24
бойынша – 13 ӘКК, аралас қызметті – 7, ауыл шаруашылығында қызмет
көрсету бойынша – 1 ӘКК.
Сонымен қатар, қант қызылшасы, жүгері және күріш бойынша
мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі тетігін пайдаланумен, «Жетісу» ӘКК
арқылы 18 шаруашылықтың қатысуымен 7 сервистік дайындау орталықтары
құрылды, бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен 1,3 млрд. теңге бөлінді.
Саланың даму жағдайында SWOT – талдау
Күшті жақтар (S)
1. Жер және су ресурстарымен қамтамасыз
етілуі;
2. Органикалық өнім өндірісінің және оны
экспорттаудың жоғары әлеуеті;
3. Айтарлықтай мемлекеттік қолдау.
Әлсіз жақтар (W)
1. Заманауи агротехнологиялық білімді таратудың төмен
деңгейі;
2. АӨК субъектілерінің пайдалылығының төмен деңгейі;
3. Қаржыландыру және сақтандыру жүйесінің төмен
тиімділігі.
Мүмкіндіктер (O)
1. Саланы тиімді мемлекеттік қолдауды
қалыптастыру;
2. АӨК бірқатар салаларында импортты
алмастыру және экспорттық әлеуетті жүзеге
асыру;
3. Суару жүйелерін және су қоймаларын
қалпына келтіру.
Қауіптер мен тәуекелдер (Т)
1. Табиғи-ауа райы жағдайының қолайсыз өзгеруі;
2. Бағаның ішкі/сыртқы конъюктурасының нашарлануына
негізделетін макроэкономикалық тәуекелдер;
3. БСҰ-на және КО-на кіруге байланысты, халықаралық
нарықтағы бәсекелестіктің өсуі;
4. Жануарлар мен өсімдіктер ауруларының таралуы және
қоршаған ортаның ластануы.
Негізгі мәселелер:
өсімдік шаруашылығында шаруашылықтардың бытыраңқылығы және
жер бөлулердің шағын көлемдері ғылыми-негізделген егістік айналымын
сақтауға және заманауи технологияларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік
бермейді;
ауыл шаруашылығы техникасының тозу деңгейі - 80%-тен астам;
мал шаруашылығында орта және ірі тауарлық өндірісінің жеткілікті
дамымауы кең ауқымды будандастыру-асылдандыру жұмысын тежейді, ауыл
шаруашылығы жануарларын дұрыс жемдеуге кедергі келтіреді;
жайылым айналымының болмауынан жайылым шаруашылықтарының
түсімі төмен, шөптердің өсуі нашар болып келеді;
суару жүйелерінің тозу деңгейі – 70% құрады.
сапалы шикізаттың болмауы және дайындау-өткізу жүйесінің нашар
дамуы салдарынан өңдеу және қуаттардың жүктелу деңгейі төмен;
бірқатар азық-түлік өнімдері бойынша импортқа тәуелділік.
Облыс АӨК дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған басымдықтарын
таңдаудың негізгі критерилері болып Алматы облысының және Алматы
қаласының ішкі нарығында импортты алмастыру табылады, сүтті мал
шаруашылығын, етті мал шаруашылығын, қызылша шаруашылығын, үдемелі
бақ шаруашылығы мен жылыжай шаруашылығын дамытудың кластерлік үлгісі
қажет.
Шағын және орта бизнес
Облыс экономикасын дамытудың басым бағыты болып шағын және орта
бизнесті дамыту табылады.
Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны (әрі қарай –
ШОК)
облыс бойынша 2016 жылы 140 833 бірлікті құрады, бұл 2015 жылғы
25
деңгейден 1,1%-ке жоғары (139 330 бірлік)
және 2014 жылғы деңгейден 2,6%-ке
төмен (144 610 бірл.).
ШОК белсенді субъектілерінің саны 2014 жылы 118 155 бірлікті құраса,
2015 жылы – 117 332 бірлік, бұл 2014 жылғы деңгейден 0,7%-ке төмен, 2016
жылы – 119 002 бірлік немесе 2014 жылғы деңгейге қатысты 847 бірлікке артты
немесе 0,7%.
Жалпы тіркелген ШОК субъектілерінің санынан белсенді субъектілердің
үлесі 2016 жылы 84,5%-ті құрады, бұл 2015 жылғы деңгейден 0,3%-ке жоғары
және 2014 жылғы деңгейден 2,8%-ке төмен.
ШОК құрылымында ұйымдастырушылық-құқықтық нысан бөлінісінде
тіркелген субъектілердің айтарлықтай үлесі жеке кәсіпкерлерге тиесілі (орташа
есеппен 2014 – 2016 жылдары – 56,5%). ШФҚ белсенді субъектілердің жалпы
санынан орташа есеппен – 34,1%-ті, заңды тұлғалар 9,3%-ті алып жатыр.
Әрекет етуші субъектілердің айтарлықтай үлесі жеке кәсіпкерлерге
тиесілі (орташа есеппен 2014-2016 жылдары – 56,6%). ШФҚ ШОК белсенді
субъектілерінің жалпы санынан орташа есеппен – 37,8%-ті, заңды тұлғалар 5,4%-ті
құрайды.
ШОК саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2016 жылы 249,2 мың
адамды құрады, бұл 2014 жылғы деңгейден 7,6%-ке жоғары (231,6 мың адам).
ШОК құрылымында ұйымдастырушылық-құқықтық нысан бөлінісінде
жұмыспен қамтылған субъектілердің айтарлықтай үлесі жеке кәсіпкерлерге тиесілі
(орташа есеппен 2014 – 2016 жылдары – 37%), ШФҚ орташа есеппен ШОК
белсенді субъектілерінің жалпы санынан – 32,6 %-ті, заңды тұлғалар 30,1 %-ті
құрайды.
ШОК субъектілері 2015 жылы 854,8 млрд. теңгеге өнім шығарды, бұл
2014 жылғы деңгейден 3,4%-ке артық (2014 жылы – 826,4 млрд. теңге), 2016
жылы – 867,8 млрд. теңге немесе 2015 жылғы салыстырмалы көлемнен (НКИ –
86,3%) - 1,5%-ке және 2014 жылғы салыстырмалы көлемнен 5%-ке артты.
Ұйымдастырушылық-құқықтық нысан бөлінісінде ШОК субъектілерімен
өндірілген өнімнің айтарлықтай үлесі заңды тұлғаларға тиесілі (орташа
есеппен 2014 – 2016 жылдары – 69,4%). ШОК субъектілері өндірген өнімнің
жалпы көлемінен ШФҚ орташа есеппен – 21,3%-ті, ЖК 9,1%-ті алып жатыр.
2010 жылдан бастап, шағын және орта кәсіпкуерлікті қолдау мақсатында
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы (әрі қарай - БЖК-2020) жүзеге
асырылуда.
Республикалық бюджеттен 2014 – 2016 жылдары 13 241,9 млрд. теңге
бөлінді. 352 жоба субсидияланды, 200 жоба бойынша бөлшектеп кепілдендіру
және 81 грант берілді. Жеке кәсіпкерлік суъектілеріне 12516 сервистік
қызметтер көрсетілді.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында құралдар
бөлінісінде, қаржылай қолдауға ие болған жобалар саны
Қолдау құралдары
2014
2015
2016
Үш бағыт бойынша субсидиялау,
76
130
146
Кепілдендіру
24
96
80
Гранттар
16
23
42
Достарыңызбен бөлісу: |