«ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАНЫС ЖҮЙЕСІН ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЖАБДЫҒЫН АСПАПТЫҚ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕМЕСІН ӘЗІРЛЕУ»
(қорытынды)
тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есепке
АВТОРЕФЕРАТ
Жұмыс ҚР ІІМ ТЖК «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» АҚ «Төтенше жағдайлар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» Республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында орындалды. Бағдарламаны орындау мерзімі: 2015-2016 жыл.
Тақырып жетекшісі
к.т.н., профессор Р.М. Джумагалиев
Жауапты орындаушы Е.И. Монтаев
Алматы 2016
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Жұмыстың өзектілігі бүгінгі күнде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне кіретін техникалық құралдар соншалықты алуан түрлі әрі техникалық күрделі, мамандандырылған құрылғыны және аспаптық зерттеу әдістемесін қолданбай олардың жұмысқа қабілеттілігін тексеру және жұмыстың тиімділігі мүмкін болмайтындығымен түсіндіріледі. Аталмыш жүйелердің күйін бақылаудың жоқтығынан объекттерде өртке қарсы қорғаныс техникалық құралдарының ақаусыз және жұмысқа қабілетті күйінің көрінісі ғана пайда болады. Бүгінгі күнде тікелей объектіде аспаптық зерттеуді жүзеге асырудың қарапайым әрі қымбат емес әдістерін қолдану мәселесі өзекті болып табылады.
ҒЗЖ зерттеу объектісі өртке қарсы қорғаныс жүйесінің күйі мен жұмысқа қабілеттілігін және электр жабдығының өртке қауіпті күйін бағалау мәселесінің қазіргі күйі. Аспаптық тексеруді әдістемелік қамтамасыз етудің ғылыми құраушысы болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: аспаптық тексерудің құралдары мен тәсілдерін қолдану арқылы өртке қарсы қорғаныс жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін және электр жабдықтарының өртке қауіпті күйін сандық бағалаудың әдістерін әзірлеу есебінен Қазақстан Республикасының шаруашылықты жүргізу объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бұл зерттеу кезеңінің міндеттері:
- Өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің аспаптық тексеру және бағалау объектілері мен субъектілерін, олардың кезеңдері мен мерзімділігін анықтау.
- Шаруашылық жүргізу объектілерінде өртке қарсы қорғаныс жүйелеріне және электр жабдығының өрт қауіпті жайына аспаптық тексеру жүргізу әдістері мен тәртібін әзірлеу.
- Өртке қарсы қорғаныс жүйелеріне және электр жабдығының өрт қауіпті жайына аспаптық тексеру жүргізу әдістерін байқаудан өткізу
- Зерттеу нәтижелері бойынша әдістемелік құжаттар әзірлеу. Нормативті-техникалық құжаттарға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс беру
Жедел әдістер мен аспаптарды әзірлеу, сондай-ақ өртке қарсы қорғаныс құралдарын және электр жабдығының өртке қауіпті күйін аспаптық тексеру әдістемесін жетілдіру, өрт туындаған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыруға тікелей әсер ететін өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жұмыстың нәтижелілігін жоғарылатудың нақты мүмкіндігі болып табылады.
Зерттеу әдістері: аспаптық тексеру бойынша тәжірибелік әрекеттерді жүргізуді ұйымдастырудың принциптері мен тәсілдерін қалыптастыру жүйесі ретінде жұмыста қолданылған зерттеу әдістемесі қолданыста бар нормативті-құқықтық актілер, нормативті-техникалық құжаттар, әдістемелік құжаттар және басқа әдебиет көздері, жұмыс істеу талдауы, объекттердің өртке қарсы қорғаныс жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін зерттеу және бағалау әдістері шолуы мен талдауында, статистикалық бағалауда, талдауда, эксперттік бағалауды, және алынған нәтижелерді жүйелеуде зерттеудің аналитикалық әдістерін қолдануға, сонымен қатар зертханалық эксперименттік зерттеулер жүргізуге негізделген.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасының шаруашылықты жүргізу объектілерінде өрттің алдын алу және жою бойынша мамандардың қызметіне сапалы түрде әсер ететін, осы жүйелердің күйі мен жұмысқа қабілеттілігін бағалаудың жаңа жедел әдістерін қолдануға негізделген шаруашылық жүргізуші объектілердің өртке қарсы қорғаныс жүйесінің және электр жабдығының өртқауіпті күйін аспаптық тексеру құралдары мен әдістемесін әзірлеу бойынша міндеттер жүзеге асырылғандығымен бекітіледі.
Жұмыстың практикалық мәні және перспективалық құны:
Зерттеу нәтижелері қорғаныс объектілерінің өрт қауіпсіздігін жоғарылатуға, өрттің алдын алуға және жоюға септігін тигізетін, объектілердің өртке қарсы қорғаныс жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін және тиімділігін, электр жабдықтарының күйін бағалау зерттеулерін жүргізу кезінде қолданылуы мүмкін.
ҒЗЖ алынған нәтижелері Қазақстан Республикасының шаруашылықты жүргізу объектілерінде өрттің алдын алу және жою бойынша мамандардың қызметіне сапалы түрде әсер етеді.
Жарияланымдар: Зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми-техникалық басылымдарда ғылыми мақалалар жарияланды, конференциялар мен дөңгелек үстелдерде баяндамалар ұсынылды:
Джумагалиев Р.М. Результаты исследований по оценке и управлению рисками пожароопасных технологических процессов в нефтегазовой отрасли Республики Казахстан//Сборник научных трудов VII Международной научно-практической конференции, посвященной 60-летию создания первого в Республике Беларусь научного подразделения в области предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций и пожаров», Часть 1-Минск, 2016;
Джумагалиев Р.М., Васина И.А., Кокушев О.К., Васин А.К. Инструментальное исследование пожароопасных режимов работы электрических сетей// Сборник научных трудов VII Международной научно-практической конференции, посвященной 60-летию создания первого в Республике Беларусь научного подразделения в области предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций и пожаров», Часть 1-Минск, 2016;
Васина И.А. Применение методов инструментального обследования систем и элементов противопожарной защиты - один из путей обеспечения пожарной безопасности объектов//Сборник материалов VII Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы пожарной безопасности, предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций», Кокшетау: КТИ КЧС МВД РК, 2016- 244 с.
Даркенбаева Н.С., Джумагалиев Р.М. Идентификация и оценка качества огнезащитных покрытий с помощью метода молекулярного спектрального анализа// Сборник материалов VII Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы пожарной безопасности, предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций», Кокшетау: КТИ КЧС МВД РК, 2016- 244 с.
Джумагалиев Р.М. «Актуальные вопросы технического регулирования в области пожарной безопасности Республике Казахстан» Доклад на заседании круглого стола на тему «Современная база пожарно-испытательного оборудования, обеспечивающая реализацию требований пожарной безопасности»
Есептің құрылымы мен көлемі
Есеп 138 беттен, 23 кесте, 57 сурет, 12 қосымшадан тұрады, қолданылған әдебиеттер саны – 88.
ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Кіріспеде мәселенің өзектілігі көрсетілді, зерттеудің мақсаты тұжырымдалды, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні көрсетілді.
1 Бөлім Аспаптық тексеру объектілерін анықтау және электр жабдықтарының өртқауіпті күйін анықтау
Дайындық кезеңін зерттеу негізінде өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің (ӨҚҚЖ) тиімділігі мен дәйектілігіне талдау жүргізілді. Өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің осы сипаттамаларын анықтайтын факторлар келтірілді. Тек өрт сөндіру автоматикасы жүйелерінің зерттеулері нақты жүйенің немесе оның нақты бір объекттегі элементінің күйі, дұрыстығы және жұмысқа қабілеттілігі туралы нақты мәліметтер беретіні көрсетілген.
Бөлімде электр жабдықтарының өртқауіпті күйін аспаптық тексеру мен бағалаудың объектілері анықталды. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес ӨҚҚЖ аспаптық тексеру және электр жабдықтарының өртқауіпті күйін анықтау қолданылатын объекттер тізіміне келесі объекттер кіреді:
- өрт қауіпі дәрежесі жоғары объектілер;
- өрт тексерісі жүргізілетін объектілер;
- ӨҚҚЖ пайдалануға берілетін объектілер;
- жөндеу және қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілген объектілер.
2 Бөлім Электр жабдықтарының өртқауіпті күйін аспаптық тексеру және анықтаудың субъектілерін анықтау
Бөлімде анықтаушы ережелер келтірілді:
- зерттеулер, өлшеулер жүргізу бойынша жұмыс тәртібі;
- өлшеу құрылғылары мен құралдарына қойылатын талаптар;
- зерттеулер мен өлшеулер жүргізетін қызметкерге қойылатын талаптар;
- зерттеулер мен метрологиялық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын талаптар.
Объекттердің өртке қарсы қорғаныс жүйесін аспаптық тексеру аясында өлшеулер жүргізу үшін болуы қажет:
1. метрологиялық растайтын жарамдылықтан (калибрлеу, тексерістен) өткен және түрі немесе метрологиялық аттестатты мақұлдау туралы сертификаты бар өлшеу құралдары мен сәйкес өлшеу құрылғылар;
2. өлшеу құралдарымен өлшеулер мен жұмыстарды орындау үшін қажет сәйкес білімі мен тәжірибесі бар, ұқсас қажеттіліктерге сәйкес білім алған қызметкер;
3. сынаманы іріктеуді қоса алғанда, сынақ және/немесе калибрлеу жүргізуге арналған сынақ зертханаларының құзыреттілігі талаптарына жауап беретін зертхана.
Жүргізілген талдаулар негізінде электр жабдықтарының өртқауіпті күйін аспаптық тексеру мен анықтаудың субъектілері анықталды. Электр жабыдқтарының өртқауіпті күйін анықтаудың және ӨҚҚЖ аспаптық тексеру бойынша жұмысты орындау зертхана, сәйкес өлшеу құрылғылары мен жаттыққан қызметкер болған кезде ұйымдардың келесі санаты орындай алады:
1) объекттің өрт қауіпсіздік күйі туралы объективті ақпарттар алу, өрттің туындау және даму мүмкіндіктерін, өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсерін анықтау үшін, сонымен қатар объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін, соның ішінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құжаттық және нақты сәйкестігін анықтау үшін зерттеулер жүргізген кезде өрт қауіпсіздігі саласында аудитті жүзеге асыратын эксперттік ұйымдар;
2) техникалық реттеу жүйесінде акредиттелген, осы жұмыстарды атқаруға акредиттеу саласы бар зертханалар мен басқа да ұйымдар.
3) осы жұмыстарды атқаруға акредиттеу саласы бар, азаматтық қорғаныс саласындағы аумақтық атқарушы органның өрт сынақ зертханалары;
4) осы жұмыстарды атқаруға акредиттеу саласы бар, өртке қарсы қорғаныс жүйесін монтаждау және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдар.
3 Бөлім Электр жабдықтарының өртқауіпті күйін аспаптық тексеру және анықтаудың мерзімділігін анықтау
Қазақстан Республикасының және шет елдік нормативті-техникалық құжаттарға талдау жасалынды, объектінің өртке қарсы қорғаныс жүйесінің әр қайсысына электр жабдықтарының өрт қауіпті күйін аспаптық тексеру және анықтаудың мерзімділігі анықталды.
Талдау нәтижесі іс жүзінде барлық ӨҚҚЖ үшін қабылдау-тапсыру және мерзімдік сынақтар жүргізудің мерзімдері нормативті түрде анықталғандығын көрсетті. Орташа есеппен мерзімдік сынақтар техникалық қызмет көрсету және регламенттік-алдын алу жұмыстары шеңберінде жылына 1-2 реттен сирек емес жүргізіледі. Объекттерде бұл жұмыстарды орындау кезінде объектілердің өртке қарсы қорғаныс жүйесін аспаптық тексеру әдістері қолданылуы мүмкін:
1. өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің қабылдау-тапсыру сынақтары кезінде пайдалануға, қайта құруға енгізген кезде, сондай-ақ объектінің өртке қарсы қорғаныс жүйесін күрделі және қалпына келтіру жөндеу жұмыстарын аяқтау кезінде;
2. өртке қарсы қорғаныс жүйесіне мерзімдік зерттеулер жүргізген кезде;
3. пайдалануға белгіленген сәттен бастап 5 жылдан кейін жүргізілген (одан әрі белгіленген мерзім бойынша) және заттың техникалық мүмкіндігі және оларды тағайындау бойынша қолданудың экономикалық мақсатқа бағытталғандығына пайдалану мерзімі аяқталған соң өртке қарсы қорғаныс жүйесін техникалық куәләндыру кезінде.
Қабылдау-тапсыру және мерзімдік сынақтар жүргізу, техникалық қызмет көрсету және регламенттік-алдын алу жұмыстарын жүргізу шеңберінде аспаптық тексеру объекті басшысының (меншік иесінің) бастамасымен жүргізіледі.
Өрт қауіпінің дәрежесі жоғары объектілерде өртке қарсы қорғаныс жүйесін аспаптық тексеру жүргізілуі керек:
1. ӨСЗ тәуелсіз аттестациядан өткен ұйым ретінде тарту арқылы, ӨҚҚЖ жұмыс істеу қабілеттілігін растау үшін мемөртбақылау органдарымен жоспарлы тексеріс кезінде;
2. осы жұмысты орындауға аккредиттеу саласы бар зертханалар мен басқа да ұйымдарды тарту арқылы, өрт тексерісін жүргізу кезінде.
3. қолданыста бар заңнамаға сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау кезінде.
Осы қорытындыларға сәйкес объектілерде ӨҚҚЖ аспаптық тексеруді енгізу үшін қолданыста бар нормативті құжаттарға сәйкес өзгерістер енгізу қажет болады.
4 Бөлім Өртке қарсы қорғаныс жүйесін аспаптық тексеру және электр жабдықтарының өртқауіпті күйін анықтау әдістерін әзірлеу
Бөлімде дайындық және негізгі кезеңдерде өртке қарсы қорғаныс жүйесін аспаптық тексеру және электр жабдықтарының өртқауіпті күйін анықтау әдістерін әзірлеу туралы жүргізілген зерттеулер бойынша мәліметтер жинақталды.
Зерттеулер мына бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Өрттен қорғайтын жабындарды молекулалық спектрлік талдау әдісімен сәйкестендіру;
2) Үлкейгіш өрттен қорғайтын жабындарды сәйкестендіру;
3) Электр жабыдықтарының өртқауіпті күйін анықтау. Осы әдіс бойынша электр жабыдықтарының өртқауіпті күйіне диагноз қоятын құрал және оған бағдарламалық жасақтама әзірленді.
4) Ғимараттардың түтінді жою, түтінге қарсы желдеткіш жүйелерін тексеру және зерттеу. Осы бағыт бойынша зерттеу аясында ұлттық стандарт әзірленді.
Бөлімде бұл әдістің сипаттамасы, әзірлеу кезеңдері, олардың ӨҚҚЖ бағалауда қолданылу мүмкіндігі келтірілді.
5 Бөлім Шаруашылық жүргізуші объектілердің өртке қарсы қорғаныс жүйесін аспаптық тексеру және электр жабдығының өртқауіпті күйін анықтау шараларын жүзеге асыру үшін әдістемелік құжаттарды әзірлеу
Бөлімде ӨҚҚЖ тексерудің аспаптық әдістерін тиімді пайдалану және шаруашылық жүргізуші объектілердің өрт қауіпсіздігін жоғарылату үшін әдістемелік негіз болып табылатын әдістемелік құжаттарды әзірлеудің тәртібі келтіріледі.
1) зерттеу шеңберінде «Объектілерде өртке қарсы қорғаныс жүйесі мен элементтерін аспаптық тексеру әдістерін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар» (бұдан әрі - Әдістеме) әдістемелік құжат әзірленді.
Әдістемге аспаптық тексеру әдістері кіреді: бақылау, мерзімдік және пайдалану сынақтары, тексеру және бағалау, соның ішінде жедел-талдау әдістері, шаруашылық жүргізуші объектілердің өртке қарсы қорғаныс жүйесі мен элементтерінің күйі. Сондай-ақ тексеріс жүргізуге қажет мәліметтер көрсетілді, атап айтқанда:
- сынау құрылғылары мен өлшеу құралдарына қойылатын талаптар,
- сынақ жүргізу шарттары,
- сынақ жүргізушілер үшін қауіпсіздік жағдайлары,
- сынақ жүргізу тәртібі,
- сынақ нәтижелерін бағалау өлшемдері.
- Әдістемеге қосымшаларда акттердің үлгілері мен сынақ хаттамалары келтірілді.
Әдістемелік ұсыным ережелері зерттелетін өртке қарсы қорғаныс жүйесіне қатысты нормативті-техникалық құжаттар (ҚР СТ, СП) талаптарына сәйкес келеді.
Бөлімде құжаттың құрылымы, бөлімдердің мазмұны келтірілген.
2) Электр жабдықтарының өртқауіпті күйіне диагноз қою әдістерін пайдалану бойынша әдістемелік құжат әзірлеу
«Электр жабдықтарының өртқауіпті жұмыс тәртібін бақылау және бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар» электр жабдықтарының өртқауіпті жұмыс тәртібіне диагноз қою жолымен тұрғын және қоғамдық ғимараттардың пайдалануға берілетін электр жабдықтарының өрт қауіпін төмендету мақсатымен әзірленді.
Бөлімде құжаттың құрылымы, бөлімдердің мазмұны келтірілді.
Әдістемелік құжаттар облыстық және Астана, Алматы қалалық ТЖ Департаменттеріне қарауға жіберілді, ҚР ІІМ Ғылыми-техникалық кеңесінің №10 секциясы отырысында қарастырылды (2016 жылдың 18 тамызынан №1, 2 қарашасынан №2 хаттамалар).
Бөлімде әзірлеме бойынша негізгі ескертулер келтірілді. Пікірлер мен ұсыныстар жинағы есепке қосымшада келтірілді.
Әдістемелік құжаттар аппробация, пікірлер мен ескертулерді есепке ала отырып толық жазып бітірілді.
6 Бөлім Өртке қарсы қорғаныс жүйесін аспаптық тексеру және электр жабдығының өртқауіпті күйін анықтауды жүргізудің әдістемелерінің апробациясы
Әдістеме апробациясы Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативті-техникалық құжаттармен белгіленген талаптарға сәйкес, объектілердің өртке қарсы қорғаныс жүйесі мен элементтерінің жұмыс істеу қабілеттілігін бағалау үшін; ҒЗЖ шеңберінде әзірленген аспаптық тексеру әдістемесін іс жүзінде тексеруді жүргізу үшін; әдістемені қолданудың тиімділігін, жеткіліктілігін, қолайлылығын және өзектілігін бағалау үшін; анықталған материалдардың ақпарттарын талдау және жинақтау үшін әзірленген тәртіп, әдіс және рәсімдердің барабарлығын анықтау мақсатында жүргізілді.
Өлшеу аспаптарын, құрылғыларын және өлшеу құралдарын аспаптық тексеру аясында олардың сынақтарын жүргізу үшін қажет ӨҚҚЖ техникалық сипаттарын талдау нәтижесінде өртке қарсы қорғаныс жүйесінің жұмыс істеу қабілеттілігін тексеруге арналған жабдықтар тізімі жасалынды.
Бөлімде әзірленген әдістемелік құжаттар апробациясы объектілерде жүргізілгендігі туралы мәліметтер келтірілген, соның ішінде:
Алматы қ., Медеу ауданындағы «Достык Плаза» СОСО;
Алматы обл., Заречный кенті, "Кнауф Гипс Қапшағай.Дэг-Дойче Инвестиционс Унд Энтвиклунгсгезельшарф Мбх Улесті қатысатын кәсіпорны" ЖШС;
Алматы қ., Достық 160 көшесі, Т«AFD Plaza» ТК, «Facility Management Group» ЖШС;
Алматы қ., «Құрылыс басқармасы» МКК;
Алматы қ., Медеу ауданы, Құлжа тракті мекен жайында орналасқан 3000 орындық Халық Арена мұз алаңы;
Алматы қ., Алатау ауданындағы 12000 орындық «Алматы Арена» мұз – болаттан жасалған құрылымдардың өрттен қорғау өңделімдерінің сапасын анықтау бойынша бақылау сынақтары;
Атлетикалық ауыл.
7 Бөлім Өртке қарсы қорғаныс жүйелеріне аспаптық тексеру жүргізуге қатысты нормативті-техникалық құжаттарға толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар
Бөлімде нормативті-техникалық құжаттарға толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін Ұсыныстар келтірілген:
1. «Өрт қауіпсіздігіне жалпы талаптар» техникалық регламентінде «аспаптық тексеру» ұғымын нормативті бекітпеу қажет;
2. «Ғимараттарды автоматтық өрт сөндіру және автоматтық өрт дабылы, өрт кезінде хабарлау және адамдарды көшіруді басқару жүйесімен жабдықтау бойынша талаптар» техникалық регламентіне техникалық регламенттің өрт сөндіру автоматика жүйесін (45 2 п.) пайдалануды қабылдауға қатысты ұсыныстар енгізу ұсынылады:
45. Жұмыс комиссиясы:
2) өрт сөндіру автоматикасы жүйесі мен қондырғыларына кешендік байқау жасайды. Өрт сөндіру автоматикасы жүйесі мен қондырғыларының кешендік байқау әдістемесі (өрт сынақтары) аспаптық тексеру әдістерін қолдану арқылы әр нақты жағдайға жұмыс комиссиясымен анықталады.
54. Өрт сөндіру автоматикасы жүйесі мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеу қамтиды:
1) жоспарлы алдын алу жұмыстарын жүргізу;
2) ақаулықты жою және ағымдағы жөндеуді жүргізу;
2.1) ақаулықты жойғаннан кейін өрт сөндіру автоматикасы жүйесі мен қондырғыларының жұмыс істеу қабілеттілігін бағалау және ағымдағы жөндеуді жүргізу аспаптық тексеру әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
3) дұрыс пайдалану мәселесі бойынша Тапсырыс берушіге Орындаушымен көмек көрсету.
61. Өрт сөндіру автоматикасының жүйелерімен және қондырғыларымен жабыдықталған объектіде келесі құжаттар болуы тиіс:
1) өрт сөндіру автоматикасының жүйесі мен қондырғыларына жобалық-сметалық құжаттама;
2) орындаушылық құжаттар (жұмыс сызбалар кешені), жасырын жұмыстар, зерттеулер және өлшеу актілері (бар болған жағдайда), аспаптық тексеру актілері.
3. «Объектілердің өртке қарсы қорғаныс жүйесі мен элементтеріне аспаптық тексеру жүргізу тәртібі» нормативті актін әзірлеу қажет, онда анықталады:
ӨҚҚЖ аспаптық тексеру жүргізу тәртібі;
аспаптық тексеру субъектілері мен объектілері;
зерттеу нәтижелерінің нақтылығын қамтамасыз етуге аспаптық тексеру субъектілерінің жауапкершілігін анықтау қажет.
4. ӨҚҚЖ аспаптық тексеру шаралары мемөртбақылау қызметкерлерімен өткізілетін өрт-техникалық зерттеулер сапасын жоғарылатуға бағытталған. Аспаптық тексеру жүргізуге аспаптық тексеру субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін мамандар ретінде ӨСЗ қызметкерлері тартылуы мүмкін. ӨСЗ қызметкерлерін сәйкес өкілеттілікпен үлестіру үшін аспаптық тексеру жүргізуге қатысты ӨСЗ туралы ережеге толықтырулар енгізу қажет.
5. Аспаптық тексеру нәтижелері бойынша құжаттарды (акт, хаттамалар) талап етуге қатысты Тексеру парақтарына [9] өзгерістер енгізу қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген зерттеулер негізінде:
- Электр жабдықтарының өртқауіпті күйін анықтау және ӨҚҚЖ аспаптық тексерудің субъектілері мен объектілері, сондай-ақ оның мерзімділігі анықталды.
Молекулалық спектрлік талдау әдісімен өрттен қорғау жабындарын сәйкестендіру;
Үлкейгіш өрттен қорғау жабындарын сәйкестендіру;
Электр жабдықтарының өртқауіпті күйін анықтау;
Ғимараттардың түтінді жою, түтінге қарсы желдеткіш жүйелерін тексеру және зерттеу бойынша аспаптық тексеру әдістемесі әзірленді.
- Әзірленген «Шаруашылық жүргізуші объектілердің өртке қарсы қорғаныс жүйесін және элементтерін аспаптық тексеру әдістерін қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар» объектілерде өртке қарсы қорғаныс жүйесі сынақтарының барлық түрін қамтиды және аспаптық тексеру жүргізген кезде қолданылуы мүмкін. Әзірленген әдістемелік құжаттар ӨҚҚЖ аспаптық тексеру шараларын жүргізу үшін әдістемелік негіз болып табылады.
- Объектілердің өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің жұмыс істеу қабілеттілігіне жүргізілген болмыстық сынақтар аспатық бақылау әдістерінің барабарлығын растады. Апробация барысында әдістеменің нақтылығы және дәйектілігі анықталды.
- Зерттеу аясында әзірленген электр жабдықтарының өртқауіпті күйін анықтауға арналған диагностикалық құралдың тәжірибелік үлгісі берілген міндеттерлі орындайды, бірақ қосымша тесттік апробация жүргізуді қажет етеді. Осы әзірленім бойынша пайдалы үлгіге патент алуға сұраным жіберілді.
- Осы қорытындыларға сәйкес объектілердің ӨҚҚЖ аспаптық тексерісін енгізу үшін қолданыста бар нормативтік құжаттарға сәйкес өзгерістер енгізу қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: |