69
4-тарау. Сөйлемдер туралы қызметтің өзгерісінің
4 . Алмастыратын отбасылардың болуы және дайындығы (патронаттық
отбасы, қамқоршылар/қорғаншылар, меймандос және асырап алушы
отбасылар);
5 . Өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларды қолдау және балаларды
отбасыларға орналастыру бойынша іс-шараларды бұқаралық ақпарат
құралдарында тарату көлемі/халықтың хабардар болуы .
Интернат мекемелерінің профилін отбасыны қолдау қызметіне
өзгерту бойынша халықаралық тәжірибелер (Ресей Федерациясы
аймақтарының тәжірибесі [12], сондай-ақ Сербия Республикасының
тәжірибесі [13]) орталық және аумақтық билік органдарының жолға
қойылған жұмысын қажет етеді .
Өз кезегінде осындай тапсырманы Қазақстан Республикасының
Президенті 2014 жылдың соңында берген болатын; Қазақстан Республи-
касында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-
адамгершілік құндылықтарды нығайту бойынша жалпы ұлттық іс-шаралар
жоспары әзірленді .
Осылайша, Қазақстанда отбасыларды алмастыратын отбасын қолдау
институтын сатылы түрде енгізу жоспары (жол картасы) мен аталған іс-
шараларды қоғамда кеңінен насихаттау (қоғамды хабардар ету) қажеттілігі
туындап отыр .
Интернат мекемелерінің профилін отбасыны қолдау орталығына
өзгерту процесі келесілерді қамтуы тиіс:
1 . Республикалық және аумақтық жол карталарын әзірлеу;
2 . Әр кезеңде нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштерін әзірлеу және
нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштерінің мәліметтерін аймақ
басшылығының жұмыс көрсеткіші ретінде жергілікті атқарушы
органдардың есебіне қосу;
3 . Бюджет қаражатын кадрларды даярлауға және алмастыратын от-
басылар мен өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларды қолдауға,
халықты жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала-
ларды асырап алу формалары мен шарттарынан хабардар етуге
қайта бөлу .
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы меймандос
және асырап алушы отбасылар институтын енгізгенге дейін «патронаттық
отбасы» және «қамқорлық» формаларын пайдалануға мүмкіндік береді .
Кадрларды даярлауды Республикалық білім беру жүйесінің жетекші
және ғылыми-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру институты
арқылы жүзеге асыру қажет . Оның қызметінің негізгі мақсаты жетекші және
70
педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, білім
беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады .
Мұндай әдісті қолданғанда, Ресей Федерациясының аймақтық
тәжірибесіне қарасақ оң нәтижелерге қол жеткізу мерзімі 5 (бес) жылдан
аспайды .
Аталмыш әдістемелік құралда балалар үйін отбасыны қолдау
қызметіне өзгерту жоспары келесілерді қамтиды:
1) балалар үйі ұжымының мекеме функциясын өзгертуге және бала-
лармен және отбасылармен жұмыс істеу үшін материалдар мен оқу
қажеттігіне дайындығын бағалау;
2) балалар үйінің базасында эксперименттік алаң құру;
3) Отбасын қолдау қызметі туралы ережені әзірлеу және бекіту;
4) Отбасын қолдау қызметі мен балалар үйі қызметкерлерінің функция-
ларын қайта қарау;
5) Отбасын қолдау қызметі мен балалар үйі қызметкерлерінің
функционалдық міндеттерін қайта қарай отырып, жұмыс жоспарын жа-
сау;
6) Отбасын қолдау қызметін құжаттау (бала мен отбасының кешенді кар-
тасы, баланы қорғау жөніндегі жеке жоспар, Консилиум, Мобильді брига-
да, консультациялар, жоспарлау және есептілік);
7) ОҚҚ қызметкерлерін қорғаншылық кеңесіне қосу;
8) көшпелі мобильді команданы құру . Оқыту тренинг-семинарларын
өткізу:
- Отбасыны зерттеу мақсаты мен әдістері;
- Мәліметтер қорын жүргізу, карталау, жеке жоспарлау;
9) қызмет, қамқоршылық органдары мен интернат мекемелерінің
қызметкерлері үшін оқыту тренинг-семинарларын өткізу . Отбасын қолдау
қызметі мен балалар үйінің қызметкерлеріне арналған оқыту тренингі:
«Отбасымен және баламен жұмыс істеудің психологиялық негіздері»;
10) балалар мен отбасыларға көмек көрсетуде кешенді тәсілді
қамтамасыз ету үшін мекеме аралық қарым-қатынасты қалыптастыру
мақсатында балалар құқығын қорғаумен айналысатын мекемелердің
жұмыс барысыда кездесулерін өткізу;
11) Балалар мен асырап алушы ата-аналыққа үміткерлер мәліметтерінің
банкін құру және оның жұмысы;
12) Туған отбасылар мәліметтері банкін құру және оның жұмысы;
13) Қатер тобындағы отбасылар мәліметтерінің банкін құру және
оның жұмысы;
71
14) мобильді бригадалардың отбасыларға көмек көрсету үшін
облыстарға шығуы;
15) Консилиум жұмысын ұйымдастыру;
16) балаларды өз отбасымен табыстыру;
17) тәрбиелеудің отбасылық формаларын дамыту (асырап алу, патро-
нат, қамқорлыққа алу);
18) Ата-аналар мектебін ұйымдастыру және оның жұмысы;
19) коммуникациялық кампания;
20) эксперимент нәтижелері:
- өзгерту моделі;
- ОҚҚ жұмысының механизмдері мен стандарттары бойынша ұсыныстар;
- қызметкерлердің функционалдық міндеттері, қызметкерлерге
қойылатын талаптар, мекеме құрылымы, штаттық кесте, балалар үйінің
Жарғысын қарастыру бойынша ұсыныстар;
- өзгерту кезеңдері бойынша әдістемелік құрал .
21) балалар үйін ОҚҚ кезең бойынша өзгерту үшін заңнамалық базаны
қамтамасыз ету (мәртебесін бекіту, жарғыны, мекеме атауын, штаттық
кестені, құрылымды өзгерту);
22) күндіз келу бөлімшесін ашу;
23) кезең бойынша өзгертуді қаржыландыру жобасын әзірлеу;
24) өзгерту процесін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттен
қаражат бөлу;
25) қызметкерлерді қайта даярлау және оқыту;
26) отбасы типі бойынша балалардың тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету
үшін ғимаратты қайта жобалау (отбасылық-тәрбиелеу топтары);
27) семинарлар өткізу, тәжірибе алмасу;
27) ғылыми-әдістемелік қызмет;
28) ОҚҚ қызметінің мониторингі:
29) отбасыларға консультация беру .Қолдау және мониторинг .
Сонымен қатар, Ресей Федерациясы мен Сербия Республикасының же-
келеген аймақтарының тәжірибелерін, сондай-ақ жетім балалар мен ата-
ана қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру жүйесіндегі ағымдық
ахуалды ескере отырып, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған интернат ұйымдарының профилін өмірлік қиын
жағдайда қалған отбасылар мен балаларды қолдау орталықтарына өзгерту
мақсатында келесі іс-шараларды жүргізу ұсынылады:
1 . Өмірлік қиын жағдайда қалған отбасылар мен балаларды қолдау
орталығы туралы типтік ережені әзірлеу және бекіту;
2 . Өмірлік қиын жағдайда қалған балалар мен отбасыларды қолдау
4-тарау. Сөйлемдер туралы қызметтің өзгерісінің
Достарыңызбен бөлісу: |