120
II бөлім: Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жұмылдыру
май ішкі нарықта сатылған емес. Бензин құрамында кездесетін күкірт 1 миллионға 1.000
бөліктен келеді. Салыстыру үшін, «Euro 3» жəне «Euro 4» стандарттарына сəйкес 2005 ж.
белгіленген максималды күкірт бензиннің де, дизельді жағар майдың да құрамында 50 бөліктен
болады.
Алайда, 2008 жылдан бастап билік орындары дизельді жағар майға да, бензинге де миллионға
500 бөлік күкірттің максималды мазмұнына дейін рұқсат етілетін, көлік құралдарының
пайдаланылған газдан шығарылатын қалдықтарына «Euro 2» стандартын қолдануды бастауды
қолға алмақ.
20
Осы аталған стандарттар тек жаңа шет елдік жəне отандық автокөліктерге ғана
қолданылады. Осыған орай қалдық пен шуыл деңгейінің рұқсат етілген нормаларына сəйкес
көлік құралдарын міндетті жиі тексеруден өткізу жоспарланып отыр. Орташа мерзімді мақсаты
– 2010 ж. «Euro 3» стандартын іске қосу. Əлі құрамында күкірт өте аз жағар майды қолдануға
мүмкіндік беруі ықтимал, автокөлік жағар майына дифференциалды салық тағайындау
жоспарда жоқ.
5.7 Кесте: Автокөліктің бензині мен дизель отынына белгіленген акциз, 2004-2007 жж.
Бірлік
2004
2005
2006
2007
Бейэтилды бензин
Бір тоннасы теңгемен
5 000
0
5 000
5 000
Дизель жағар майы
Бір тоннасы теңгемен
600
0
600
600
Бейэтилды бензин
Бір тоннасы теңгемен
3,69
0
3,69
3,69
Дизел жағар майы
Бір тоннасы теңгемен
0,44
0
0,44
0,44
Ескерту
Бейэтилды бензин
бір литрі АҚШ дол.
2,90
0
2,90
2,90
Дизель жағар майы
бір литрі АҚШ дол.
0,35
0
0,35
0,35
Дереккөзі: Сыртқы істер Министрлігінің тікелей мəлімдемесі
Ескерту: Мұнай өңдейтін зауыттардың дербес бөлшектік өнім торабы арқылы бөлшектік
сатуының акциздері. 1 мт бензин/ дизель = 1.356 л. АҚШ долларымен қойылған бағалары
2006 ж. орташа жылдық айырбас бағамына қарай қолдануға есептелген. (1 долл. = 126,1
теңге).
Автомобильді жағар майға салық пен төлемдер кеңінен салынады, алайда бұл салық салудың
негізгі мақсаты салық түсімдерін тартуға негізделеді. Жоғарыда айтылғандай (5.2 тармағын
қар.), кəсіпорындар үшін коммерциялық мақсатта қолданылатын көлік құралдарының жанар-
жағар майды қолдануына байланысты қоршаған ортаны ластауына ең жоғарғы тариф
белгіленген. Жекеше жеңіл көліктер иелеріне мұндай салық салынбайды. Осылайша, ҚСҚ
(НДС) (14%) мен акциз жанар-жағар майдың барлық түрлерін сатуға салынады. Дегенмен
акциздік жинақтардың көлемі ЕО нормаларымен салыстырғанда өте төмен (5.7 кес.қар.) – ол бір
литр бензинге 3,7 теңге немесе шамамен 2007 жылғы бөлшектік сауданың 5% құрады. Дизельге
қатысты акциздер литріне 0,4 теңгені құрады, яғни бөлшектік бағасынан 1% төмен. 2005 ж.
мұнай бағасының арту салдарынан тұтынушыларды қорғау үшін ҚР Үкіметі бензин мен
дизжанар майға қатысты акцизді қолданыстан шығарды.
Автокөлік құралдарын қолдануға тіркеу жинағы салынады, оның мөлшері автокөліктің
техникалық сипаттасына байланысты болмайды. Ол 5,500 теңгені құрайды, бұл шамамен қырық
бес долларды құрайды.
Көп уақыттан бері түрлі критерийлер бойынша көлік құралдарының түріне байланысты
жіктелетін жыл сайынғы салық жүйесі қалыптасқан. Жеңіл автокөліктерге салынатын салық
мөлшері қозғалтқыш (двигатель) көлеміне байланысты болады. ТМД өндірісінің алты жылдан
асқан машиналарына салық жеңілдік жүктеме бойынша салынады. Экологиялық көзқарас
тұрғысынан алғанда бұл тиімсіз, себебі мұндай автокөліктер осындай жылғы шет елдік
автокөліктермен салыстырғанда қоршаған ортаны одан көп ластайды.
20
«Euro 2/II» Еуропалық Қауымдастық стандарттары 1996 ж., «Euro 3/III» стандарттары - 2000 ж., ал «Euro 4/IV»
стандарттары 2006 ж. өз күшіне енді.
5 Тарау: Қоршаған ортаны қорғауға арналған экономикалық құралдар
121
5.7
Қорытынды жəне ұсыныстар
Қазақстанда ластауға қатысты төлемдер жүйесі едəуір күрделі жəне əкімшілік көзқарасы
тұрғысынан алғанда аса қиын. Ауа мен суды ластағыштарға қатысты төлемдер жүйесі едəуір
жəне əкімшілік көзқарас тұрғысынан аса күрделі. Ауа мен суды ластайтын түрлі
ластағыштардың орасан санына қарай қалдықтарға салық салынады. ҚШК саладағы озық
сапалы технологиялардың емес, берілген облыс немесе аудандардағы ластағыш заттардың
ШЫК көрсетілген медициналық-санитарлық нормалардың негізінде анықталады. Төлемдерді
есептеу қағидаларының да айқындылығы жоқ. Ластауға қатысты төленетін төлемдер жекелеген
негізгі ластағыштар бойынша жіктеледі, жəне де «шартты тонна» деп аталатын өлшеммен
өлшенетін атмосфера мен суға тасталатын қалдықтардың жиынтығына қарай алынады.
Ластауға қатысты төлемдердің жекелеген деңгейлерін белгілеу критерийлері белгісіз, мұнда
дискрециялық əдістің елеулі үлесі басым екендігі байқалады. ҚШК белгіленген шамадан
жоғары қалдықтарға қолданылатын жоғары (он есе) көбейткішпен сəйкес компанияны
нормаларды сақтамағаны үшін айыппұл төлеудің алдын алу үшін қалдықтардың жеткілікті
жоғары шегін таңдауына ықпал етеді. Бұл сыбайлас жемқорлықтың даму тəуекелімен
байланысты. Негізгі ластағыш заттар мен ластау көздеріне тиісті көңіл бөлінбеуі қоршаған
ортаны ластауға қатысты төлемдер жүйесі ҚОҚМ шектеулі ресурстарын, дəлірек айтқанда,
бақылаудың сəйкес бақылау мүмкіндіктерін тиімді басқара алмайтындығын көрсетеді (2
тар.қар.).
Ластауға қатысты төлемдер жинаудың осындай жүйесінің экологиялық тиімділігі
белгіленбеген, яғни белгіленген төлемдер ластау деңгейін төмендетуге ынталандыратын
деңгей анықталмаған. Негізгі ластағыш заттар мен дереккөздерге тиісті көңіл бөлінбеуінің
салдарынан ластауға жəне оларды төмендетудің шекті шығынына төленетін төлемдердің өзара
қатынасын аса немесе төмен дəл бағалауға мүмкіндік бермейді. Мұндай жүйе əлі де
белгіленбеген нақты экологиялық міндеттерге қол жеткізуге септігін тигізбейді. Жергілікті
басқару органдары үшін, ластауға қатысты төлемдер, негізінен алғанда, бюджеттік кіріс Тарту
ретінде қолданылады. Тұтастай алғанда, қолданыстағы жүйе ластаушы дереккөздің
жауапкершілік қағидасын орындай алмайды.
Рұқсат беру жүйесінің басталған реформасын жалғастыру – ҚШК жəне онымен байланысты
ластауға төленетін төлемдерге байланысты ауа мен суды ластаушы заттардың санын елеулі
түрде азайту жолына дұрыс бағыт алу.
Дегенмен рұқсатқа енетін ластағыштар тізімі,
халықаралық стандарттармен салыстырғанда ғана емес, экологиялық саясат жасау, оны жүзеге
асыру жəне мониторингке қатысты мемлекеттік шектеулі ресурстар көзқарасы тұрғысынан аса
ұзақ болып саналады. Бұған қоса, негізгі ластаушы көздер болып саналатын кəсіпорындарға
қатысты көп күш жұмсауды талап етеді.
5.1 ұсыныс:
Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі төмендегідей мақсатта ластауға қатысты
төлемдердің қолданыстағы жүйесін қайта қарастырғаны жөн:
•
тек негізгі ластағыш заттар мен ластаудың негізгі көздеріне қатысты төлемдердің
қолданылуын шектеу;
•
ластауға қатысты төлемдерді аса таза өндіріс əдістерін қолданудың балама
ынтасын қамтамасыз ететін деңгейге дейін біртіндеп арттыру;
•
экономикалық құралдар жəне заңнамалық іс-шараларға төменгі мəселелер бойынша
негізделген ынталардың «қоспасын» жетілдіру:
o
берілген секторға тəн қолда бар озық технологиялар үшін қалдықтардың шекті
көлемін (ҚШК) «байластыру»;
o
өнеркəсіптік кəсіпорындармен жəне басқа да мүдделі тараптармен
консультация
жүргізу
барысында
атмосфералық
ау
мен
судың
негізгі
ластағыштарының қалдықтарын қысқарту жөніндегі мақсаттарын орнату;
Достарыңызбен бөлісу: |