Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет30/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Алтын­Орданың­ыдырауы
Енді Ақ Орда Алтын Орданың ыдырауы кезеңіндегі тарихына тоқта-
лайық.
­
Шымтай ханнан соң билікке оның мұрагері Орыс хан келеді. Қа-
дырғали Жалайыри, Му’ин ад-дин Натанзи оған батыл мінезді, күшті әрі 
құдіретті билеуші деп баға береді. Орыс хан тұсында Ақ Ордадағы хандық 
билік күшейіп, ол Алтын Орда тағына белсенді түрде ұмтыла бастайды. 
1368 жылы «державаның тіректері мен сарай шонжарларының» қолдауына 
сүйенген Орыс хан Еділ бойына жорыққа аттанады. Ол 1374-1375 жылы 
Сарай қаласын алып, Қажы-Тарханды (Астраханды) қоршайды.
Алайда Орыс хан Алтын Орда тағында ұзақ бола алмады. Ол Сарайдағы 
билігін нығайту үшін Алтын Орданың батыс бөлігінде едәуір билікке қол 
жеткізген Алтын Орданың уақытша билеушісі, хан әулетіне күйеу болып 
саналатын Мамайды ығыстыра алмады. Орыс 1-2 жылдан соң Сырдың 
орта ағысы бойына қайтып келеді. Мұнда ол 1370 жылы Мәуереннахрдың 
билеушісі болған Әмір Темірдің жорықтарына қарсы тойтарыстар ұйым-
дастыруды қолға алады. Орыс хан өзін қолдамаған Маңғыстау билеушісі 
тұқайтемірлік Тайқожа оғланды жазаға тартады. Оның ұлы Тоқтамыс қа-
шып кетіп, Әмір Темірді пана тұтады. Мәуереннахр әмірі болса өзінің
жоспарын жүзеге асыру үшін Шыңғыс әулетінің біріне әскери көмек беріп, 


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
70
екіншісіне айдап салады. Тоқтамыстың Ақ Ордаға жасаған алғашқы жо-
рықтары еш нәтиже бермеді. Орыс хан 1377-1378 жылы қайтыс болып, ор-
нына үлкен ұлы Тоқтақия отырады. Оның билігі ұзаққа созылмай, 2-3 айдан 
соң қайтыс болады. Орыс ханның екінші ұлы Темірмәлік таққа ие бола-
ды. Ол Сауран түбінде Тоқтамысты кезекті бір жеңіліске ұшыратқанымен, 
Темірдің көмегіне сүйенген Тоқтамыс ақыры 1378 жылы Орыс ханның 
ұлын жеңіп, Сығанақты басып алады. Сығанақта ол 1378, 1380 жылдары 
ақша шығарады. 
Әмір Темірдің тікелей көмегімен Ақ Ордадағы билікті қолына алған 
Тоқтамыс Жошы ұлысының шығыс және батыс бөліктерін біріктіру саяса-
тын ұстанады. Тоқтамыс өзін Сығанақта Ақ Орданың ханы деп жариялайды 
да, 1380 жылы Жошы ұлысының батыс бөлігін тез бағындырады. Сөйтіп, 
Тоқтамыс ханның Алтын Ордадағы 15 жылдық билігі басталады. Тарихта 
Тоқтамыстың Алтын Ордадағы билік құрған жылдарын «уақытша күшею» 
жылдары деп атайды. 1395 жылы Тоқтамыс хан Әмір Темірден күйрей 
жеңіліс тауып, Сарайдан қашып Сібір жаққа кетеді.
1395 жылы Әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы күресіне Орыс ханның 
ұлдарының бірі Қойыршақ та қатынасады. Алтын Орда ханын жеңіліске 
ұшыратқаннан кейін Қойыршақ Мәуереннахр билеушісінің қолдауымен Ақ 
Орданы иеленеді. Ешбір жазба дерек Қойыршақтың Ақ Ордада қай жылда-
ры, қанша жыл билік құрғаны, қандай саясат жүргізгені жөнінде ешқандай 
мәлімет бермейді. Әбдіразақ Самарқанди 1412-1413 жылы Хорезмге байла-
нысты болған оқиғаларды баяндау барысында Едіге бимен бірге Шыңғыс 
оғланның есімін атайды да, 1416-1417 жылы Тоқтамыстың ұлы Жаппар-
берді сұлтанның Шыңғыс оғланды жеңіп, Өзбек ұлысын иеленгенін жа - 
зады. Осы мәліметке қарағанда Қойыршақтан кейін Едігенің қолдауымен 
Орыс хан ұрпақтарының бірі Шыңғыс оғлан Ақ Ордада отырған болуы 
мүмкін. Ал осы оқиғалардан кейін Ақ Орданың тарихында алғаш рет 
Қойыр шақтың ұлы Барақтың есімі кездесе бастайды. 
Ортағасырлық авторлар Барақты батыр, жігерлі тұлға ретінде сипаттай-
ды. Ол XV ғасырдың 10-жылдарының аяғында Шығыс Дешті Қыпшақ аума - 
ғындағы ішкі өзара күрестерге белсене араласып, көзге түседі. 1418/1419 жы - 
лы Барақ хан Алтын Орда тағы үшін Ұлық Мұхаммед ханмен күресіп, одан 
жеңіледі де, Ұлықбектің қолдауына сүйенуге мәжбүр болады. Әбдіразақ 
Самарқанди Барақ оғланның Самарқандқа келген мезгілін 1419 жылдың ма-
мыры деп көрсетеді. 1422-1423 жылы Барақтың Алтын Орда тағын иеленгенін 
деректер хабарлайды. Бірақ та Сарайда ұзақ билік құра алмай Барақ хан 1425-
1426 жылы Сыр бойына оралады. Сыр бойындағы қалалар бұл кезде темірлік 
әулетке бағынышты еді. Ұлықбек пен Барақ хан арасында Сырдың орта ағысы 
бойындағы қалалар үшін күрес басталады. Келесі жылы екі жақ арасында 
үлкен шайқас болып, әскерінің көптігіне қарамастан Мәуереннахр билеу - 
шісі жеңіліс табады. Барақ хан да Сыр бойында ұзақ билік жүргізе алмады. 
1428 жылы ол тақ үшін таласқан қарсыластарының қолынан қаза табады. 
Осылайша, Барақ ханның қаза табуымен Шығыс Дешті Қыпшақ ау-
ма ғындағы Орда Ежен әулетінің билігі саяси биліктен бірнеше ондаған 


IV тарау. Шығыс Дешті-Қыпшақтағы XIV-XV ғасырлардағы этносаяси өзгерістер
71
жылдарға шеттетіледі. Тек қана Керей мен Жәнібек хандардың жүргізген 
күресі жеңіспен аяқталып, олардың XV ғасырдың 70-жылдарының басында 
жаңа сападағы мемлекет – Қазақ хандығын құруымен Ордаежендік әулет 
билікке қайта оралады. 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау