РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
17
қанағаттандырудағы бірегейлігі неде?
«8.2.13.2 білім беру қызметтер нарығын дамытудың перспективті талдауы».
• Білім беру қызметтер нарығын дамытудың перспективті талдауы (да-
муды, келешек дамуды жоспарлауды талдау) ЖОО-ның стратегиясындағы
қандай бөлімдерінде, пункттерінде және мақсаттарында қолданылады? Осы
талдау негізінде стратегияның шеңберінде қандай қорытындылар жасал-
ды? Перспективті талдаудың қорытындылары стратегия шеңберінде қандай
мақсатпен қолданылады?
«8.2.13.3 ЖОО қызметінің басым бағыттары».
• ЖОО қандай қызмет түрлерін дамытады, қайсыларын бірінші кезекте және
неге дәл осыларды?
• ЖОО қандай қызмет көрсету түрлерін дамытады және неге осыларды?
• ЖОО стратегияға кірмеген тағы да қандай қызмет түрлерін ұсынып, дамыта
алады? Олар неге стратегияға енбей қалған?
«8.2.13.4 ЖОО-ның жалпы жағдайы мен стратегиясын жүзеге асырудағы
жетістіктерді талдау».
• ЖОО өзінің ағымдағы жағдайын, атап айтқанда, қолжетімді ресурстарды,
инфрақұрылым жағдайын, ӘБҚ мен ПОҚ-тың жұмыс үдерісі мен оқыту үдерісін
оңтайлы ұйымдастыру үшін инфрақұрылымның жеткіліктігін, ЖОО-ның тұрақты
дамуы үшін қаржы ресурстарының жеткіліктігін және т.б. қалай талдайды?
• ЖОО өзінің сыртқы ортаға қатысты жағдайын, атап айтқанда, алып отырған
нарық тауашасы мен үлесін, мүдделі тұлғалардың негізгі топтарымен қарым-
қатынасты қалайша талдайды?
• ЖОО өзінің ағымдағы жағдайын жақсарту үшін нені тиімдірек жасауы
мүмкін?
• Миссияны жүзеге асыру мониторингін кім жүргізеді және оның жүзеге асу-
ын кім қадағалайды? Бұл үдеріс қалай жүргізіледі және стратегиялық жоспарлау
үдерісінде осы іс-әрекеттің нәтижелері қалай қолданылады?
• ЖОО үшін стратегияны сәтті жүзеге асыру дегеніміз не? Сәттілік қалай
анықталады?
«8.2.13.5 тәуекелдер мен олардың алдын алу тетіктерін талдау».
• Стратегияда ықтимал тәуекелдер қалай есепке алынған: мысалы, стратегия-
ны түпнұсқалық түрде жүзеге асыруға тосқауыл болатын сыртқы ортада өзгерістер
пайда болса, қаржылық дағдарыс және т.б., ЖОО не істейді?
• Стратегия шеңберінде қандай тәуекелдер есепке алынған?
• Стратегия шеңберінде қандай тәуекелдер есепке алынбаған және неге?
• ЖОО жалпы ықтимал тәуекелдердің алдын қалай алмақ?
• Стратегияда тәуекелдердің алдын алудың қандай тетіктері есепке алынған?
• Стратегия анықталған тәуекелдер болған жағдайда стратегиялық мақсаттарға
жетудің баламалы жоспарларын қамтиды ма? Қандай жоспарлар?
«8.2.13.6 қолда бар ресурстар мен қойылған мақсаттарды іске асыру үшін
олардың жеткіліктігін талдау».
• ЖОО қолда бар русерстар туралы (қаржылық, инфрақұрылымды, кадрлық,
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
18
зияткерлік) ақпаратты қандай түрде сақтайды және үнемі қайта қарастырады?
• Қолда бар ресурстар туралы ақпарат қандай жиілікпен жаңартылады?
• Стратегиялық мақсаттарды адекватты түрде жүзеге асыру үшін қолда бар
ресурстардың шынында жеткіліктігін ЖОО қалай түсінеді?
• Стратегияның мақсаттарын жүзеге асыру үшін осылармен жиі шектелетін
қаржылық, кадрлық және инфрақұрылымдық ресурстар сияқты дәстүрлі ре-
сурстардан мүлдем басқа ресурстар қажеттілігі туындауы мүмкін (виртуалдық,
имидждік, халықаралық байланыстар және т.б.), осындай тәуекелдерді ЖОО
қалай есепке алады?
9. Стандарт «БАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ»
Миссия, көрініс және стратегия – бұл ұйымның өмір сүруі мен дамуының
негізі болып табылатын жол картасы, іс-қимыл жоспары. Басшылықтың міндеті
– стратегиялық құжаттарды бекітілген қалпында жүзеге асыру. Сонымен қатар,
басшылықтың міндеті – стратегиялық құжаттарды жүзеге асыру мониторингі,
яғни, ішкі және сыртқы ортадағы өзгерістерді үнемі бақылап отыру, жекеле-
ген стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудың тиімділігін талдау, сондай-ақ,
жағдайдың өзгеруіне байланысты стратегиялық құжаттарды қайта қарау.
Кез келген қазіргі ұйымның негізінде – ЖОО-ның болмысы мен қызметінің
негізін құрайтын және ЖОО-ның стратегиялық мақсаттарына, негізгі нәтижесіне
қол жеткізуге бағытталған үдерістер жатады. Үдерістердің мақсаттары стратегия,
миссия мен көрініске сай болып, солардың негізінде қалыптасады. Басшылық ету
алдынғы кезекте ұйымдағы үдерістерді басқару және осы үдерістер шеңберінде
белгіленген мақсаттарға жетуді білдіреді. Басқарудың негізгі құралдары жо-
спарлау, дамыту қызмет түрлері, тәуекелдерді бағалау және сол тәуекелдерді
төмендету жолдарын анықтау, ұйым қызметін мониторингтен өткізу және ұйым
мақсаттарына жауап бермейтін үдерістерді, бөлімшелерді реформалау мен жою
бойынша шара қолдану болып табылады.
Қызметтің табыстылығы белгілі мақсаттарға жетудің нәтижелілігі, басқару
үдерістерінің анық және түбегейлі құжатталғандығы (хаттамалар, бұйрықтар
және т.б.), лауазымдық міндеттердің нақты әрі шынайы үлестірілуі, үдерістер мен
алып отырған лауазымына сәйкес қызметкерлер мен басшылардың біліктілігі
негізінде бағалануы мүмкін. Тиісінше, басшылық жекелеген қызметкерлер мен
бөлімшелер алдында қойылған мақсаттарға жету табыстылығы негізінде ұйым
қызметінің барынша тиімділігін бақылауы тиіс және осылайша сол тиімділікті
қамтамасыз етуі керек. Мысалы, шешім қабылдаушы алқалы органдардың
міндетіне жүйелік келіспеушіліктерді анықтау мен шешу, консенсус негізінде
шешім қабылдау арқылы ұйымда бірлікті тәрбиелеу кіреді, осы арқылы алқалы
органдар жұмысының тиімділігі бағалануы мүмкін.
ЖОО-ны басқару кезінде кез келген ұйым әрдайым дамып отырса және
керітартпалық қызметпен айналыспаса тұрақты бола алатынын ұғынуы маңызды
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |