Қазақстандағы отбасылық орналастырудың жағдайы



жүктеу 1,43 Mb.
Pdf просмотр
бет25/47
Дата01.02.2020
өлшемі1,43 Mb.
#27935
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47

72
орталықтарының  жұмысына  аумақтық  және  орталықтандырылған  мо-
ниторинг жүргізу, отбасыларға орналастырылған балалар туралы және 
өмірлік  қиын  жағдайда  қалған  отбасыларға  көрсетілген  көмек  тура-
лы ақпаратты аудандар, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің 
есептілігіне қосу және балаларды алмастырушы отбасыларға орнала-
стыруды дамыту тенденциясы туралы ақпаратты жергілікті Мәслихаттар 
мен  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылыми  министрлігіне 
ұсыну және Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы;
3 .  Қазақстан  Республикасы  Үкіметіне  жетім  балалар  мен  ата-ана 
қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  алмастырушы  отбасыларға  орна-
ластыру көрсеткіштеріне сәйкес аймақ басшысының жұмысын қосымша 
бағалау критерийін енгізу туралы ұсыныс беру;
4 .  Қазақстан  Республикасы  Үкіметіне  бюджет  қаражатын  отбасын 
қолдау орталықтарының кадрларын даярлау, алмастырушы отбасылар 
мен өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларды қолдау және дайындау, 
халықтың жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар-
ды асырап алу формалары мен шарттары туралы хабардарлығын арт-
тыру үшін қайта бөлу туралы ұсыныс беру;
5 . Заңнамалық деңгейде өмірлік қиын жағдайда қалған отбасылар мен 
балаларды қолдау орталығы туралы Ережені әзірлеу және бекіту;
6 . Балалар үйі қызметкерлерінің  профилін өзгерту/біліктілігін арттыру, 
Отбасын қолдау орталығының жұмысына оқыту, сондай-ақ баланы өз 
отбасына  қабылдағысы  келетін  тұлғаларды/отбасыларды  оқыту  және 
дайындау бағдарламаларын әзірлеу;
7 . Қажет болған жағдайда балалар үйін өмірлік қиын жағдайда қалған 
отбасылар  мен  балаларды  қолдау  орталықтарына  өзгерту  бойынша 
іс-шаралар есебін дайындау, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің 
қажетті стандарттарын әзірлеу, орталықтар жұмысының тиімділігін арт-
тыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы алшақтықтарды 
анықтау  және  мемлекеттік  органдардың  өзара  байланысының 
механизмін  (алгоритм)  қалыптастыру  үшін  елдің  бірнеше  аймағында 
«Өмірлік  қиын  жағдайда  қалған  отбасылар  мен  балаларды  қолдау 
орталықтары» пилоттық жобасын іске қосу;
8 .  Қазақстан  Республикасының  аймақтарында  отбасын  қолдау 
орталықтарын енгізу бойынша республикалық және аумақтық жол кар-
тасын  әзірлеу,    отбасын  қолдау  орталықтарының  кадрларын  даярлау, 
алмастырушы  отбасылар  мен  өмірлік  қиын  жағдайда  қалған  отбасы-
ларды  қолдау  және  дайындау,  халықтың  жетім  балалар  мен  ата-ана 
қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу формалары мен шарт-
тарынан хабардарлығын арттыру бойыншы жұмыстарды қамту;


73
9 .  Республикалық  отбасын  қолдау  орталығын  құру  және  әрі  қарай 
аймақтарға білім трансфертін, оның ішінде вебинарлар өткізу жолымен 
(шығынды қажет етпейтін) білім трансфертін ескеріп сай кадрларды да-
ярлау;
10 .  Аумақтық  атқарушы  органдарға  интернат  мекемелерінің  жаны-
нан  өмірлік  қиын  жағдайда  қалған  отбасылар  мен  балаларды  қолдау 
орталықтарын құру үшін жеке қосымша штаттық бірліктер (әлеуметтіе 
педагогтер, психологтар) бөлу туралы ұсыныстар беру;
11 .  Республикалық және аумақтық пиар-компания ұйымдастыру және 
өткізу;
12 .  Мемлекеттік  органдардың  өмірлік  қиын жағдайда  қалған  отбасы-
лар  мен  балаларды  анықтау  фактісі  бойынша  өзара  байланысының 
жаңа моделін қалыптастыру;
13 .  Бала  құқықтарын  қорғау  заңнамасына  өзгертулер  мен 
толықтырулар енгізу және меймандос және асырап алатын отбасылар 
сияқты балаларды орналастырудың қосымша формаларын құру бойын-
ша жұмыстарды жалғастыру, сондай-ақ 2015-2020 жылдарға арналған  
Қазақстан  Республикасында  отбасылық  қатынастарды,  моральдық-
этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту бойынша 
жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарына қосымша іс-шараларды енгізу;
14 .  Алмастырушы отбасыларды дайындау, халық арасында түсіндіру 
жұмыстарын жүргізу (брошюралар, үнпарақтар, радио мен телеарнадағы 
роликтер, баланың отбасына орналасуына толық бақылау жасау және 
отбасының әрі қарайғы мониторингі) .
Қазақстан Республикасының аймақтарында Отбасын қолдау 
орталықтарын енгізу жөніндегі БАҒДАРЛАМА (Жол картасы)
Бағдарлама келесілерді қамтитын кешенді мекеме аралық тәсілдерді 
қарастырады:
—  отбасындағы  келеңсіздіктерді  ертерек  анықтау  және  отбасы  мен 
балаға уақытылы көмек көрсету технологиясын әзірлеп, енгізу;
—  ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  орналастырудың 
отбасылық формаларының дамуын ынталандыру;
— ИТБМ (интернат типіндегі балалар мекемесі) өзгерту/реформалау;
—  алмастырушы  отбасыларды  қолдауды  қамтамасыз  ететін 
инфрақұрылымдарды құру;
—  әртүрлі  себептерге  байланысты  отбасыларда  тәрбиелеуге 
берілмейтін  балалар  үшін  тұру,  тәрбие  және  білім  беру  жағдайларын 
жасау .
4-тарау. Сөйлемдер туралы қызметтің өзгерісінің


74
Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде отбасылық-тәрбиелеу 
топтарының дамуы аса маңызды, себебі олар кәсіби алмастырушы от-
басыны дайындаудың бірінші кезеңі болып табылады .
ИТБМ  желісін  өзгерту  (профилін  өзгерту)  және  жетім  балаларды 
отбасыларға  орналастыру  бойынша  Отбасын  қолдау  қызметін 
және/немесе Отбасын қолдау орталықтарын (ОҚО) құру
I. ИТБМ (интернат типіндегі балалар мекемесі) өзгерту (профилін 
өзгерту) процедурасын жүргізу стандарттарын әзірлеу, келесілерді 
қамтиды:
1) Өзгертілуі (профилін өзгерту) тиіс мекемелерді іріктеу критерийі;
2) Мекемені өзгерту (профилін өзгерту) процедурасын жүргізу ережелері 
мен нормалары;
3)  Мекемелерді  балаларға  арналған  әлеуметтік  инфрақұрылым 
объектілері ретінде қайта ұйымдастыру (профилін өзгерту) немесе тара-
ту туралы қабылданған шешім салдарларын алдын ала сараптамалық 
бағалау бойынша сараптама комиссиясының ережесі .
II.  Балаларды  оңалтудың  және  оларды  асырап  алатын 
(патронаттық,  қамқоршылық)  отбасыға  ауысуға  дайындаудың 
халықаралық тәжірибесін зерттеу,  соның негізінде жетім балалар-
ды отбасыларға орналастырудың жеке инновациялық технологи-
ясы мен әдістемесін әзірлеу
Жобаның  стратегиялық  бағыты  бар  ИТБМ  профилін  негізгі  қызметі 
жетім  балаларды  отбасыларға  орналастыру  болып  табылатын  Отба-
сын қолдау орталықтарына (ОҚО) немесе Отбасын қолдау қызметтеріне 
(ОҚҚ) өзгерту . Осылайша қоғамдық тәрбие жүйесінен ақшалай қаражатты 
отбасыны алмастырушы тәрбие жүйесіне қайта бөлу жүреді .
ОҚО (ОҚҚ) жетім балаларды орналастырудың отбасылық-тәрбиелік фор-
маларын дамыту бойынша жобаны жүзеге асыру жөніндегі қамқоршылық 
және қорғаншылық органдарының тапсырысын орындайды .
ОҚО  (ОҚҚ)  қызметі  жергілікті  заңнамалық  және  атқарушы  билік 
органдарының  (Мәслихат  шешімдері,  жергілікті  әкімдік  қаулысы) 
шешімдеріне  сәйкес  жүзеге  асырылады .  ОҚО  (ОҚҚ)  қорғаншылық 
және  қамқоршылық  органдарының  өкілеттігін  беру  қарастырылмайды, 
олар  аталған  аймақтағы  ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды 
орналастырудың отбасылық формаларын дамыту бойынша қорғаншылық 
және  қамқоршылық  органдарының  техникалық,  жедел  тапсырмаларын 
орындайды .


жүктеу 1,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау