Сборник материалов международного научно-практическоого семинара «Научные подходы к экологизации системы образования в условиях развития «зеленой экономики»



жүктеу 8,19 Mb.
Pdf просмотр
бет66/156
Дата01.02.2020
өлшемі8,19 Mb.
#27912
түріСборник
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   156

133 
 
УДК 37.017.4 
 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ 
ДАМЫТУДЫҢ ҚҰРАЛЫ 
 
п.ғ.д., профессор Шалғынбаева Қ.Қ. 
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының 
меңгерушісі,. Астана қ. 
 
Аннотация:  В  данной  статье,  в  целях  возрождения  общественного  сознания  личности  на 
основе  взаимоотношений  в  системе  «природа-общество-человек»,  рассматриваются 
актуальные 
вопросы 
совершенствования 
экологической 
культуры 
посредством 
национальных ценностей прикладного исскуства казахского народа.  
Ключевые  слова:  «природа-общество-человек»,  экологическая  культура,  национальные 
ценности, прикладное исскуства, национальное самосознание. 
 
 Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  12  сәуірдегі  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру  атты 
баяндамасында:  «Мен  Қазақстандықтардың  ешқашан  бұлжымайтын  екі  ережені  түсініп, 
байыбына барғанын қалаймын, ол ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмай, салт-дәстүріміз, 
тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз 
боймызда мәңгі қалуы тиіс, олар сақталмаса ешқандай жаңғыру болмайды»- деген міндеттері 
ел болашағының негізі десек, ал оның мақсаты - жеке тұлғаның қоғамдық сана-сезімін, туған 
жерге  сүйіспеншілігін,  ұлттық  мінез-құлқын,  ар-намысын  қалыптастыру,  дамыту  болып 
табылады. Олай болса, бүгінгі таңда білім берудің негізгі міндеттері – жеке тұлғаның білімін, 
біліктілігін,  дағдысын  қалыптастыруға  қол  жеткізу  ғана  емес,  қазақ  халқының  ұлттық 
құндылықтары  негізінде  ертеңгі  қоғамның  бәсекеге  қабілетті  белсенді  азаматын 
қалыптастыру [1]. 
  Себебі,  "табиғат  -  қоғам  -адам"  жүйесіндегі  қарым-қатынастардың  шиеленісуі 
жылдан-жылға  күшейіп,  экологиялық  зардаптар  тіршілікке  қауіп  төндіріп  отыр.  Осыған 
байланысты  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  бұйрығымен  "Білім  туралы"  Заңы 
2007,2011, [2]. "Айналадағы ортаны қорғау туралы" Заңы 1997, [3]. "Қазақстан Республикасы 
стратегиялық  тұрақты  даму  жолына  арналған  2050  бағдарламасы"  1996,  [4].  "Қазақстан 
Республикасы  экологиялық  қауіпсіздігі  тұжырымдамасы"  2004  және  т.б.  құжаттар 
қабылданды. [5]. 
  Өйткені, қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын табиғат  – адамның дүниетанымын 
дамыту  құралы  ретінде  орын  алып,  оған  ерекше  көңіл  бөлінген.  Оған  дәлел  адам,  қоғам, 
табиғаттың  арасындағы  сабақтастықты  түсіндіруде  пайда  болған  Әл-Фараби,  Қашқари, 
Баласағұнидің  философиялық  ой-пікірлері.  Шетел  классик  ағартушылары  Я.А.Коменский, 
Ж.Ж.Руссо, 
И.Г.Пестолоццидің 
еңбектері 
мен 
Ш.Уәлиханов, 
Ы.Алтынсарин, 
А.Құнанбаевтардың  таным  туралы  ілімдері.  Табиғатты  тәрбие  құралы  деп  қараған 
К.Д.Ушинский,  Н.К.Крупская,  Е.Н.Водовозова,  Е.И.Тихеева,  Л.К.Шлегердің  еңбектерінің 
орны ерекше. [6]. 
  Соңғы  жылдары  көптеген  зерттеушілер,  Қазақстанның  эколог-педагог  ғалымдары 
экологиялық  білім,  экологиялық  тәрбие  мәселелерімен  шұғылданып,  бұл  жалпы  білім 
беретін  мектептердің  алдында  тұрған  күрделі  міндеттерді  шешуге  атсалысуда.  Атап 
айтқанда: Н.С.Сарыбеков, Ә.С.Бейсенова, М.Н.Сарыбеков, Ж.Б.Шілдебаев., Длимбетова Г.К. 
және  т.б.  ғалымдар  өз  еңбектерінде  экологиялық  білім  мен  тәрбиеге  баса  назар  аударса,  ал 
Ө.Т.Танабаев, С.Әбубәкіров, Қ.Нұрланова, З.Серікқалұлы, Д.Н.Сарыбеков, К.Ж.Бұзаубақова, 
Г.К.Құрманбаева, 
М.А.Лигай, 
А.Болтаев, 
Г.М.Сабденалиева, 
С.Тілеубергенов, 
Д.І.Жангельдина,  В.П.Кәрібжанова,  А.Қ.Егенисова,  Н.Т.Есеналина,  К.И.Исламова  және  т.б. 
ғалымдардың  зерттеу  жұмыстары  экологиялық  білім  мен  тәлім-тәрбие  берудің  әдістемелік 
жолдары  мен  шарттарын  қарастырды.  Психологтар  Л.Выготский,  С.Рубинштейн,  И.Кон, 
Е.Кудрявцева,  В.Ясвин,  Л.Божович,  М.Мұқанов,  Т.Тәжібаев  және  т.б.  ғалымдар  өз 


134 
еңбектерінде  жеке  тұлғаның  экологиялық  ұғым-түсініктерін  қалыптастыру  қоршаған 
ортамен  қарым-қатынаста  психологиялық  жас  ерекшеліктерін  ескергенде  ғана  нәтижелі 
болады деген пікірлер айтқан. [7]. 
  Мәселен, С.Рубинштейн әрбір жеке адамның қоршаған ортамен байланысының басты 
ерекшелігінің бірі  – қарым-қатынас деп санайды. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасы мен 
мінез-құлық  нормаларын  қалыптастыру  екенін  көрсете  отырып  “...басқа  адамдармен 
жарасымды қарым-қатынасқа ену, сол адамдардың ізгілікті тіршілік етуіне жағдай жасау, ол 
тек  кемел  адамның  қолынан  келуі  мүмкін,  ал  ол  дегеніміз  –  дүниеге,  өмірге,  табиғатқа 
шынайы сүйіспеншілік қатынастағы адам” - дейді. [8]. 
  Осы  орайда,  Шоқан  Уалиханов:  «...көшпелі  қазақ  халқының  бір  өзгешелігі  –  олар 
өлең-жырға,  өнерге  бай,  шебер  келеді...мұндай  қасиеттердің  басым  болуы  алаңсыз  көшпелі 
өмірі әсер етті ме, әлде ұшы-қыйыры жоқ жасыл дала мен моншақтай тізілген жұлдыздары 
көп ашық аспанды сұлу табиғат әсер еттіме кім білсін»-деген өзінің қолжазбаларында.  
 Расында  да,  қазақ  халқының  қолданбалы  өнері,  ежелден  келе  жатқан  кәсіп,  ол 
халықтың  өмірімен,  тұрмысымен  бірге  дамып,  ұрпақтан  ұрпаққа  беріліп  отырды. 
Қолданбалы  өнер  туындыларының  иесін  «шебер»  деп  атап,  шеберлер  табиғаттың  әсем 
көріністерін  қолөнер  бұйымдарында  жиі  қолданды.  Қолөнер  әлем  халықтарының  бәрінде 
бар.  Сонымен  қатар  әр  елдің,  әр  халықтың  тарихи  дамуына,  тұрмысына,  әлеуметтік-
экономикалық,  мәдени  ерекшелігіне,  эстетикалық  талғамына,  экологиялық  мәдениетіне 
байланысты  өзіндік  ерекшелігімен  өшпес  із  қалдырып  келеді.  Қазір  кезде  қолөнер 
элементтерін  үй  интерьерінде,  киім  сәндеу  үлгілерінде,  табиғаттың  сұлу  көріністерінен 
пейзаждар  жасауда  және  т.б.  тұрмыстық  бұйымдарда  көп  қолданылып  жүр.  Олардың 
орындалу  технологиясына  да  ерекшеліктер  енгізіліп  отыр.  Мысалы,  ою-өрнекпен 
әшекейленген  бұйымдарда,  табиғаттың  сұлу  көрінісі,  киім-үлгілеріндегі  моншақтармен, 
түрлі-түсті тастармен безендіру жиі кездеседі.  
 Себебі,  халықтық  қолданбалы  өнер  -  ұлттық  мәдениеттің  негізі  болып  табылатын 
этнопедагогикалық, экологиялық білім беру мен ұлттық тәрбие берудің басты құралдарының 
бірі. Сондықтан, халқымыздың көптеген ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесін, ақыл-
ойы  мен  асқақ  арман-тілегін,  әдемі  рәсімін,  инабаттылығы  мен  ар-намысын,  туған  елге, 
жерге  деген  адамгершілік  көзқарасын  жас  ұрпаққа  жеткізе  алатын,  дарыта  алатын  құрал 
қолөнер  туындылары.  Сонымен  қатар  мәдениет-  адамдардың  бірлесе  ғылыми,  моральдық-
әлеуметтік,  көркем  және  техникалық  құндылықтар  жасаудағы  қарым-қатынастардың 
жиынтығы.  Оның  мәнін  адамның  өзіндік  адами  еңбегімен  байланысты  туындайтын  өнім 
ретінде бағалауға болады. 
  Өйткені, мәдениет адамдардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, сондай-
ақ  олардың  материалдық  және  рухани  байлықты  жасауынан  көрінетін  қоғам  мен  адамның 
белгілі тарихи даму дәрежесі. Демек, қоғамның оқу, білім, ғылым мен өнер салаларындағы 
жеткен жетістігі. Мәселен, дәстүрлі халықтық қолданбалы өнердің ішіндегі «қазақ ұлттық ою 
өрнек өнері» - өнердің басқа түрлерінен өзгеше болып келеді. Оның өзінің ұлттық болмысы, 
табиғи  сипаты  бар.  Ол,  қазақ  халқының  дәстүрлі  өмір  салтымен,  материалдық,  рухани 
дүниесімен,  халықтың  психологиясымен  ерекшеленетін  әлем  мәдениетіндегі  өз  орнымен 
сипатталады.  Кез  келген  әрбір  халықтың  ұлттық  дүниетанымы,  мәдениеті  өзіне  тән  өнер 
туындыларымен ерекшеленетіні өмір шындығы.  
 Қазақ  халқы  «Жігітке  жетпіс  өнер  де  аз»,  «Өнерді  үйрен  де  жирен»  деп  ақыл-кеңес 
бере отырып, ер бала мен қыздарды ағаш өңдеу, металл өңдеу, етік тігу, тас өңдеу, қыш құю, 
тері  өңдеу,  тоқыма  тоқу,  киім  пішу,  тігін  тігу,  кесте  тоқу  және  т.б.  қолөнер  түрлеріне 
баулыған.  Осы  орайда,  қазақ  халқының  қолөнерін  тарихи-этнографиялық  тұрғыда 
сипаттайтын 
зерттеулерге 
Ә.Марғұланның, 
Х.Арғынбаевтың, 
С.Қасимановтың, 
Ө.Жәнібековтың  монографиялық  еңбектерін  жатқызуға  болады.  Оларда  ұлттық  қолөнердің 
200-ге жуық түрін атап, бірқатар ою-өрнектердің атауларына кеңінен тоқталады.  
Ою  өрнекпен  әшекейленген  қолданбалы  өнердің  барлық  туындылары  Қазақстан 
аумағына  археологиялық  қазбалар  жүргізу  барысында  табылды.  Бір  ерекшелігі,  әрбір 
дәуірдің  даму  деңгейіне  сәйкес  шеберлердің  –  ою-өрнекті  жасаушылардың  үлгілік 
ерекшеліктері де ауысып отырған. Қазақстанның әртүрлі географиялық аймақтарына тән ою-


жүктеу 8,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау