30
Өңіраралық ынтымақтастық
Өңіраралық ынтымақтастық облыстың экономикалық саясатының
маңызды бағыты болып табылады.
2017 жылдың мамырында тәжірибемен алмасу мақсатында Алматы
облысының делегациясы Шығыс Қазақстан облысына барды, онда
ынтымақтастық туралы 8 меморандумға қол қойылды.
2017 жылдың маусымында облыс әкімі бастаған Жамбыл облысының
делегациясы Алматы облысының бірқатар объектілерінде болды. Делегация
сапарының
барысында
сауда-экономикалық,
ғылыми-техникалық,
гуманитарлық және басқа да салаларда Алматы және Жамбыл облыстарының
әкімдіктерінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол
қойылды.
2017 жылдың 20 маусымында Алматы облысы әкімдігімен «Еуропалық
Іскерлік Кеңесі» сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ықпао ету
жөніндегі коммерциялық емес кеңес арасында меморандум жасалды.
Облыстың «Қайнар АКБ», «Dolce», «Тексан Қазақстан Инвест», «Данон
Беркут», «PLAST INVEST» ЖШС сияқты кәсіпорындардың республика
өңірлерінде өкілдіктері бар.
2016 жылы Қазақстанның басқа өңірлеріне 503,6 млрд. теңге сомасына
облыстың өнеркәсіптік өнімі жөнелтілді.
Басқа өңірлерге негізінен көкөністер мен жемістер, сүт және сүт өнімдері,
алкогольсіз сусындар, алкоголь сусындары және сыра, қағаз және картоннан
жасалған бұйымдар, құрылыс индустриясының өнімдері, шылым, киім, электр
акуммуляторлары және басқа да өнімдер жеткізіледі.
Облысқа негізгі тауар жеткізушілер болып Алматы қаласының резидент-
кәсіпорындары табылады – 39,4 млрд. теңгеге, Палодар облысынан – 90,0 млрд.
теңгеге (6,1%), Оңтүстік Қазақстан облысынан – 36,8 млрд.теңгеге, Батыс
Қазақстан облыстан 35,0 млрд. теңгеге тауар жеткізелі.
Негізінен келесі тауар түрлері әкелінеді: көмір, мұнай өнімдері, болат
бұйымдары, жуғыш заттар, өсімдік майы, кондитерлік өнімдер, тоқыма және
шұлық өнімдері және т.б..
Қазіргі экономикалық жағдай талаптарында өнеркәсіптік кәсіпорындар
жеткізушілермен және өз өнімдерін тұтынушылармен өзара тиімді
талаптардағы
өңіраралық
шарттарды
ескерусіз,
тікелей
жұмыс
жасайтындықтарын атап өту қажет.
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:
Күшті жақтар
1. Құрылыс индустриясын дамыту үшін жалпы
таралған пайдалы қазбалардың айтарлықтай әлеуеті
бар.
2. Шикізаттық және өндірістік ресурстар тағам
өнімдерінің көптеген түрлерін шығаруға мүмкіндік береді.
3. Облыс республикада ашытқы, темек өнімдерін
және электр акуммуляторларын шығаратын жалғыз
өндіруші болып табылады; крахмал, жүзім шарабын
және қағаз өнімдерін шығаруда үстемдік етеді.
Мүмкіндіктер
1. Жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті
өндірістерді құру және дамыту (облысқа озық
технологиялар трансферті, БК құру).
2. Ішкі экономика әлеуетінің интеграциясы және
өңірлік шаруашылық аралық байланыстқа қосылу.
3. Өңіраралық байланыстарды халықаралық
деңгейге дейін трансформациялау және дамыту
мүмкіндігі.
4. Қазақстан аумағында жүзеге асырылатын ірі
өндірістік
жобаларда
қазақстандық
мазмұнды
арттыру (о.і. қазақстандық өндірушілермен).
31
Әлсіз жақтар
1. Өңіраралық кооперация негізінде құрылған өнім
түрлері
үшін
мемлекеттік
қолдау
тетіктері
пысықталмаған.
2.
Өңіраралық
кооперация
субъектілерінің
барлығын өз қызметтерімен қамту үшін өңіраралық
ақпараттық инфрақұрылым дамымаған.
3. Өңіраралық ынтымақтастық мониторингін
жүргізу қиындатылған.
Қауіптер
1.Облыс аумағында іске қосылтын өндірістер қосылған
құны жоғары өнімдер өндірісіне бағдарланбайды (яғни
негізінен шикізаттық сипатқа ие болады).
2. Экономикалық дағдарыс отандық өнімге
сұраныстың төмендеуіне алып келеді.
Негізгі мәселелер:
- өңдеу секторы өнімінің төмен бәсеке қабілеттілігі;
- айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі және пайыздық мөлшерлемесі
төмен «үлкен» несиелердің қол жетімсіздігі.
Инновациялар және инвестициялар
Соңғы үш жылда негізгі капиталға инвестициялар 1,2 есе артып, 528,9
млрд. теңгені құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың құрылымы
млн. теңге
Қаржыландыру көздері
2014 ж.
нақты
2015 ж.
нақты
2016 ж.
нақты
2014 ж.
қарағанда
2016ж. %
Негізгі капиталға салынған инвестициялар –
барлығы
453 210
490619
528 857
116,7
Меншікті қаражат
170 623
220 357
280 167
164,2
Қарыз қаражат
122 687
117 977
98 596
80,1
Шетелдік инвестициялар
17 347
19427
21373
123,7
Банктер несиелері
142 553
132 858
128721
90,1
Бюджеттік инвестициялар
453 210
490619
528 857
116,7
Инвестициялардың қаржыландыру көздеріне жүргізілген талдау, олардың
маңызды көздері болып кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 65,5% болып
қалатынын көрсетті, қарыз қаражат есебінен 4,1% игерілді, бюджеттік
инвестициялар 30,4-ті құрады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша 2014 жылы инвестициялардың
негізгі үлесі өнеркәсіпке бағытталды – 17,9%.
Сыртқы инвестициялар серпіні
млн. теңге
Атауы
2014 ж.
нақты
2015 ж.
нақты
2016 ж.
нақты
2014 ж.
қарағанда
2016ж. %
Сыртқы инвестициялар
95 362
70 372
44 658
46,8
Инвестициялардың жалпы көлеміндегі
сыртқы инвестициялардың үлесі, %
21,0
14,3
8,4
-
Облыста сыртқы инвестициялардың серпіні тұрақсыз сипатқа ие және
заманауи құралдар мен технологиялар негізінен импортталатындықтан, ірі
инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |