66
10 . Меймандос отбасы тәрбиелеудің отбасылық формасы болмауына
қарамастан, бүгінгі күнде асырап алыну немесе қорғаншылыққа
әлде патронатқа кетуге мүмкіндігі жоқ жетім балаларды тәрбиелеудің
ең тиімді әдісі болып табылады . Ол әсіресе үлкен жастағы, асы-
рап алушы отбасына кету мүмкіндігі мүлдем дерлік аз балалар
үшін маңызды . Меймандос формадағы тәрбиеленудегі балаөзінің
араласу аясын кеңейтуге мүмкіндігі бар, сонымен қатар олөмірлік
маңызды дағдыларды үйренеді, оның ішінде әртүрлі адамдармен
араласу дағдыралы және шынайы өмірлік жағдайлардағы әрекет
ету формалары қалыптасады .
Сарапшылардың пікірінше отбасылық орналастырулардың кез келген
формасы, сонымен қатар меймандос отбасылықтың өзі егер олармен
мамандар жұмыс жасаса, тиімді болып, күтілетін нәтижелерді бере ала-
ды . Негізгі қиындық бүгінгі күнде қорғаншылық пен қамқорлық орган-
дары алмастырушы отбасыларына бақылау органы және көмектесуші
субъект ретінде де әрекет жасайтындығы болып тұр .Бірақ онда істейтін
мамандардың штаттық санының аздығы мен еңбекақы деңгейінің
төмендігін ескере отырып, бұл екі қызметте орындалуы мүмкін емес .
Сарапшылардың айтуынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы
асырап алушы отбасыларын қолдау қызметін аса тиымды атқара ала-
тын қоғамдық, сонымен қатар коммерциялық ұйымдар атынан арнайы
әлеуметтік қызметтерге көмек қызметіне құқық тарату керек .
67
4-тарау
ЖЕТІМ БАЛАЛАР МЕН АТА-АНА ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ
ҚАЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ИНТЕРНАТ
ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПРОФИЛІН ӨМІРЛІК ҚИЫН
ЖАҒДАЙДА ҚАЛҒАН ОТБАСЫЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫ
ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫНА ӨЗГЕРТУ ТУРАЛЫ
ҰСЫНЫСТАР
алықаралық ЮНИСЕФ ұйымы жүргізген зерттеулерге қарасақ,
соңғы уақытта Еуропаның көптеген елдері, ТМД елдері (Ресей,
Беларусь) баланың қамқорлық мекемесінде тәрбиеленуі оның дамуы
мен денсаулығында із қалдыратынын мойындай бастады . Көптеген
зерттеулер мекемелерде өсіп келе жатқан балалардың физикалық,
эмоционалдық, әлеуметтік және когнитивтік дамуында тежелулер бар
екенін көрсетіп отыр . Негізінен отбасы – бала үшін табиғи қорған . От-
басында балаға қамқорлық, күтім жасайды, қорғайды . Отбасындағы
әр бала – жеке тұлға . Мекемеде тұлғалық ұғым ұжымдық ұғым
көлеңкесінде жоғалады .
Баланың өмір сүруі және отбасында тәрбиеленуі заңмен бекітілген .
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007 жылғы 21 желтоқсанда қабылдаған
«Қазақстан балалары» бағдарламасында интернат мекемелерінің
функцияларын сатылы түрде өзгертудің маңыздылығы көрсетілген .
Тәрбиеленушілерді отбасыларға орналастыру немесе отбасылық жағдайға
жақын жағдай жасау – жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз
қалған балалардың әлеуметтік тұрғыдан сәтті бейімделуінің маңызды бір
механизмі ретінде қарастырылады .
ЮНИСЕФ-тің ресми сайттарында жарияланған мәліметтерге сәйкес,
сондай-ақ жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды
интернат мекемелеріне орналастырудан бас тарту мәселесі бойынша Ре-
сей мен Өзбекстан сияқты елдер жүргізген зерттеулерді талдасақ, атал-
мыш бағыттағы жұмыстар Қазақстанда 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді .
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы тура-
лы» кодексіне сәйкес жетім балаларды, ата-ана қамқорлығынсыз қалған
балаларды орналастырудың келесі түрлері қарастырылған:
Х
68
1 . Қорғаншылыққа және қамқорлыққа алу .
2 . Патронаттық отбасыларға беру .
3 . Асырап алу .
Сонымен қатар, бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер
мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінің
жұмыс тобының талқылауында жатыр . Онда балаларды орналастырудың
«меймандос отбасы» және «асырап алушы отбасы» сияқты формаларын
енгізу қарастырылады . Бұл арадағы меймандос отбасы институтын енгізу
Қазақстан Республикасының Президенті Н .Ә .Назарбаевтың тапсырмасына
сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2014
жылғы 28 қарашадағы өкімімен бекітілген 2015-2020 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасындағы отбасылық қатынастарды, моральдық-
этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту бойынша
жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарында қарастырылған .
Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
интернат ұйымдардың профилін өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар
мен отбасыларды қолдау орталықтарына өзгерту бойынша ұсыныстарды
әзірлеген кезде 2008 ж . Шымкент қ . «Гармония» психологиялық отбасылық
орталығы» ҚБ Қазақстан Республикасындағы «ЮНИСЕФ» БҰҰ Бала-
лар қоры өкілдігінің қолдауымен Оңтүстік Қазақстан облысының Білім
департаментімен бірлесе әзірлеген «Интернат мекемесінің функциясын
отбасыны қолдау қызметіне өзгерту» атты әдістемелік құралы (әрі қарай –
Әдістемелік құрал) негізге алынды .
Әдістемелік құралда ұсынылған балалар үйін отбасыны қолдау қызметіне
өзгерту жоспары қазақстандық балалар үйінің бірі үшін әзірленген, яғни
Қазақстандағы қазіргі жағдайға бейімделген .
Сонымен қатар, интернат мекемелерінің профилін отбасыны қолдау
қызметіне (отбасыны қолдау орталықтары) өзгертудің халықаралық
тәжірибесі зерттелді .
Зерттелген тәжірибе процестің 5 жылдан 15 жылға дейінгі ұзақтығын
көрсетеді . Интернат мекемелерінің профилін өзгерту жобасын жүзеге
асыру мерзіміне келесі факторлар ықпал етеді:
1 . Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы үшін нормативтік-құқықтық
базаның дайын болуы;
2 . Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы үшін мамандардың
дайындығы;
3 . Отбасылармен жұмыс істеу үшін, дағдарыс жағдайларында және
т .б . жұмыс істеу үшін интернат мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін
арттыруға қаржы бөлу;
Достарыңызбен бөлісу: |