Маңғыстау ауданы Жармыш селосы мкқК «Еркетай» балабақшасы Баяндама Тақырыбы



жүктеу 86,12 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі86,12 Kb.
#5262

Маңғыстау ауданы

Жармыш селосы МКҚК «Еркетай» балабақшасы


Баяндама

Тақырыбы:

«Отбасын педагогикалық-психологиялық қолдау және мектепке дейінгі ұйымдарда баланың дамуын жүзеге асыру жағдайында ата-ана құзыреттілігін арттыру»

Дайындаған:Аманчаева М.Р.

Жармыш 2015 жыл
Балам білім жолын қусын десеңіз,

Бесігінде-де ақ ілім шоғын көсеңіз.

Білім үйрет сәбиіңе сарыла,

Уыздай ұйыт,сүттей сіңір қанына.

Жүсіп Баласағұн

Бала негізгі өнегені алдымен отбасында ата-анасынан алады. Бала тәрбиесі – ана сүтінен басталып өмір бойы қалыптасқан күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.

«Жаста білген, баста сіңген тәлімің

Өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас» деп айтқандай балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын ұлттық сезім нышандары, сөз өнері оның болашақ шамшырағына айналып, руханибайлығын кеңейтеді. Оны туған жерге, елге халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу – аса жауапты міндеттердің бірі.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар – балабақша мен отбасы.

Осы екі арнада жүргізілген тәлім – тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ. Отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым – қатынасы талап етіледі. Бұл қарым – қатынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық» және «өзара қарым- қатынас» деген түсініктермен анықталады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында ата – аналарды мектепке педагогикалық үрдіске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс – әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады.

Мектеп жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара қарым – қатынас барлық нысыандары мен түрлерінің негізгі мақсаты – балалар, ата-аналар, педагогтар арасында сенімділік қатынасты орнату, оларды бір командаға біріктіру, өздерінің проблемаларымен бөлісу және бірлесіп шешу қажеттілігіне тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата – аналардың өзара сабақтастығы мен серіктестігін екі бағыт бойынша жоспарладық.


  1. Дәстүр:

ол ата – аналармен болатын балабақша және топ аралық жиналыстар.

  1. Дәстүрден тыс:

а) педагогикалық – психологиялық сауаттылыққа жетілдіру

ә) ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттеріне қатысу

б) әжелер клубы

в) ашық есік күні

г) конференциялар

ғ) дөңгелек үстел

д) әлеуметтік дамытушы орта

е) спортты отбасы.

Педагогикалық - психологиялық сауаттылықтарын жетілдіру.

Мақсаты: бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыру.

Отбасының тұрмыстық жағдайы, отбасы мүшелерінің саны, психологиялық жағдайы, мәдени білім деңгейі, ата- ана өнегесі зерттеледі. Осы мақсатта біздің балабақшада «Білгім келеді» тақырыбымен, «Қатынас», «Шығармашылық» білім салалары бойынша ересек топ тәрбиешілері ата – аналарымен бірлесе ашық сабақ берді. Сонымен қатар «Бала тілі – бал» топ газеттерін шығарды. Онда балалардың қызықты сәттері мен өз қиялдарынан шыққан тәтті сөздері жазып ілінді.

«Ата – анаға кеңес» атты топтық дәптерлерде ата – аналарға арналған кеңестермен танысып, өз ой пікірлерін жазып отырады.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттеріне қатысу.

Мақсаты: Өз балаларының дамуын басқалармен салыстыру, балабақшада баланың өзін – өзі ұстауы. «Баланы тағы да неге үйрету керек?» деген рефлекстік қызмет іске қосылады.

Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата – аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі заманауи талаптарға сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Міне, осыдан кейін ата – аналарға арналған лекциялар, сұрақ – жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата – аналарды педагогикалық оқулықтар, әдебиеттермен таныстыру әдіс – тәсілдері қарастырылады.

Ата – аналардың балабақшадағы балалардың өміріне мейлінше қызықты етіп өткізуіне үлес қосу үшін біздің балабақшада «Әжелер клубы» бар.

Балаларды қолөнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге үйретсе, кейбір ата – аналар декорация жасауға, артрибуттар жасауға жәрдем береді.

Ашық есік күні.

Ата – аналармен мейлінше кең тараған жұсымтардың бірі – ол ашық есік күні. Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен ережелерімен, тәрбиелеу – оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, олармен қызықтыра білуге және қатысуға мумкіндік береді. Ата – аналармен топтарға саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету. Олардан алған әсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап береді. Әңгімелерді жеке дара, ұжымдық түрде өткіземіз. Бұл екі жағдайда нақты міндет (нені анықтау қажеттілігі, немен көмектесуге болатыны) белгіленеді.



Тренинг жұмыстарын ұйымдастыру.

Тақырыптары



  1. «Бала ойыны»

  2. «Компьютердің бала өміріндегі орны»

  3. «Менің отбасым» т.б.

Кеңестер екі түрде ұйымдастырылады: жеке дара ата – анаға және топтық. Бұл кеңесте ата – аналардың белгілі білімдері, әдістерді меңгеруі, проблемалық мәселелерді шешуге көмек көрсету - кеңестердің басты мақсаты.

Семинар – практикум.

Бұл кейбір жас ата – аналармен өтілетін жұмыс түрі. Мұнда ата – аналарға тәрбие мен оқытудың әдістері мен тәсілдері туралы айтуға, кітапты қалай оқу керектігін көрсету, оқиға туралы әңгімелеуге, жазуға қолын жаттықтыруға мүмкіндік береді.Мәселен, төмендегідей тақырыптар алуға болады.



  1. «Балалардың кітапқа деген қызығушылығын ояту»

  2. «Теледидар баларды тәрбиелеуде дос па, әлде қаспа?»

Дөңгелек үстел.

Балабақша мен ата – аналар арасындағы адамгершілікті рухани қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ. Кеше ғана біздің балабақшада ата – аналар, топ ата – аналар төрайымдары,әжелер алқасы «дөңгелек үстел» өткізілді.

Тақырыбы: «Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайту және сабақтастықты жолдары». Балабақша психологі А. Бекқали «Баланың сұрағына қалай жауап беруге болады?» атты жаднама дайындай отыра баламен 10 – тәсілін үйретті. Әр ата – ана шақыру қағазымен шақырылды. Сонымен бірге бағдарламалар да таратылды.

Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.

Балабақшада білім жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше .

Даму барысы


  1. Зердесін дамыту

  2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту

  3. Қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту жоғары болу, өзі жасай алу сияқты қарапайым қажеттіліктер пайда болады.

Баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне байланысты дамиды. Мектеп жасына дейінгі кезең – қиялдың тез дамитын уақыты. Сондықтан қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады. (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта)

  1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (Бір заттан басқа бір затты көре бастауы)

  2. Екінші кезең – қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы.

  3. Үшінші кезең –ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі.

  4. Төртінші кезең – бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың басталуы (Бейнелерді қайта құруы,жасауы)

Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтер баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркем әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмысына жағдай жасау, яғни еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қатар қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады:

Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді.

Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да заттық байланыстың рөлі бар.

Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы – ой-пікірден оның іске асуына байланысты.

Біздің тәжірибемізге негіз болған 5-6 жастағы балалардың құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, қиялдың дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болды деп есептейміз. 6 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып қиял басқа да іс – әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы – баланың айналадағы әлемді танып білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі.Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады.Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс – әрекеттерін орындауынан ажыратылмайтындай. Ойын үстінде қалыптасқан қиял мектепке дейінгі бала іс – әрекеттерінің түрлеріне де ауысады.

Бала сурет салғанда, ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады. Сондай-ақ мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастар бар. Егер сәбилік шақтың өзінде қабылдау мен ойлау анықтауға болатын бағдарлау іс – әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс – әрекеттер үздіксіз күрделене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай,көргенімен мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс – әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс – әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды.

Біздің мақсатымыз – заман талабына сай шыншыл, жаңашыл, шығармашыл, адамгершілік рухы жоғары, мәдениетті, жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу. Баяндамамды мынадай қанатты, әрбір адам ойланып жүретін сөздермен аяқтағым келеді.

Туылғаннан ана мейіріміне қанып өскен баланың өмірге бейімделуі жоғары болады!



« Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек. Қолыңнан түк келмейді- дей берсең бала жасқаншақ, жасық болып қалады. Осыдан сақтану керек» - деп айтқан Мағжан Жұмабаев.

Маңғыстау ауданы

Жармыш селосы МКҚК «Еркетай» балабақшасы


Баяндама

Тақырыбы:

«Отбасын педагогикалық-психологиялық қолдау және мектепке дейінгі ұйымдарда баланың дамуын жүзеге асыру жағдайында ата-ана құзыреттілігін арттыру»

Дайындаған:Аманчаева М.Р.

Жармыш 2015 жыл
жүктеу 86,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау