Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет61/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   115

118
 
 
 
 
II бөлім: Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жұмылдыру 
 
 
 
Тарифтер (1 текше  метрге  қатысты  есебі)  тұтынушылардың  негізгі  топтарына  байланысты 
(коммуналдық 
шаруашылық, 
ауыл 
шаруашылығы 
жəне 
өнеркəсіп) 
жасалады. 
Гидроэлектростанциялардың  суды  қолдануға  қатысты  төлейтін  төлемі  олар  өндіретін 
электроэнергияның  (Кв/ч)  теңбе-тең  белгіленеді.  Квотадан  асатын  фактілік  су  қақпағы  үш 
тариф бойынша төленеді. Су қақпағын рұқсатсыз қолдану үшін негізгі тарифтен бес есе асатын 
төлем алынады.    
 
2007  ж.  су  қақпағының  тарифтері  өте  төмен  болды (5.6 кес.қар.).  Олар 2002 орнатылды  жəне 
содан  бері  əлі  ауыстырылған  жоқ.  Соған  сəйкес,  суды  қолданудан  түсетін  төлемдер  елеусіз 
болып  отыр,  жəне  олардың  шынайы  бағасы  да  соңғы  жылдары  жоғары  инфляция  салдарынан 
төмендеп  кетті.  Суды  қолданудың  түсімдерін  жергілікті  салық  органдары  жинайды,  олар  
жиналған құралдарды сəйкес су бассейнінің жергілікті бюджетіне аударады. Дегенмен олар су 
ресурстарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға бөлінбейді.  
 
Судың  мəлімделген  мөлшері  су  бассейндерін  басқару  жөніндегі  сəйкес  ұйымдардың  бекітуі 
қажет (9 тар.қар.).  Суды  қолдануға  қатысты  түсімдердің  төменгі  тарифі  оларды  жинауға 
қатысты  əкімшілік  шығындарды  жабуға  да  жеткіліксіз.  Бұл 2005 жылы  Алматы  қаласының 
қалалық  билік  орындарының  ауыл  шаруашылығына  арналған  нөлдік  тариф  бекітуіне  ықпал 
етті.    
 
Су қақпағына  байланысты төлемнен  басқа негізінен, балық  аулау  жəне  су көлігін  қолданумен 
байланысты жерүсті дереккөздерін пайдаланудың да белгіленген төлемдері бар. Су қақпағына 
бекітілген  төлем  сияқты  жерүсті  дереккөздерінің  төлемі  де  сегіз  су  бассейнінің  əрқайсысы 
бойынша жергілікті билік органдарымен белгіленеді (5.6 кес.қар.). 
 
Табиғи ресурстарды қолданудың басқа да төлемдері   
 
Су  ресурстарына  қатысты  төлемдерден  басқа  да  табиғи  қорды  қолдануға  төлем  алынады. 
Мұндай  төлемдер  қатарына  жер  салығы,  орман  ресурстарын  қолдануға  қатысты  төлемдер 
(ішінара, ағаш), аң  аулау  мен балық  аулау  жинақтары, сондай-ақ  күзетілетін  табиғи  парктерді 
қолдануға  қатысты  жинақ  төлемдері  жатады.  Əйткенмен  мұның  бəрі  тек  пайда  түсіру  үшін 
жасалған фискальды құралдар болып табылады.  
 
Белгіленген  жинақ  төлемдер  ресурстардың  шынайы  бағасын  көрсетпейді,  осыған  байланысты 
олар  осы  ресурстарды  тұрақты  қолданудың  жəне  қорғаудың  əрекеттік  ынталандыруын 
қалыптастырмайды.    
 
Мысал  ретінде 2002 жылдан  бастап  өзгермеген  орманды  (ағаш  даярлау)  қолдануға  қатысты 
тарифтерді  алуымызға  болады. 2006 ж.  олар 2002 жылмен  салыстырғанда  (яғни  инфляцияны 
есепке  алғанда)  шамамен 25% төмендеді.  Орманды  пайдаланудан  түсетін  түсімдер  орманның 
пайдаланылатын жерлерін қорғау жөніндегі жалпы қажеттіліктердің тек 10% ғана өтейді. 2008 
жылдың  басында  ҚР  Үкіметінің  мақұлдауын  алғаннан  кейін  орманды  қолдануға  қатысты 
төлемдерді 20% арттыру жоспарланып отыр.  
 
Пайдалы қазбалар (минералды ресурстар)  
 
Пайдалы  қазбаларға,  əсіресе  мұнай  мен  газ  алу  процедуралары 1996 жылы  қабылданған  «Кен 
орындары жəне қазба байлықтарын қолдану туралы» Заңында белгіленген. Кен орындары мен 
ондағы  пайдалы  қазба  ресурстары  мемлекеттің  меншігі  болып  есептеледі.  Егер  келісімшартта 
қазбаны  пайдалануға  қатысты  басқа  құқық  белгіленген  болса,  кен  орындарынан  алынған 
ресурстар қазбаны қолданушының меншігіне айналады. Энергетика жəне минералды ресурстар 
Министрлігі  қазбаны  пайдаланушыға  өкілетті  орган  болып  саналады.  Өнімді  бөлу  туралы 
келісімді  қосқанда  (ӨБК),  барлау  мен  қазба  орнын  табуға  қатысты  келісімшарт  тараптар 


 
5 Тарау: Қоршаған ортаны қорғауға арналған экономикалық құралдар 
 
119 
 
 
арасында  келісіледі.  Егер  барлау  құқығын  иеленуші  «өнеркəсіптік  қор»  ашса,  оның 
келісімшартта пайданы талқылауға тікелей құқығы болады.    
 
5.6 Кесте: Жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдалануға белгіленген орташа тарифтер 
 
Суды қолдану
Атауы
Тарифте
рі
Суды қолдану 
Тұрғын үй жəне мемлекеттік 
секторларға коммуналдық 
қызмет көрсету
м3 теңгемен  
0,038 
Өнеркəсіп
м3 теңгемен  
0,108 
Ауыл шаруашылығы
м3 теңгемен  
0,031 
Гидроэлектростанциялар
кВт/с.теңгемен 0,011 
Басқа су қолданушылар
Балық шаруашылығы
Бір тонна балық 
теңгемен
77,16 
Тоғандарды қолданатын 
компаниялар
м3 теңгемен  
0,030 
Су көлігі (қайық)
тонно-км.теңгемен 0,004 
 
Дереккөзі: 2002 ж. 29 наурыздағы № 374 Жарлық   
  
Ескерту: Сегіз бассейндік су басқармалары қолданатын 
өлшенбеген орташа арифметикалық төлемдер.  
 
Кəдуілгі салықтан басқа (мысалы, корпоративтік салық, акциздер), қазбаны пайдаланушыларға 
Салық  кодексімен  анықталатын  арнайы  жинақтар  (бонус  жəне  роялти)  салынады.  Кодексте 
жазба  бонусы  мен  коммерциялық  табу  бонусы  туралы  айтылған.  Жазба  бонусы  барлаудың 
басталғанына рұқсат беруге қатысты белгіленген ақыны білдіреді. Коммерциялық табу бонусы 
барланған қордың құнынан 0,1% құрайды. Ол пайдалану туралы келісімшарт орнатылған соң 
алынып  бастайды.  Роялти  бақыланған  кен  орнының  жыл  сайынғы  пайдасынын  көлемінің 
негізінде есептеледі. Шикі мұнай экспортына рента салынады. Осы аталған төлемдер олардың 
көлемі  экологиялық  мəселелерді  ескерусіз  анықталатын  болғандықтан,  бюджетке  қаржы 
түсімдерін  тартуға  арналған  аса  фискальды  құрал  болып  саналады.  Соған  сəйкес  кіріс 
мемлекеттік бюджетке, ал оның белгілі бір бөлігі Ұлттық инвестициялық қорға аударылады (6 
тар.қар.).  Экономиканың  басқа  да  салалары    сияқты,  ластауға  қатысты  төлемдер  шешімдер 
арқылы  анықталатын  шеңбердегі  қоқыс  тастағаны  үшін  жасалуы  тиіс.  Мұндай  түсімдер 
жергілікті билік органдарының сəйкес бюджетіне аударылады (5.2 жоғ.қар.).  
 
5.6 
Автомобиль көлігі 
 
Автомобиль  көлігі – Қазақстандағы  ауаны  ластаудың  негізгі  көзі.  Соңғы  жылдары  жеңіл 
автокөлік,  жүк  автокөлігі  мен  автобустардың  саны  күннен  күнге  көбейіп,  экономикалық 
белсенділіктің  қарқындап  дамуын  жəне  сонымен  байланысты  халықтың  шынайы  кірісінің 
артуын сипаттайды. Бұған қарамастан, ескі автокөліктердің үлесі автокөліктің жалпы санының 
бірлігі бойынша аса жоғары болып отыр, дегенмен елде автокөлік құралдары паркінің жылдық 
мөлшері туралы ешқандай мəлімет жоқ.     
 
2003  ж.  этилды  бензин  қолдануға  ресми  түрде  тыйым  салынды.  Бұл 2000 жылдың  басымен 
салыстырғанда  мырыштың  тасталуының  төмендеуіне  ықпалын  тигізді.  Дегенмен  Қазақстанда 
көлемі  жағынан  аса  үлкен қара нарықтың  бар  екендігін  білдіре  отырып, этилды  бензин  əлі  де 
кеңінен қолданылатын сияқты.      
 
2007  ж.  Қазақстанда  автокөлік  құралдарының  қалдықтарына  қатысты  еуропалық  немесе 
американдық стандарттарға қарағанда неғұрлым жұмсақ ескі  КОМС
19
 (ГОСТ) талаптары əлі де 
қолданылу  үстінде.  Құрамында  миллионға  тең  5.000 күкірт  бөлігі  кездесетін  дизельді  жағар 
                                                 
19
 Бұрынғы Кеңес Одағының Мемлекеттік стандарты. 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау