135
өрнектері өзіндік стильдерімен ерекшеленеді. Біз солардың ішіндегі халық арасына кеңінен
тараған «мүйіз» тектес ою-өрнегінің ерекшелігі басым болғандығын атап айтамыз. Ол әрине
малшаруашылығымен айналысқан қазақ халқының көшпелі өмір салтымен тығыз
байланысты туындаған. Өйткені, барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек
атаулары ғана өзгеріп отырған.
Мысалы, «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «бұғы мүйіз», «қырық мүйіз», «қос мүйіз»,
«сыңар мүйіз», «сынық мүйіз», «құс қанаты», «түйе табан», «қаз табан», «төрт құлақ» және
т.б. Қолөнер шеберлері осы элементтердің сан түрлі композициясын жасап, бұйымдарға
ұтымды пайдаланып келеді.
Әсіресе киіз үй жасауларында, текеметтің ортасына «қошқармүйіз» шет-шетіне
«тұмар», «шаршы» оюлары салынады. Мұнысы туған жердің төсін толтырған отар-отар қой
болсын деген халықтың арман-тілегін көрсетеді. Сол тәрізді, «тау», «гүл», «бауырсақ»,
«ботагөз», «қарғатұяқ», «түйетабан» және т.б. оюлар халықтың рухани өмірі, ұлттық салт-
дәстүрлері, наным-сенімдері, табиғатқа сүйіспеншілігі. Мысалы, бөтен жерге, алыс ауылға
ұзатылған қыз баланың біраз уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберу дәстүрі
болған. Сәлемдемеге жас келіншек өзінің күйеуге шыққанан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-
өрнекпен бейнелеп, туысқандарына деген сағынышын сезімін, көңіл-күйін білдіріп отырған.
Қазақ ұлттық ою өрнек өнерінің тәрбиелік, тағылымдық мүмкіндіктері жоғары, өйткені ол
ұрпақ тәрбиесіне кешенді түрде әсер етеді. Ғұлама ғалым Ә.Марғұланның «Қазақтар ою
өрнектер әлемінде өмір сүреді» дегеніндей қазақ халқының рухани және әлеуметтік өмірінде
маңызды роль атқаратын бұл өнер түрін жас ұрпақтың игермеуі мүмкін емес.
Қазiргi күнге дейiн қолданбалы өнер туындылары, оның ішінде ұлттық киімдер - көбiнесе
тұрмыс тiршiлiкте эстетикалық бұйым ретiнде пайдаланып келедi. Осы орайда біз, отандық
дизайнерлердің қазіргі киім үлгілеріне адам келбеті мен әшекей бірлестігін дәріптейтін игі
дәстүрлерді сақтай отырып, қазақша киімнің қонымдылығын, пішімін мұқият ойластырып,
дәстүрлі ою өрнектерді қолдануды кеңейтуде. Мысалы, жастардың киім-кешегінде жас
ерекшеліктерімен байланысты европалық үлгі мен халықтық нұсқа қатар пайдаланылып келе
жатқандығының өзінде де үлкен мән бар. Тіптен соңғы кезде үйлену салтанатына киетін той
киімдері, кешкі сәндік үлгідегі киімдер де ұлттық нақышта өріс ала бастады.
Десек те, халықтық қолданбалы өнердегі ою өрнекті дәстүрлі ұлттық киімдердің осы
заманға лайықты үлгілері жағдайында ұсынуда осы ұлттық өнеріміздің салт-дәстүрімізге сәйкес
ашылмай жатқан құпия сырларымен қоса, толық тотемдiк, магиялық мағынасы ғылыми
тұрғыда дәлелденбенген тұстары көп екенін көрсетеді. Сондықтан, әлi де болса ғылыми
тұрғыда олардың тәрбиелiк мәнiн аша түсу керек.
Ою-өрнек күрделі ерекше сызықтар жиынтығы. Киімдегі кездесетін ою-өрнектегі
сызықтартарға тоқталсақ, ол тұтынушының көзқарасын, форманың тұрақтылығы мен
қозғалысын білдіреді. Демек, біздің ойымызша сырлы сызықтардың қасиеттерін білу - киім
үлгілеу мен таңдаудың негізгі қағидалары болып табылады. Сызықтардың кейбір
қызметтеріне тоқталайық:
Көлденең (горизонталь) сызық бұйымның енін көрсетіп, тұрақтылықты, тыныштықты,
толымдылықты білдіреді.
Тік (вертикаль) сызық бұйым адам бойының - ұзындығын білдіріп, мықтылықты,
беріктікті, орнықтылықты сипаттаған.
Көлбеу (наклонные) сызықтар да белгілі қызмет атқарады. Мәселен, көлбеу сызықтар
қозғалысты сипаттап, форманы өзгертуге пайдаланылған.
Бұл сызықтардың түп төркіні - топологиялық қисық сызықтар. Қисық сызықты түзету-
ге, ал түзуді неше түрлі қисық сызыққа айналдыруға болады.
Қисықтың өзі де: жүрекше - кардиоида, толқын - синусоида, жарты дөңгелектер - цик-
лоида, бұрым - локон т.т. болып жіктеле береді.
Сызықтар өзара неше түрлі қатынаста (перпендикуляр, параллель жарыспа, қиы-
лысушы, тең, кем, артық, беттесетін) болады.
Сызықтар бір-бірімен тоғысып, түйіндеседі, яғни белгілі ереже бойынша кездестіріледі,
түйіндесудің басты ұғымы қисықтың радиусы. Сызықтар бір-бірімен бір немесе бірнеше ра-
диус бойынша тоғысады. Олар адамға түрліше әсер етеді. Ұлттық киімдердегі,
136
костюмдердегі жолақтар, оралымдар - спиралдар, қиықтар, үшкілдер, баулар, ызбабаулар,
шашақтар, тістер, құрымдар-бахромалар, сайлар-драпировкалар, өткермелер, толқындар мен
иректер, қошқар мүйіздер, түйетабандар, тышқаніздер, қоймүйіздер, қайып тігулер,
оймыштар, тартпалар, тоғалар осылардың мысалдары.
Қисықтық радиусы тұрақты сызықтар тыныштықты бірқалыптылықты, ұстамдылықты
білдіреді, сезімталдық тудырады. Ал, қисықтық радиусы өзгеріп отыратын сызықтар
тынымсыздықты, өзгермелікті, сезімталдықты білдіріп, белсенді эмоция тудырады. Бір
қарағанда бұлар қызығушылықты туындатып, адамды жалықтырмайды, қайта өзіне тартып,
еліктіреді.
Ұлы Аристотель: «тәлім-тәрбиенің негізі - халық тәжірибесінде»- десе, ұлы ғұлама әл-
Фараби бабамыз: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген
білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»-дегендей,
жастарға этнопедагогика ғылымының негізінде халықтық қолданбалы өнер туындылары
арқылы ұлттық және экологиялық тәрбиені меңгерте білсек, болашақ қоғам иелері
жасөспірімдер мен жастардың қоғамдық санасын, рухани-адамгершілік, отансүйгіштік
қасиеттері мен бәсекеге қабілеттілігі дамйды.
Қорыта келгенде, халықтық педагогикада ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырларға
ұласқан ұрпақ тәрбиелеудегі эмпирикалық тәжірибесінің негізіндегі озық үлгілерінің
жиынтығы екенін ескере отырып, экологиялық тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге
асыратын халықтық қолданбалы өнер - ұлттық құндылықтардың қайнар көзі экологиялық
мәдениеттің құралы екендінгіне көз жеткізу әбден мүмкін.
Әдебиеттер тізімі
1. Н.Ә.Назарбаевтың 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
2. ҚР "Білім туралы" Заңы. 2011.
3. "Айналадағы ортаны қорғау туралы" Заңы 1997.
4. "Қазақстан Республикасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2050 бағдарламасы" 1996.
5. "Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы" 2004.
6. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. I т. Құр.Қ.Жарықбаев.,С.Қалиев. А.:Рауан, 1994.320 б.
7. Шалабаева Г.К. Этнос.Культура.Самосознание.А.:Атамұра,1995.240 б.
8. Сарыбеков Н.,Сарыбеков М.,Сарыбеков Қ. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері. А.:Рауан.
1996, 51 б.
УДК 14.35.07
НЕОБХОДИМОСТЬ МОДЕРНИЗАЦИИ ДУХОВНОГО СОЗНАНИЯ СТУДЕНТОВ
КАЗАХСТАНСКИХ ВУЗОВ В РАМКАХ ПЕРЕХОДА К «ЗЕЛЕНОЙ» ЭКОНОМИКЕ
Магистрант 1 курса: Сандибекова А.К.,
Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева
Научный руководитель: доктор педагогических наук, профессор Длимбетова Г.К.
e-mail Aiizasoul@gmail.com
Аңдатпа: Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі Қазақстан Рес-
публикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған қоғамдық сананы модернизациялау тұжы-
рымдамасының қолданыстағы моделіне ықпалдасу кезеңін бастан кешуде. Әлеуметтік сананы
жаңғыртудың басты бағыты - рухани сананы дамыту.
Түйін сөздер: рухани сана, даму, жаңғырту, студенттер
Abstarct:Today the education system of the Republic of Kazakhstan is experiencing a period of
integration into the existing concept of modernization of public consciousness, proposed by the Presi-
dent of the Republic of Kazakhstan, N.A Nazarbayev. At the same time, the main direction of modern-
ization of social consciousness is the development of spiritual consciousness.
Достарыңызбен бөлісу: |