61
ақпараттандырмайтындығы», және де олар «меймандос отбасы үшін
қажетті құжаттарды ресімдеуде тиісті қолдау жоқ» деп санайды .
ОТБҮ өкілдерінің басым көпшілігі мемлекет асырап алушы отбасыларға
ақшалай төлемдерді көбейту керек деп санайды . Қорғаушылық
отбасыларының бір бөлігі де осы пікірді ұстанады . Сонымен қатар көптеген
отбасылар асырап алушы отбасыларға тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие болу
үшін ипотекаға жеңілдіктер беру керек немесе мемлекет асырап алушы,
әсіресе көп балалы отбасыларына тұрмыстық жағдайларын жақсартуға
мүмкіндіктерді қарастыру керек деп санайды . Отбасылардың бірқатары
дәрілік заттарды алуға жеңілдіктер беру, сонымен қатар балаларға киім
беруді ақшалай өтеуге ауыстыру қажеттігін айтты .
15 . Асырап алушы ата-аналардың ережелерінде жеке бап болып әлеуметтік-
психологиялық қолдауда және балалар мен қатар отбасыларын да (ата-
аналарды) қолдау қажеттігі жазылған . Барлық сұхбат берушілер дерлік
асырап алушы, сонымен қатар әлеуетті асырап алушы ата-аналарға
оқыту сабақтары мен семинарлардың өткізілу қажеттігін айтты .
Ата-аналардың ойынша асырап алушы отбасыларының көпшілігі оларға
жүктелген қызметтерді жақсы атқарады, соған қарамастан асырап алушы
отбасы институтын дамыту және отбасылық пен бала - ата-аналыққарым-
қатынасты сапалы жақсарту үшін аса жемісті ата-аналарды материалдық
және моральды көтермелеп отыру, асырап алушы ата-аналарды таңдауды
қатаң қылу керек . Сонымен қатар қоршаған ортаның асырап алушы отба-
сы туралы түсінігін өзгерту және асырап алушы ата-аналардың өздерінің
жауапкершілігін арттыру керек . Білікті мемлекеттік органдар осындай
отбасыларға бақылау мен мониторинг жасап отыру, асырап алушы
отбасыларға материалдық және психологиялық қолдау көрсетіп отыру ке-
рек .
Асырап алушы және меймандос отбасыларының сауалнамалық
сұрақтарының сараптамасына қосымша әлеуметтік және экономикалық
тиімділік көзқарасынан жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балаларды жайғастырудың институционалдық және отбасылық фор-
маларын салыстырмалы сараптау мақсатында жүргізілген сарапшылық
сұрастыру мен кабинеттік зерттеудің қысқаша есебін ұсынамыз .
Жасалған зерттеулер негізіндеата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
балаларға қорғаушылықтың әртүрлі формалары сипаттамаларында оң
және теріс жиынтық кестені ұсынамыз* .
*
Бұл кесте «Жетім балаларды деинституционалдандыру жолдары Алматы, Уральск ққ . 2004
жылғы Осы күндік жетімдік жағдайы . Әртүрлі қорғаныштық формаларға салыстырмалы сарапта-
ма . Ұсыныстар .» жобасы аясында «САНДЖ» Зерттеу орталығымен дайындалды .
3-тарау. Әлеуметтік-экономикалық сараптама