40
18 медициналық мекемелер жұмыс жасайды, оның ішінде 3-уі аудандық
ауруханалар, 10 ауылдық ауруханалар, 4 дәрігерлік амбулаториялар және бір
балалар үйі. 18 медициналық мекемелердің 2-уі – бейімделген, бір дәрігерлік
амбулатория ғимаратты жалға алады. 7 медициналық мекемеде күрделі жөндеу
жүргізу қажет.
Барлық 16 ТАЕМ ортлықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтамасыз
етілген, су бөлу жүйесі тек бес ТАЕМ бар, Достық кентінде ғана жылумен қамту
жүйесі бар. Ауылішілік жолдардың жалпы ұзындығы 702,8 ш. құрайды, оның
ішінде 254,1 ш. қатты жабынды немесе 36,2%. Жақсы және қанағаттанарлық
жағдайдағы жолдар 342,2 ш. немесе 48,7%. Ауылдық елді мекендердің электр
жүйелерінің жалпы ұзындығы 1234,6 ш. құрайды, тозу - 92%.
Тірек ауылдық елді мекендердің дамуына SWOT-талдау
Күшті жақтар (S):
1. Елді мекендер жүйесінде басым түрде ортада
орналасуы;
2. Өткізу
нарықтарына
көліктік
қол
жетімділікке ие болуы.
Әлсіз жақтар (W):
1. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның
қанағаттандырылмаған жағдайы.
Мүмкіндіктер (O):
1. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды
салу және қайта жаңғырту, күрделі жөндеу арқылы
дамыту;
Қауіптер (T):
1. Инженерлік және әлеуметтік инрақұрылым
объектілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайының
салдарынан өмір сүру деңгейінің төмендеу.
Негізгі мәселелер:
- әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның
қанағаттанарлықсыз жағдайы;
- білім және денсаулық сақтау объектілері күрделі жөндеуді талап етеді.
Шекаралық аумақтар
Облыста 6 шекаралық ауданда орналасқан 71 шекаралық елді мекендер
бар. Оның ішінде даму әлеуеті жоғары – 21, орташа – 48, төмен әлеуетті 1
аылдық елді мекен бар.
Қытаймен шекараласатын аудандарға Ақсу, Алакөл, Панфилов, Райымбек
және Ұйғыр аудандары жатады, Қырғызстан Республикасымен Жамбыл және
Райымбек аудандары шекараласады.
Шекаралас аумақтарда 152,8 мың адам тұрады, оның ішінде көп санды
шекаралық аумақтарға Панфилов, Райымбек және Жамбыл аудандар жатады.
Панфилов ауданында шағын қала Жаркент орналасқан және «Қорғас»
шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығы орналасқан. Алакөл
ауданында Достық кенті халықаралық көлік дәлізі бар.
42,1 мың оқушы орнына арналған 86 мемлекеттік мектеп жұмыс жасайды,
онда 34,7 мың оқушы білім алады. 86 мектептің 19-ы бейімделген. 12 мектеп 50
жыл бұрын салынған. Балаларға арналған 83 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс
жасайды, оның ішінде 33 балабақша, 5,0 мың бала қамтылған.
70 медициналық мекемелер жұмыс жасайды, оның ішінде бір орталық
аудандық аурухана, 2 аудандық ауруханалар, 4 ауылдық ауруханалар, бір
балалар емханасы, 29 дәрігерлік амбулаториялары, 11 фельдшерлік-акушерлік
пункттер, 21 медициналық пункттер, бір перзентхана бар. Оның ішінде 11
медициналық
мекемелер жалдамалы, 34-і бейімделген ғимараттарда орналасқан.
71 елді мекеннің 63 елді мекені орталықтандырылған сумен қамту
жүйесімен қамтылған (2014 ж. – 56 ЕМ, 7-ге артты). Ауылішілік жолдардың
41
жалпы ұзындығы 831 ш. құрайды. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы
жолдар 410,2 ш. құрайды немесе 49,3%. Ауылдық елді мекендердің электр
жүйелерінің жалпы ұзындығы 2182 ш. құрайды, тозу 100%-ке дейін жетеді.
Шекаралық аумақтардың дамуына SWOT-талдау
Күшті жақтар (S):
1.«Қорғас»
шекаралық
ынтымақтастықтың
халықаралық орталығы және Достық халықаралық
көлік дәлізі әрекет етеді;
2. Көліктік қол жетімділіктің және шекаралық
сауда
орталықтарының болуы;
Әлсіз жақтар (W):
1. Әлеуметтік сала объектілерінің бейімделген
мекемелерінің болуы;
2. Орталықтандырылмаған сумен қамту жүйесі
бар ауылдардың болуы;
3. Жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы.
Мүмкіндіктер (O):
1.
Елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық
әлеуметінің серпінді өсуіне барлық
сілтемелер бар;
2.
Құрылыс және қайта жаңғырту, күрделі
жөндеу арқылы әлеуметтік және инженерлікк
инфрақұрылымды дамыту.
Қауіптер (T):
1.
Әлеуметтік
және
инженерлік
инфрақұрылым объектілерінің қанағаттанарлықсыз
жағдайының салдары ретінде өмір сүру деңгейінің
төмендеуі.
Негізгі мәселелер:
- Білім,
денсаулық сақтау, мәдениет объектісінің
қанағаттанарлықсыз жағдайы;
- Су құбыры, электр жүйесінің қатты тозуы;
- Автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы.
2.1.2. Әлеуметтік сала
Демографиялық әлеует
Облыста 2017 жылдың 1 қаңтарына халық саны 1983,5 мың адамды
құрады немесе ел халқының - 11,1%. Облыс республикада Оңтүстік Қазақстан
облысынан кейін екінші орынға ие. Халықтың 76,0%-і ауылдық жерлерде,
24,0%-і қалалық жерлерде тұрады, ал орташа есеппен республика бойынша
57% қалаларда тұрады.
2014 жылмен салыстырғанда қала тұрғындарының саны 17 мың адамға
көбейді, алайда мәліметтер көрсетіп отырғанда, облыста урбанизацияның төмен
деңгейі сақталуды, бұл негізінен экономиканың аграрлық бағыттылығына
байланысты болады.
Осы кезеңде көші-қонның теріс сальдосы байқалады: 2014 ж.- 5116 адам,
2015 ж.- 9636 адам, 2016 ж.- 2789 адам. Халықтың ауылдық жерлерден көшуі
жұмыстың жоқтығынан және еңбекақының төмен болуынан орын алады.
Осы жағдай қала және ауыл халқының жұмыспен қамтылу деңгейі арасындағы
теңсіздікке алып келеді, ол сәйкесінше 95,9% және 95,0%-і құрайды.
Облыс халқы негізінен ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған – 28%,
сондықтан орташа жалақы төмен болып табылады, 2016 жылы 104903 теңгені
құрады, бұл орташа республикалық көрсеткішпен салыстырғанда жұмыспен
қамтылған халықтың жоғары үлесімен (28,4%) жиынтықта атаулы ақшалай
табыстың төмен көлемін түсіндіреді: 62789 теңге 80741 теңгеге қарсы.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Облыстың экономикалық белсенді халқының саны 2016 жылы 1034,8
мың адамды құрады (жалпы халық санынан - 51,7%, ҚР бойынша көрсеткіштер
мәні – 51%). 2014 жылмен салыстырғанда жұмысшы күшінің саны (ЭБХ) халық
саны 96 мың адамнан астам Қарасай, Іле және Талғар ауданы аумағының бір
бөлігін беруге байланысты 2,9%-ке немесе 30,5 мың адамға азайды (2014 жылы