158
Әсіресе, үлкен айырмашылықты әлеуметтік-экономикалық
жүйеден кездестіруге болады, оған өндірістік-шаруашылық
кешендері (кәсіпорын, салалар, аймақтар, тұтас экономика)
қатысты. Бұлай болатын себебі (яғни, жүйелердің әркелкі болуы),
адам оның (жүйенің) ажырағысыз бөлігі болып табылады. Адам
осы жүйелердің белсенді қалыптастырушысы, жүйелердегі
байланыстар мен қатынастардың сипатын танытып, оларды жұмыс
істетеді әрі дамытады.
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің басты ерекшелігі – оның
басты компоненті адам болғандықтан, бұл жүйенің негізінде
адамдардың мүддесі жатады.
Мұндай жүйе дербестікке ие элементтерден тұрады. Бұл оның
жүйе тармақтары немесе кіші жүйе мен қосалқы жүйе (субсистема)
ретіндегі жүйе элементтерін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша,
жүйе тармағы жүйе элементі немесе осы элементтердің тобы болып
табылады. Әлдеқайда жоғары иерархиялық жүйелер қатынасындағы
жүйе-жүйенің тармағы бола алады.
Мәселен, кәсіпорын, бір жағынан, дербес жүйені білдіретін
болса, екінші жағынан, оны салалардың кіші жүйесі ретінде
қарастыруға болады. Бұдан шығатын қорытынды: жүйе мен жүйе
тармағы арасындағы айырмашылық салыстырмалы түрде де,
абсолюттік сипатта да бола береді.
Жүйе теориясы, егер сақталмаса басқару ісінің жүзеге асуы
мүмкін болмайтынын белгілейді.
Бұл жағдай экономикалық жүйеге де қатысты:
1. Жүйелер арасында, ең алдымен, басқарушы және
басқарылушы жүйелер арасында себеп-салдар байланысы болуы
керек. Бұл мынаны білдіреді: басқару ісі жүйе мен басқарылатын
объекті өзгерістерге бірдей жауап қайтарған жағдайда ғана мүмкін
болады, яғни кері байланыс орнайды.
2. Жүйелердің динамикалылығы. Жүйе бір сапалы жағдайдан
екіншісіне өте алатындай қабілетке ие болуы керек, яғни бір сапалы
жағдайдан екіншісіне өту барасында да, өтуден кейін де ол жүйе
ретінде қалуы керек.
3. Жүйеде үрдіс ағымына әсер ете отырып, оны өзгерте
алатындай параметрдің бар болуы.
4. Жүйенің басқару ықпалын күшейте алатындай қабілеті, яғни
осы ықпалға жауап қатып қана қоймай, оны тереңдететін қабілетке
159
ие болуы керек.
5. Басқару ақпаратын табыстау, жинақтау және жаңғырту
мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
6. Жүйелердің тұтастай сипаты. Онсыз бақылау мен басқару
мүмкін емес.
Жүйеде басқару барлық басқару жүйелеріне ортақ аты аталған
шарттар орындалғанда ғана мүмкін болады.
Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі
Жүйелі тәсілдеме – экономикалық ғылымда қолданылатын
ғылыми зерттеудің ең жемісті (нәтижелі) әдістерінің бірі.
Өзінің алғашқы мағынасында – грек тілінен аударғанда «жүйе»
сөзі көптеген элементтерден құралатын, бөліктерден тұратын бір
бүтін тұтастық ұғымын білдіреді.
Жүйенің бұлайша ұғындырылуы экономикалық тұтастыққа
да қатысты; өндіріс-пәндердің, саймандардың, еңбек түрлері мен
түпкілікті өнімдердің жиынтығы ретінде болады.
Өндіріс – бұл әлеуметтік-экономикалық жүйе. Экономикалық
деп аталу себебі, еңбек және материалдық ресурстарды ұштастыру
нәтижесінде материалдық игіліктер пайда болып, қоғамның
өндірістік күштерінің ұдайы өндірісі ұлғаяды. Оны басқаша былай
анықтауға болады: «Белгілі бір қоғамдық-тарихи жағдайларда
қалыптасатын өндірістік қатынастардың түрін экономикалық жүйе
деп ұғуға болады».
Әлеуметтік жүйе деп аталуы адамдар құратын ұйымға
бай¬ланысты. Экономикалық жүйеге басқа жүйелерге ұқсамайтын
өзіндік ерекшеліктер тән.
Экономикалық жүйе әлеуметтік сипаттағы адам-машина жүйесі
ретінде қарастырылады. Ондағы негізгі рөлді материалдық және
рухани игіліктерді өндіретін әрі тұтынатын адам орындайды.
«Экономикалық жүйе кең мағынасындағы ұғымында қоғамдық
өндірістің жүйесі ретінде, яғни өндіріс күштері (табиғи және еңбек
ресурстары, өндіріс құралдары, өнім) мен өндірістік қатынастардың
жиынтығы ретінде түсіндіріледі» (академик Н. П. Федоренко).
Экономикалық қатынас, байланыс (салааралық байланыстар
жүйесі), заңдылықтар (техникалық прогрестің, өндірісті
ұйымдастырудың даму заңдылықтарының жүйесі), міне, осы
аталғандар экономикалық жүйе болып табылады.
160
Жүйелі тәсілдеме арнайы ғылыми пәндердің мазмұнына жалпы
теория жүйесіне қызмет етеді, ал басқару ісі жалпылай түрде
жүйелерді ретке келтіруші ретінде анықталуы мүмкін.
Жүйелі тәсілдеме ХХ жүз жылдықта пайда болды деуге болады,
әйтсе де, XVIII және XIX ғасырларда ғылым әр түрлі жүйелерді
зерделемеді деп бір жақты ойлауға да болмайды. Әлбетте,
астрономия Күн жүйесін, ал математика әр түрлі санау (есептеу)
жүйелерін зерделеді. Жүйелі тәсілдеме әскери мақ-саттарға (атом
бомбасын жасау) қол жеткізу үшін АҚШ-та алғаш рет қолданылды,
алайда жүйелі тәсілдеме одан ары азаматтық өндіріс саласындағы
басқару қызметінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданылды.
Жүйелі тәсілдемені қолданудың негізіндегі басқару ісі үш
тізбекті кезеңді қамтиды:
- бірінші кезеңде салалар анықталады, басқару субъектілері
қызметінің ауқымы мен саласы нақтыланады. Қызметтің ақпараттық
қажеттілігінің баламалы (бағдарлы) салалары мен ауқымдары
белгіленеді;
- екінші кезеңде қажетті зерттеулер (жүйелі талдау) жүзеге
асырылады;
- үшінші кезеңде белгілі мәселелерді шешудің баламалы
нұсқалары жасалып, әрбір міндет бойынша оңтайлы нұсқа таңдап
алынады (сараптық бағалаулар, оның ішінде, тәуелсіз сараптама
қолданылады).
Жүйелі тәсілдеменің негізінде басқару ісі жүйелердің
құрылымдық және функциялық тұтастығын қамтамасыз етуге әрі
жетілдіруге бағытталған. Мақсатқа жеткізетін жолда кездесетін
кедергілерді, кемшіліктерді анықтап, жою. Мұнда ең алдымен
басқарудағы жүйелі тәсілдеменің қағидалары алға шығады. Нақты
тәжірибеде ол қабылданған шешімдерді жан-жақты пысықтап, оны
жүзеге асыруы ықтимал барлық нұсқаларын талдайды. Әлеуметтік
жүйеде бұл қағида басқарушылық міндетті шешу үрдісінде саяси
және мәдени мәселелерді тығыз байланыстыруды ұйғарады.
Басқару үрдістері пайда болғалы бері жүйелі талдау кеңінен
қолданылып келеді. Экономиканы оның құрылымын, оның құрамдық
бөліктерінің өзара қарым-қатынасы мен өзара байланысын қоса
ескеріп, біртұтас ретінде кешенді зерделеуді, экономиканың жалпы
жұмыс істеу үрдісінде олардың әрбіреуінің рөлін анықтауды міне,
осыны жүйелі тәсілдеме деп ұғу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |