Литературоведение



жүктеу 9,27 Kb.
Pdf просмотр
бет4/86
Дата28.11.2017
өлшемі9,27 Kb.
#2113
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
11 
 
Ілияс  публицистикасы  тақырыбы  сан  тарау,    танымдық  мәні  терең  әрі  жан-жақты 
шығармалар. Ілияс очерктері – сол дәуірдің айнасы іспетті болып келсе, оның мақалалары 
–  оның  әдебиеті  мен  мәдениетінің,  әлеуметтік  өмірінің  дамуында  елеулі  үлесі  бар,  қала 
берді  сол  кездегі  қазақ  зиялылары  мен  қалың  оқырманға,  әлеуметтік  ой-пікір  ағымына 
өзінің  жүйелі  ойлары,  саналы  пікірлері  мен  тұжырымдары  арқылы  қозғау  салған,  тіпті 
негіз  болған  әрі  ғылыми,  әрі  әдеби-көркем,  әрі  тарихи  мәні  мол  туындылар.  Бұған  қоса, 
публицистика  дегеніміз  –  сол  кезеңдегі  ұлт  қайраткерлерінің  еңбегі  мен  өмір  жолынан 
мол мәлімет беретін, құнды деректерге толы дүниелер болатындығы да ақиқат. 
Жалпы  ақынның  мақалалары  1923  жылдан  бастап  өмірінің  ақырғы  сәтіне  дейін 
мерзімді  баспасөзде  жарық  көріп,  өмірдегі  азамат,  қоғам,  қалам  қайраткері  Ілиястың 
өзіндік  үнін,  жүрекжарды  сырын  танытып  отырған  шығармалар.  Ақынның  өз  қолымен 
жазған  өмірбаянына  кезек  берсек.  «1920  жыл  ақтар  жеңіліп,  алаштар  тарады.  Кеңес 
өкіметі  орнады.  Ел  аш.  Жұттан  шыққан  жұрт.  Аштарға  бидай  үлестіретін    ауылдағы 
комитетінің мүшесі болып қызмет істедім. Алғашқы әлеумет қызметім осы. ...Күзге ...оқу 
іздеп,  Тәшкенге  келдім.  ...Тәшкенде  алғаш  қазақ-қырғыз  оқу  институты  ашылған  екен. 
Көзтаныс  таба  алмай,  көп  қиындықпен  соның  оқытушылар  дайындайтын  екі  жылдық 
курсіне  кірдім...  Қазақ  ана  тілін,  орыс  таңбасын  содан  бастап  оқыдым.  ...Театрда  роль 
алып  ойнадық.  «Ақ  жол»  газетіне  корректор  боп  кірдім.  Кейін  Мұратбайұлы    Ғанидың 
ұйыстыруымен  «Жас  алаш»  газетін  шығардық.  Оның  алғашқы  нөмірінің  бас  мақаласын 
жаздым.  Ол  нөмірде  «Жалпы  жасқа»  деген  үгіт  өлеңім  басылды.  Алғашқы    басылған 
өлеңім  осы  шығар  деймін.  (Айта  кету  керек:  «Жыл  құсы»  деген  журналдың  алғашқы 
санында  Бәйділдәұлының  мені  ұлтшыл  деп  көлденең  тартатын  өлеңі  осы.  Ол  күндегі 
менің  саяси  сауатым  анау  болатын.  Жалғыз  мен  емес,  ол  уақытты  талай  қазақтың  тап 
мәнісін  ұғына  қоймаған  кезі  еді.  «Жас  алаш»  деген  газетінің  атынан  да  тануға  болады. 
Осылай өсу қазаққа табиғи жол еді. Іштен туа интернационалист едім деген құр жанғайла. 
Өтірік.  Қазақтың  тарихи  өсуінің  шеңберіне  сыймайтын  алыпсатарлық.  Ондай  жолдастар 
өзін  де,  өзгені  де  алдайды,  ол  қиянат»  [1].  Әдебиеттегі  алғашқы  қадамын  осылайша 
журналист қаламымен қатар бастаған қарымды ақын келе-келе сол кезеңдегі кеңестік өмір 
көріністері мен әдебиет, өнер, театр мәселелеріне қатысты келелі ой, сындарлы соны пікір 
айта білген ұлт қайраткеріне айналды. 
Мысалы,  Ілиястың  Абай  шығармаларына  қатысты  айтқан  пікірлері  күні  бүгін  де 
бағасын жойған жоқ. Ұлы ақынның шығармаларын тереңнен зерделей келе, Ілияс, Абайды 
жазба әдебиеттің басы деп санауға іңкәр етіп отырған оның тек жаңашылдығы, қазақ өлең 
құрылысына кіргізген жаңалықтары ғана емес, сонымен қатар, «Абайдың жалпы өлеңінің 
дені  сау,  тілі  таза.  Абайдың  өлеңі  таудан  тасыған  бұлақтай  сарқырап  жатса,  сөздері  сол 
бұлақтың  түрлі  тасындай  жарқырап  жатады.  Абайдың  тарихи  зор  еңбегі  «тіл  өнерін 
жасап,  қазақтың  жабайы  тілінен  үлгілі,  өнер  әдебиет  тілін  жасағандығы»  [2,61б.]  деп 
толымды қорытынды жасайды. Осы ойын дәлелдей түсу үшін Абайдың қазақ өлеңіне 14 
түрлі өлең өрнегін қосқанын айта келе, «Абай өлең түрін жасауға қызмет еткен жазушы. 
Абай бұрынғы қазақтағы өлең, жырлардың өлшеу үлгілерін кеңітудің үстіне араб, парсы, 
шағатай, орыс өлеңдерінің үлгісін кіргізіп, қазақ әдебиетін жаңалаған адам» [2,62 б.] деп 
тарихи  мәнді  қорытынды  жасайды.  Оның  шығармаларынан,  өлеңінің  әуез  ырғағынан 
күйлі, ырғақты, сорғалап келетін талай өлеңдерді тауып,  «Абайдың жыры ырғақ, музыка 
дыбысы  құрылысы  жағынан  төгіліп  кетеді.  Өлең  ұйқасындағы  етістіктердің  сайдың 
тасындай  ірі,  қимылды,  қозғалысты  көрсетудегі  жандылығы»  [2,64  б.]  ақындық 
шеберліктің, талант қуаттылығының, өлең көркемдігінің белгісі деп айрықша қадірлейді. 
Профессор  Т.Кәкішевтің  қазақ  әдеби  сынының  тарихын  зерттей  келе 
көрсеткеніндей:  «Ілияс  Жансүгіровтің  Абай  жинағына  жазған  алғы  сөзі  ұлы  дарынның 
ерекшелігін  бірқыдыру  аңғарған,  кезеңдік  эстетикалық  талап-талғамның  ауыр  жүктерін 


 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
12 
көтерген  еңбек  болды.  Осындай  еңбектердің  дүниеге  келуі  Абайды  дұрыс  тануға  жаңа 
кілт,  жаңаша  көзқарас  тауып,  нақты  жүзеге  асыру  қажеттігі  аңғарылып,  мәнді  сыни-
ғылыми ой-пікірге үлкен арна дайындады. Көптеген мақалалар мен еңбектердің осындай 
ерекшелігі де, қате-кемшілігі де Абайдың алғашқы кезеңінің 1918 – 1933 жылдарға тұспа-
тұс келеді. Сөйтіп сыншылық ой соны арна тауып, ғылыми процеске ұласа бастады» [3]. 
Сұлулық  пен  тазалықты,  даналық  пен  жаңалықты  көзімен  ғана  емес,  көңілмен  де  көре 
біліп,  әсемдіктің  нәзік  қауыздарын  таңғы  күн  шапағындай  аша  біліп,  әуенді  сым 
пернелерін  жүрек  дүрсілімен  баса  білген  Ілияс  ақынның  сөз  дүлдүлі  Абай  туралы  сыни 
ойлары қай қырынан алсақтағы ұлттық ақыл-ой қазынасының асыл мұрасынан табылары 
анық.
 
 
Отандық  көсемсөз  қоржынындағы  Ілиястың  қазақтың  күйлерін  жинау,  әндерін 
сақтау,  өнерін  бағалау,  жаңа  театрларының  жұмысын  жандандыру  мен  артистерінің 
қабілетін лайықты бағалау турасындағы жазған өзекті мақалалары күні бүгін де шұрайлы 
тілімен де, тура айтқан соны ойларымен де бағасын жойған жоқ. 
Ілияс Жансүгіровтың 1927 жылы  «Еңбекші қазақ» газетінің 18 июль күнгі санында 
жарияланған  «Қазақ  күйлері  жиналсын»,  осы  газетте  1931  жылы  жарық  көрген  «Ән, 
әншілер жайында» деген көлемді мақалаларын алсақ,  әлбетте, поэзияда  «Күй» (1929ж.), 
«Күйші»  (1935  ж.),  «Құлагер»  (1936  ж.),  «Көбік  шашқан»  (1937  ж.)  сынды  поэтикалық 
пафосы  биік  өнер  тақырыбындағы  шығармаларды  дүниеге  әкелген  ақынның  музыканың 
тілін,  ұлттың  өнерін,  қазақтың  қанымен  келген  асыл  мұрасын  терең  білгендігі,  терең 
түсінгендігі  анық.  Өнер,  өнер  адамының  жан  дүниесі  мен  табиғатын,  тарихтағы, 
қоғамдағы рөлін тани біліп, терең көрегендікпен түсініп: 
Қобызшы Молықбай шал Матайдағы, 
Матайда – Кенже, Тұңғат Сақайдағы. 
Қазақта қобызшының қалғаны сол, 
Жорға еді маймаңдаған бақайшағы, 
деп  басталатын  «Күй»  поэмасын    алсақ  та,  ақынның  «Күйші»  поэмасындағы  сол  тарлан 
таланттың тамаша дүниелерінің тыңдаушы құлаққа әсерін, тоқсан ауыз сөзбен  жеткізуге 
қиналатын  қасиетін  табиғаттың  тілсіз  үн,  ойшыл  әуенімен  жеткізе  білген  тыңдаушыға 
әсерін  табиғатпен тілдестіріп:  
Күн тыңдап, кірмей тұрды ұясына
Бұлт тыңдап мінбей тұрды тау басына. 
Мақұлық жерде, көкте маужырады, 
Қараған бір жан болмай шаруасына. 
Су ақпай жатты тоқтап арнасында
Қарғалар қалқып қалды жар басында. 
Сүйсініп домбыраны тыңдады жұрт, 
Тырп етпей, тілеулес боп зарласынға. 
Қалмақтың қақты қара жорғасына, 
Айналды ақ алмастар қорғасынға. 
Мәжіліс, міне, осындай болып жатты, 
Бір кеште хан Кененің ордасында, – 
деп тамаша суреттейді. Күй мен күйші қадірін білген  ақын  қазақтың құдіретті күйі мен 
тарлан күйшілерін, олардың асыл бағасын ерте түсініп, ол мұраның бүгіні мен ертеңі үшін 
аянбай  еңбек  етті.  Ел  өнерінің  кәусар  бұлақтарының  бірі  –  қазақ  күйлері,  күй  өнері 
халқымыздың  мәдениетінде  қызыл  тілден  кейінгі  алдыңғы  орынды  алса  керек-ті.  Тіпті 
тілмен  жеткізе  алмаған  сәтті  күймен  жеткізген  сәттер  тарихымызда  аз  ба?  Қасиетті 
домбыра  мен  қоңыр  қобыз  үні  –  халық  үні  емес  пе  еді?  Қара  қазақтың  мұңдасы  да, 


жүктеу 9,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау