Литературоведение



жүктеу 9,27 Kb.
Pdf просмотр
бет3/86
Дата28.11.2017
өлшемі9,27 Kb.
#2113
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 

 
затының  қоғамдық  теңдікке  ұмтылуын,  қоғамдық  трагедиясын  адамдық  құқық 
тұрғысынан  емес,  тарихи-саяси  өзгерістің  салдары  деп  түсіндіруге  ұмтылады. 
Ә.Нұршайықов,  Д.Исабеков  т.б.  жазушылар  кеңестік  қоғамдағы  әйел  болмысын  жаңа 
қоғамдық  қатынастың  көлеңке  тұсынан  емес,  әйел  басындағы  келеңсіздіктен  іздейді. 
Өтпелі  кезеңдегі  әйел  тағдырына  біржақты  қарайды.  Бұдан  ер  адамдар 
шығармашылығында  әйел  нәсілімен  тең  тұрғыда  диалог  құрып,  кеңесе  алмағанын 
түсінеміз. Бұл тұрғыдан келгенде өткен ғасырда қазақ әйелі қоғамдық болмыста өз орнын 
тауып, өз үнін шығара алғанымен, әдебиетте әлі де үнсіз қалып келеді деуге болады.    
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Торайғыров С. Қамар сұлу. – Алматы: Атамұра, 2002. – 204 б. 
2.  Жұмабаев М. Шолпанның күнәсі. – Алматы: Жазушы, 1998. – 186 б. 
3. Әуезов М. Қаралы сұлу. – Алматы: Атамұра, 2001. – 192 б. 
4. Аймауытов Ж. Ақбілек. – Алматы: Жібек жолы, 2003.– 219 б. 
5. Нұршайықов Ә. Махаббат, қызық мол жылдар. – Алматы: Атамұра, 2012. – 282 б. 
6. Лакаң (Франция). Лакаң таңдамалы шығармалары. – ҚХР: Шанхай Сан лян, 2010.–
195 б. 
7. Яке Длида (Франция ). Әдебиет туралы көзқарас.– ҚХР: Шанхай аударма, 2005. –
194 б. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Аканкызы Г., 
старший преподаватель 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
 
ФЕМИНИЗМ И ОБРАЗ ЖЕНЩИН В КАЗАХСКОЙ ЛИТЕРАТУРЕ 
В  статье  рассматриваются  историческое  развитие  идеи  прав  восточных  женщин  в 
казахстанском обществе от политических, философских, эстетических и психологической 
точек  зрения.  Автор  сравнивает  изменения  образа  женщин  в  казахской  литературе  за 
последнее столетие.   
Ключевые  слова:  феминизм,  казахская  литература,  точка  зрения  мужчин,  образ 
женщин, молчание. 
 
SUMMARY 
 
Akankyzy G.,  
senior teacher 
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
 
FEMINIZM AND WOMEN’S IMAGE IN KAZAKH LITERATURE 
The article deals with the historical development of the idea of the eastern women’s rights 
with the changes in women rights in Kazakh society from the political, philosophical, aesthetic 
and psychological points of view. Feminism considered that, men investigated women from the 
men’s point of view. Kazakh women`s image written in men’s work in last centuries and how it 
changed in male perspective in Kazakh society is mentioned in the article. 
Keywords: feminizm, kazakh literature, male perspective, women`s image, silence.  
 
 
 
 


 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
10 
ӘОЖ 82(091) 
 
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВТІҢ ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ 
 
Л.М. Әділбекова, 
ф.ғ.к. профессор м.а. 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Белгілі  бір  қоғамда  өмір  сүріп,  одан  тысқары  ойлау  мүмкін  еместігі 
сынды, қызмет аясына қарамастан сол қоғамның мүшесі ретіндегі әр адамның азаматтық 
позициясын  анықтайтын,  көрсететін  де  публицистика  саласы  болып  табылады.  Осы 
тұрғыдан  алғанда  кеңес  қазақ  журналистикасының  көш  басында  тұрған  қайраткерлердің 
бірі  немесе  бірегейі  –  қазақ  поэзиясының  Құлагері,  ақын  Ілияс  Жансүгіровтің 
публицистикалық мұрасын арнайы сараптап, оқырманға ұсыну әдебиет тарихы мен қазақ 
көсемсөзінің  даму  барысын  зерттеушілерге  де,  ілиястанушыларға  да  игілікті  іс  болары 
анық. 
Түйін  сөздер:  қазақ  көсемсөзі,  публицистика,  Ілияс  Жансүгіров,  өнертану,  музыка, 
фельетон, әдебиет, журналистика. 
Кез  келген  мемлекеттегі  төртінші  билік  өкілдері  саналатын  журналистердің 
бүгінгідей  ақпарат  ағымының  әлемдік  өркениетті  интернет  арқылы  алқымға  алған 
дәуірінде алқалы жиынға салып, ақылға салар өзекті мәселелерінің бірі, әлбетте, отандық 
журналистиканың  кешегісін  түгендеп,  бүгінгісін  саралап,  болашағын  түзеу,  ұлтқа, 
мемлекетке  қызметі  тұрғысынан  сара  жолын  айқындау  болып  табылары  анық.  Қай 
кезеңде  болмасын  өз  уақытындағы  қоғамның  тыныс-тіршілігінің  айна-қатесіз  көрінісі 
болып  табылатын  журналистиканың  салмағы  батпан,  сұрауы  мың  сан  сала  екендігін  де 
мойындайық. Белгілі бір қоғамда өмір сүріп, одан тысқары ойлау мүмкін еместігі сынды, 
қызмет  аясына  қарамастан  сол  қоғамның  мүшесі  ретіндегі  әр  адамның  азаматтық 
позициясын  анықтайтын,  көрсететін  де  осы  сала.  Бұл  тұрғыда,  бүгінгі  ой  өзегі  де, кеңес 
қазақ  журналистикасының  көш  басында  тұрған  қайраткерлердің  бірі  немесе  бірегейі  – 
қазақ  поэзиясының  Құлагері,  ақын  Ілияс  Жансүгіровтің  публицистикалық  мұрасы 
турасында болмақ. 
1925-1928  жылдар  аралығында  Мәскеу  журналистика  институтын  тәмамдаған 
ақынды  алғашқы  қазақ  кәсіби  журналисі  ретінде  қабылдауға  да  болар.  Ұлы  ақынның 
қаламгерлік  көп  қыры  оқушысын  тамсандырған  сұлу  поэзиясының  көлеңкесінде  қалып 
қойғандығы  белгілі.  Соның  бірі  –  ақынның  публицистикалық  бай  мұрасы.  Бұл  мұра  – 
әртүрлі  жанрды  қамтитын,  тақырыптық  ауқымы  кең,  тілі  құнарлы,  арнайы  ой  жүгіртуді 
сұранып  тұрған    еңбектер.  Әсіресе,  талантты  жазушы  арнайы  оқуды  аяқтаған  соң,  қазақ 
әдебиеті  тарихының  белесті  кезеңінде,  отызыншы  жылдар  публицистикасының  түрлі 
жанрында  тамаша  туындыларды  дүниеге  әкелді.  Олар  Ілиястың  уытты  фельетондары, 
әдебиет, өнертану, музыка саласындағы өзіндік ой-талғам, ізденістерге толы мақалалары, 
білікті журналистің ел өмірінен жазған тамаша очерктері, Қазақстан Жазушылар Одағын 
басқарған  қоғам  қайраткерінің  қоғамға,  әдебиетке  қатысты  жасаған  баяндамалары,  сын-
пікірлері  тағы  басқалар.  Түйінін  айтсақ,  қазақ  шежіресі,  ел,  жер  тарихы,  құнарлы  тілі, 
дәстүрі,  тұрмыс-тіршілігі,  бай  ауыз  әдебиетінің  інжу-маржандары  сынды  бір  ұлттың  бар 
байлығын  барынша  нар  бойына  сіңірген,  тума  дарын  мен  сұңғыла  білім  иесінің,  кемел 
таланттың  өзін  қоршаған  ортадағы  түрлі  жайттарға  қарата  айтқан  парасатты  ойлары, 
тегеурінді  пікірлері,  көркем  бейнелі  очерктері  мен  ақынның  азаматтық  тұлғасын 
айқындайтын сан салалы мақалалары. 


жүктеу 9,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау