайылымдарының
көшпелілерді үнемі қызықтырып отыруынан деп
түсіндіреді. И.П. Петрушевский моңғол билеуші
тобы арасындағы бірінші бағыттың салдарына
Иран,
Қытаймен қоса, Жетісуды да жатқызады.
Моңғол билеуші тобы арасында қалыптасқан
екінші бағытты сарайдағы қызметтері арқылы хан
әулетіне жақын болған көшпелі әскери топтың
аздаған бөлігі мен орталық мемлекеттік биліктің
жергілікті өкілдері, сондай-ақ мұсылман дінба-
сы лары, саудагерлер тобы қолдайды. Екінші топ -
тың мақсатына хандық билігі бар күшті орталық -
тандырылған мемлекеттік жүйені құру, сол арқы -
лы көшпелі әскери топ арасындағы орталықсыз-
дану, шеттеу ниетті жою жатты. Ол үшін де хан-
дық билік бағындырылған
елдердегі феодалдық
топтың жоғарғы бөлігімен жақындасуы, қалалық өмірге, саудагерлерге,
сау да-саттыққа
қолдау көрсетуі, моңғол жаулаушылығы кезінде қираған
өндіргіш күштердің, әсіресе ауыл шаруашылығын қалпына келтіруі, тұрақ-
ты салық пен міндеткерлікті сақтауы, әр түрлі талан-тараждардан сақтауы
қажет болды. Бірінші бағыт моңғолдар үстемдігінің алғашқы кезеңінде
жетекші орынға ие болып,
оны Шыңғыс ханның өзі, Күйік қаған, ұлыс
билеушісі Шағатай хан қолдаса, екінші бағытты қағандар арасында Үгедей
қаған (1227-1242), Мөңке қаған (1251-1259) жақтап отырған.
Шағатай,Жошыұлыстары
Профессор
Т.Омарбековтің
деректернегізінде
салғанпортреті
І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
56
Ұлыс билеушілері арасында Дешті Қыпшақтың билеушісі Жошы хан
екінші бағытты қолдағанын Джузджанидің дерегінен көруге болады. Ол
бойынша Жошы әкесінің бағындырылған елдердегі жаппай қырулар мен то-
науларды жүргізуін сынға алған, мұсылмандарға көмектесуді ойластырған.
Екі бағыт арасында жабық түрде болса да үнемі күрес жүріп отырады.
И.П. Петрушевскийдің көрсетуі бойынша екінші бағыт Хулағу мемлекетінде
Газан хан тұсында, ал Шағатай мемлекетінде Кебек хан тұсында (1318-
1326) жеңіске жетеді.
Моңғол билеушілері арасындағы екі бағыт жөнінде пікір айтушылар,
негізінен Иран, Мәуереннахр, Хорезм аймақтарындағы тарихи жағдайларға
сүйенсе де, екі бағыттың Жошы ұлысының, оның ішінде сол қанатқа жататын
Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы тарихи жағдайға қатысты екендігін де
мойындауымыз керек. Бірақ та Шығыс Дешті Қыпшақтағы географиялық,
шаруашылық, қоғамдық қатынастардың аталған аймақтардағы қатынастар-
мен өзіндік ерекшеліктердің болуына байланысты
екі бағыттың арасал-
мағында да өзгешеліктер байқалады. ХІІІ ғасырдың 70-жылдарына дейін
моңғолдың ұлы қағандарының жергілікті халықтарға қатысты жүргізген сая-
саты бүкіл империяға ортақ болып, екі ағым арасындағы айырмашылықтар
бірден байқалса, Жошы ұлысындағы хандардың
саясатынан біз алғашқы
кезден-ақ екінші бағыттың басымдылықта болғанын аңғарамыз. Оның басты
себебіне Жошы ұлысындағы жергілікті тайпалардың шаруашылық өмірінде
көшпелі мал шаруашылығының жетекші орында тұруы жатса керек.
Парсы тарихшысы Джузджани осы жөнінде Жошының көзқарасын
мынадай дерекпен көрсетеді: «Шыңғыс ханның үлкен ұлы Туши (Жошы-
ны айтып отыр –
Б.К.
) Қыпшақ жерінің ауасы мен суын көріп, жер бетінде
бұл жердің жерінен артық, ауасынан таза,
суынан дәмді, жайылымдары-
нан кең жер жоқ деп білді. Оның басына әкесіне қарсы тұру туралы ойлар
келіп, жанындағыларға былай дейді: «Шыңғыс хан ақылынан ауысып, сон-
шама халықты қырып, соншама елдерді жойып жатыр. Менің ойымша, ең
тиімдісі әкемді аң аулауда көзін жойып, Мұхаммед сұлтанмен жақындасу,
бұл елді гүлдендіру және мұсылмандарға жәрдемдесу болып табылады».
Джузджанидің бұл дерегі Жошының қандай бағытты ұстанғандығын бір-
ден-ақ байқатып тұр.
Жошы ханның мұрагері болған Бату туралы парсы тарихшылары
Джузджани де, Джувейни де екі түрлі дерек айтса да, біз одан Батудың
бағындырылған халықтарға қатысты екінші бағытты ұстанғандығын бай-
қаймыз. «Ол (Бату) өте әділетті адам және мұсылмандардың досы болды;
оның қамқорлығы арқасында мұсылмандар өмірін еркіндікте өткізді. Оның
ордасы мен жұртында мешіт салынып, имамы, муэззині, намазға жығылатын
қауымы болды. Оның патшалығы тұсында және оның тірі кезінде мұсылман
елдеріне оның жағынан,
оның қоластындағылар, оның әскері тарапынан
ешқандай жаманшылық болған жоқ. Түркістан мұсылмандары оның қор-
ғаштауы арқасында тыныштық пен қауіпсіздікте өмір сүрді. Моңғолдарға
бағындырылған Иран жерінің белгілі бір бөлігі оған қарады, ол жерлерге
(Бату) өзінің басқарушыларын тағайындады. Барлық моңғол басшылары
ІІІ тарау. Қазақстан аймағы Шағатай ұлысы құрамында
57
мен қолбасшылары оған бағынды, оған әкесі Жошы секілді қарады», – деп
сипаттама береді «Табакат-и Насири» кітабының авторы. Ал
келесі бір
парсы тарихшысы Джувейнидің Батуу жөніндегі пікірі өзгешелеу. Соған
қарамастан оның пікірінен де Бату ханның жергілікті бағындырылған
халықтарға байланысты әкесі Жошының жолынан ауытқымағандығын
көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: