Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет64/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   115


125 
 
 
6 Тарау 
 
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА 
 ЖҰМСАЛАТЫН ШЫҒЫНДАР 
 
 
6.1 
Ағымдағы мəнмəтін жəне үрдістер 
 
Онжылдықтың  бас  кезінде  байқалған  орташа  жылдық  деңгейі 10 пайыз  шамасындағы 
қарқынды экономикалық өсу жұмыспен қамту деңгейінің артуымен, əлеуметтік жағдайлардың  
жақсаруымен байланысты болып, ол халықтың нақты табыстарының көбеюінен жəне кедейлік 
деңгейінің  төмендеуінен  көрінді  (басқалардың  ішінде).  Негізінен,  мұнай  саласының  күрт 
көтерілуіне    байланысты  салық  түсімдерінің  жоғары  өсімі  мемлекеттің  шығындарды 
айтарлықтай арттыруға əкеліп, бұлар инфрақұрылымды əдəуір жақсартуға мүмкіндік туғызды 
жəне əлеуметтік  саланы дамытуға бөлінетін қаржыларды ұлғайту үшін қажет арналар  жасады. 
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын мемлекеттік  шығындардың абсолюттік шамада едəуір 
көбейтілгеніне  қарамастан,  олардың  мемлекеттік  шығындардың  жалпы  көлеміндегі  үлесі 
өзгеріссіз  аз  күйінде  қалып,  орта  есеппен  кейінгі  жылдар  аралығында 0,5 пайызды  құрады. 
Соған  сəйкес  қалдықтарды  басқару  мен  ағынды  суларды  өңдеуге  қатысты  мемлекеттік 
экономикалық  инфрақұрылымды  жақсарту  бойынша  ілгерілеу  тежелді.  Бұл  қайсыбір  шамада 
ҚОҚМ-ның  орта  мерзімді  перспективада  бюджеттік  басылымдықтары  белгілеу  үдерісінде 
“естір”  деген  қиындығын  көрсетеді.  Алайда  қоршаған  ортаны  қорғауға  жұмсалатын  біршама 
орташа  мемлекеттік  шығындар  да  сондай-ақ  саяси  реформаларға  сыртқы  қуатты  қозғау 
салудың болмауымен байланысты, бұл Орталық жəне Шығыс Еуропа елдері үшін ЕО-ға кіру 
перспективасынан  көрінді.  Бірақ  заңнаманың  ЕО  стандарттарына  бірте-бірте  жақындауының 
ЕО-мен  əріптестік  жəне  ынтымақтастық  (ƏЫК)  туралы  Келісім  мақсаттарының  бірі  болып 
табылатынын атап өту керек.  (1 Тарауды қараңыз). 
 
Мемлекет  қоршаған  ортаны  ластағаны  үшін  алым  алудың  есебінен  түсімдердің  айтарлықтай 
көлемдерін  тартуды  одан  əрі  жалғастырды,  бірақ 2002 жылдан  осы  қаражаттар  қоршаған 
ортаны қорғауға бөлінетін нысаналы (мақсатты) қаржы ретінде көрсетілген жоқ. Оның үстіне, 
осы  аталған  алымдар  кəсіпорындардың  ластанудың  деңгейін  тежеуі  жəне  азайтуы  үшін  
айтарлықтай  ынталандыру  жасай  алмайды. (5 Тарауды  қараңыз).  Бұл  ретте  қоршаған  ортаны 
қорғауға  жұмсалатын  шығындардың    барлығын  дерлік  Қазақстанда  жеке  бизнес  көтереді 
(төменнен  қараңыз).  Екі  жақты  жəне  көп  жақты    көмек  небəрі  салыстырмалы  жəне  біршама 
шағын  толықтырушы рол ғана атқарады.  
 
Жалпы  алғанда,  Қоршаған  ортаны  қорғау  саласының  мемлекеттік  бюджет  жоспарларында 
лайықты  түрдегі  жоғары  басымдылығы  жоқ.  Əрі  қоршаған  ортаны  қорғауға  жұмсалатын 
шығындарға  кəсіпорындардың  едəуір  қатысатындарына  қарамастан,  қоршаған  ортаны  
ластауды  бодырмау  мен  тежеу  үшін  жеке  сектордың  аударымдарын  ұлғайтуға  ынталандыру 
төмен  күйінде  қалып  отыр.  Негізгі  міндеттерге  жататындар:  мемлекеттің    бюджет 
жоспарлауында    қоршаған  ортаны  қорғау  саласының  анағұрлым    жоғары  басымдығына  қол 
жеткізу  жəне  ластауға  қатысты  анағұрлым  жоғары  стандарттарды  сақтауға  септігін  тигізетін 
субъектілер үшін тиімді ынталандырулар жасайтын экологиялық саясат  құралдарын біршама 
баламалы ұштастыру. 
 
6.2 
Саяси межелер 
 
Табиғат  қорғау  саясатының  негізгі  бағдарламалық  межелері 2004-2015 жылдарға  арналған 
экономикалық  қауіпсіздік  тұжырымдамасында  мазмұндалады,  ол 2003 жылы  бекітілді. 
Тұжырымдамада  негізгі  экологиялық  проблемалардың  жалпы  сипаттамасы  мен  тиісті 
міндеттер берілді. (1 тарауды қараңыз). Тұжырымдаманың бастапқы сатысында (кезегінде) іске 


126
 
 
 
II Бөлім: Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жұмылдыру
 
 
 
асырылатын “Қоршаған  ортаны қорғаудың 2005-2007 жылдарға арналған Бағдарламасы” 27,5 
миллиард  тенге  шамасындағы  қаржы  ресурстарының  жалпы  көлемін  көрсетеді (2006 жылғы 
орташа  айырбас  бағамы  бойынша  шамамен 220 миллон  АҚШ  доллары),  бірақ  жеке 
жобалардың  немесе    басымдықтардың  бағасын  көрсетпейді.   Онда  былай  айтылады
қаржыландыру  мемлекеттік бюджет  белгіленген  межелерде  жүргізіледі  жəне  ол  халықаралық 
қаржы қолдауының болуына байланысты. 
 
Тұрлаулы дамуға өтудің 2007-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы (2006) (ТДӨТ) жалпы 
экономикалық  жəне  əлеуметтік  мақсаттар  мен  табиғат  қорғау  қызметінің  болжалды  жоғары 
нəтижелерін мазмұндайтын ұзақ мерзімді жоспарға жатады, олар  экологиялық тұрақтылықтың 
жиынтық  индексінің  (ЭТИ)  негізінде    өлшенеді (1 тарауды  қараңыз). 2007-2009 жылдарға 
арналған  іс-əрекеттердің  Бірінші  Жоспарында  белгіленген  мерзімдерде  іске  асырылуы  тиіс 
шаралардың  ұзынан-ұзақ    тізбесі  ұсынылады,  бірақ  онда  міндеттер  де  (сандық  немесе 
сапалық), солардың шешімімен байланысты ресурстарға қатысты  талаптар да көрсетілмеген. 
 
2002-2010  жылдарға  арналған  ауыз  су  Бағдарламасында    (АСБ) 115,1 миллиард  теңге 
мөлшеріндегі талап етілетін инвестициялық қаражаттардың есептік жалпы көлемі  белгіленген 
(2006 жылғы орташа  айырбас  бағамы  бойынша 913 миллион  АҚШ  доллары). Қаржыландыру 
көздері  Мемлекеттік  жəне  жергілікті  бюджеттерді,  сондай-ақ  Халықаралық  кредиттер  мен 
гранттарды  қамтиды.  Осы    аталған    шығындардың  негізінен,  ағынды  суларды  жинау  мен 
тазартуға  емес,  ал  сумен  жабдықтау  желілерін  жетілдіруге  нысаналанған,  осы  қаражаттар 
қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар категориясына кірмейді. Сумен жабдықтау 
туралы толығырақ ақпарат 9 тарауда беріледі. БҰҰ шөлге айналумен күрес жүргізу жөніндегі 
Конвенциясының  аясында  іске  асырылатын 2005-2015 жылдарға    арналған  шөлге  айналумен 
күрес  жүргізу  Бағдарлама  (ШК  БҰҰК),  оны  іске  асырудың  бірінші  кезегінде (2005-2007 
жылдар), қабылдануы тиіс  бірқатар шараларды жоспарлайды  жəне 3,1 миллард  теңгеге  жуық 
күрделі  қаржы  жұмсалымын  көздейді. (2006 жылғы  орташа  айырбас  бағамы  бойынша 24,9 
миллион  АҚШ  доллары).  Қаржыландырудың  негізгі  бөлігі  (96%) халықаралық  гранттарға 
негізделген, небəрі  4%  қаражат қана мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. 
 
6.3 
Институционалдық құрылым 
 
Қазақстанда табиғат Қорғау қызметіне жұмсалатын шығындарды жабудың үш негізгі көзі бар: 
Мемлекеттік  бюджет  жəне  жергілікті  бюджеттер,  кəсіпорындардың  меншікті  қаражаттары,  
сондай-ақ шетелдік кредиттер мен гранттар. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында ұлттық жəне 
жергілікті деңгейлерде құрылған  экологиялық қорлар 2002 жылы 1-ші қаңтарда күшін жойды. 
Осы  қорлардың  негізгі    проблемасы,  олар  қоршаған  ортаны  қорғауға  қатысты  саясат  жасау 
үшін  жеткіліксіз  шағын  қосылған    құнды  генерациялаумен  байланысты.  Халықаралық 
стандарттардан  айырмашылығы,  мұның  негізгі  себебіне  осы  аталған  қорлардың    жекелеген 
экологиялық  жобаларды  анықтауға,  баға  беру  мен  іріктеуге  тартылмағаны  жатады. 
Қазақстандық  қорлардың  мандаты  қоршаған  ортаны  ластау  үшін  төлемдер  жинаумен  жəне 
мемлекеттік  экологиялық  ұйымдар  үшін  тауарлар  мен    көрсетілетін  қызметтерді  тікелей 
тендерлік сатып алуды ұйымдастырумен шектелген. 
 
2006 жылы сəуір айында Қазақстан Республикасының Үкіметі  «Қазына» тұрақты даму Қорын 
құрды.  Осы  қордың  мандаты  жеті  мемлекеттік  даму  институттарының  қызметі  мен  жалпы 
экономикалық  өсу  мен  халықаралық  деңгейдегі  бəсекеге  қабылетті  арттыруға  қолайлы 
жағдайлар жасау мақсатымен өндіруші өнеркəсіптің жəне ауыл шарушылығының аясынан тыс 
өнеркəсіптік  инвестициялық  жобаларды  іске  асыруды  қамтиды.  Өзінің  атауына  қарамастан, 
қор  қоршаған  ортаны  қорғауды  ілгерілету  жөніндегі  іс-шараларға  қатыспайды. 2007 жылдың 
бірінші жартысында «Қазына» қорының инвестициялық портфелі  жалпы  сомасы 5,2 миллард 
АҚШ  доллары  тұратын 183 жобаны  қамтыды,  бірақ  қордың  инвестициялық  стратегиясына 
экологиялық сипаттамалардың критерийлерін (егер орын алса) енгізу туралы ешқандай ақпарат 
жоқ. 
 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау