Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет5/56
Дата11.01.2020
өлшемі1,39 Mb.
#26197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56

 
13 
Облыс  республикалық  тауар  өндірісінде  темекі  өнімдерін  (100%),  жүзім 
шарабын  (100%),  ашытқы  (100%),  АКБ  (100%),  шамдар  (100%),  гофриленген 
картон ораманы (70%) өндіруде үстемдік етуші орында. 
Республикадағы  жалғыз  ашытқы,  электр  аккумуляторы,  гипскартон 
бұйымдары,    жоғары  вольтты  электр  жеткізу  желілеріне  арналған  темірбетон 
және  металл  тіректер,  өртке  қарсы  гидранттар,  ыстық  мырышталған    металл 
құрылымдарын өндіруші болып табылады. 
Жүргізіліп  жатқан  темекіге  қарсы  шаралар  салдарынан,  акциздерді 
көбейтуге  байланысты  «Филипп  Моррис  Қазақстан»  және  «Джей  Ти  Ай 
Қазақстан»  ЖШС-гі  екі  темекі  фабрикалары  темекі  өнімдерінің  өндірісін  2015 
жылғы  93,5  млрд.  теңгеден  2016  жылы  105,9  млрд.  теңгеге  дейін  қысқартты 
немесе 13,4%, жұмысшылар саны 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 
1,5%-ке төмендеп, 1501 адамды құрады.  Облыстың жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі 
темекі өнімдерінің үлесі 15,5%-ті құрайды. 
Облыс  құрылыс  материалдарының  өндірісінде  үлкен  әлеуетке  ие.  Өңдеу 
өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі сала үлесі – 7,8%. 
Қаптама тастың, габброның, мәрмәрдің, әктастың, минералды тұздардың 
және  басқа  да  пайдалы  қазбалардың  маңызды  кеніштерінің  болуы  саланы 
қажетті  шикізат  ресурстарымен  қамтамасыз  етеді.  60  түрден  астам  құрылыс 
материалдары шығарылады. 
Жеңіл  өнеркәсіп  өнеркәсіп  өнімінің  жалпы  көлемінде  –  1,5%-ті  және  өңдеу 
өнеркәсібінде 1,8%-ті алып жатыр. 2016 жылы салада  10,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 
нақты көлем көрсеткіші 112,0%-ті құрады. 
Машина  құрылысы  өңдеу  өнеркәсібі  көлемінің  5,6%-н  алып  жатыр, 
«Қайнар АКБ» және «ZhersuPower» аккумулятор зауыттары жұмыс жасайды, олар 
жеңіл,  жүк  автомобильдеріне,  ауыл  шаруашылығы  және  әскери  техникаларға 
арналған аккцмляторлық батареялардың кең ауқымын шығарады. «Қайнар АКБ» 
ЖШС-нің өндірісін мемлекеттік қолдау шараларын қолданумен жаңарту өнімнің 
жаңа  түрлерін  шығаруды  және  өңделген  АКБ  механизацияланған  әдіспен 
экологиялық қайта өңдеуді жөнге қоюға мүмкіндік берді.  «Қайнар АКБ» ЖШС-
нің шығаратын өнімінің 80%-нен астамы экспортталады. 
Фармацевтикалық 
саланың 
өңдеу 
өнеркәсібіндегі 
үлесі 
– 
1,9%. 
Индустрияландыру  картасының  аясында  2010-2016  жылдары  6  фармацевтикалық 
зауыттар іске қосылды 
(«Dolce»  ЖШС,  «Аксель  и  А»  ЖШС,  БК  «Абди  Ибрахим  Глобал 
Фарм» ЖШС, «Келун» ЖШС, «Султан» ЖШС, «Элеас» ЖШС)
.  
Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2016 жылы жан басына шаққанда 
40,9 мың АҚШ долларын құрады және 2012 жылға қарағанда 1,5 есе өсті 
(2012 
жылы-69,9 мың АҚШ долл/адам)
. 
2016 жылы 2015 жылға қарағанда жеңіл өнеркәсібінде еңбек өнімділігі –  
2,1%-ке, машина құрылысында –  2,1 есе, фармацевтикада 3,7 есе артып, химия 
өнеркәсібінде 4,2%-ке төмендеді.  
Жалпы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек өнімділігінің 20,2%-ке 
артуы байқалады. 
Индустриялдық даму  
2014-2016  жылдары  тағам  өнімдерінің,  тұрмыстық  химия,  құрылыс 
материалдары,  медициналық  препарттар  өндірісін  және  электр  қуаты 


 
14 
объектілерінің  құрылысын  арттыруға  бағытталған  жаңа  қуаттарды  енгізу 
бойынша шаралар жүзеге асырылды. 
Инновациялық технологияларды пайдаланатын бірқатар жаңа кәсіпорындар 
іске қосылды: 
«ҚазГеоСинтетика»  ЖШС  –  еліміздің  құрылыс  секторының  түрлі 
салаларында заманауи геосинтетикалық материалдарды өндіру және пайдалану 
бойынша  заманауи,  инновациялық  және  жоғары  үнемді  технологиялық 
шешімдерді енгізуге маманданатын бірінші өндірістік кәсіпорын. 
«PROMed» ЖШС – жалпақ металды өңдеу саласында соңғы жетістіктерді 
пайдаланатын  жоғары  технологиялық  өндіріс.  Білдек  жасау  саласында  белгілі 
көшбасшы-компаниялар  –  FINNPOWER  және  BYSTRONIC  құралдары 
орнатылды. 
«RGBrandsKazakhstan»  ЖШС  –  өндірістік-сауда  буынының  әрбір 
бөлігінде өндірістің технологиялық және ұйымдастырушылық инновацияларды 
пайдаланумен сусындар мен снектер шығаратын зауыт. 
Алайда, қазақстандық нарықта көптеген жылдар бойы қытай, ресей және 
басқа  шетел  өндірушілері  өнімдерінің  үстемдік  етуі  кәсіпорындарға 
республикада тауар жеткізулерін жөнге қоюға мүмкіндік бермей отыр. 
Жергілікті  артықшылықтар  мен  ерекшеліктерді  және  қолда  бар  әлеуетті 
пайдаланумен  облыста  жеміс-көкөніс,  сүт  және  құрылыс  материалдарының 
кластерлері қалыптастырылуда.
 
Мемлекеттік 
үдемелі 
индустриялды-инновациялық 
даму 
бағдарламасының жүзеге асырылуы. 
2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриялдық-инновациялық 
даму 
бағдарламасының 
аясында 
Алматы 
облысының 
өңірлік 
Индустрияландыру  картасының  бойынша  8015  жұмыс  орнын  құрумен,  297,1 
млрд. теңгеге 51 жоба іске қосылды.  
Карта жобаларымен 2010 жылдан бері жалпы 206,1 млрд. теңге сомасына 
өнімдер өндіріліп, қызметтер көрсетілді. Оның ішінде 2016 жылы – 63,4 млрд. 
теңгеге. 2015 жылмен салыстырғанда өсім 24%-ті құрады (52,1 млрд. теңге).  
Әрбір  сегізінші  жоба  шетелдік  инвесторлардың  қатысуымен  жүзеге 
асырылды  (48  жобаның  6  жобасы  сыртқы  инвестициялар  есебінен  жүзеге 
асырылды).  
Фармацевтикалық  сала  дамытылуда,  9,6  млрд.  теңге  сомасына  5  зауыт 
іске қосылды, 1170 жұмыс орны құрылды (Талғар ауданында «Сұлтан» ЖШС, 
Қарасай  ауданында  «Kelun-Kazpharm»  ЖШС,  Іле  ауданында  «Dolce»  ЖШС, 
«Аксель и А» және «ПФК «ЭЛЕАС» ЖШС).  
Индустрияландыру  картасы  жобаларының  салалық  құрылымында  
агроөнеркәсіп кешені - 43,8%-ті (21 жоба), энергетика – 12,5% (6), басқалары – 
12,6%  (6),  фармацевтика  –  10,4%  (5),  машина  құрылысы  –  8,3%  (4),  тағам  – 
6,2% (3), химия өнеркәсібі 6,2%-ті (3) алып жатыр (1-диаграмма). 
 
 
 
 
 


жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау