6 Тарау: Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар
137
облыстарда жұмыс істейтін кəсіпорындар қаржыландыруы тиіс еді. Осы аталған кезең
арасында аталмыш жобаларды нақты іске асыру туралы деректер жоқ. Кəсіпорындар
қаржыландыратын іс-шараларды есепке алғанда, қоршаған ортаны қорғау жөнінде
жоспарланған шараларға жергілікті органдардың жұмсаған шығындары 2006 жылы жалпы
бюджеттік шығындардың 0,6 пайызға жуығын құрады.
Салыстыру үшін, қоршаған ортаны ластағаны үшін жергілікті бюджеттерге жіберілетін
түсімдер 2005-2006 жылдар арасында 25 миллардқа жуық теңгені құрады (200 миллионға
жуық доллар). 2002 жылдан кейін осы түсімдер табиғат қорғау іс-шараларымен байланысты
нысаналы бағыт алған жоқ. Сондықтан жергілікті басқару органдарының қоршаған ортаны
қорғауға жұмсаған шығындары 2002-2006 жылдар арасында, орта есеппен осы аталған
түсімдердің ширектен кем мөлшерін құрады. (6.2 суретті қараңыз). Осы тұрғыда қоршаған
ортаны қорғауға жұмсалатын шығындарды жабу үшін ұлттық бюджеттен жергілікті
бюджеттерге қаражатар аудару түсініксіз күйінде қалып отыр.
6.9 Кесте: ҚОҚМ 2004–2007 жылдардағы бюджеті
млрд. тенге
2004
2005
2006
2007
Ағымдағы шығындар
2,61
3,66
3,60
4,74
Дамуға жұмсалатын
шығындар
1,75
1,96
1,87
3,87
Инфрақұрылымға
инвестицияларды қоса
есептегенде
Жергілікті басқару
органдары деңгейіне
қаражаттар аудару
0,68
0,83
1,02
1,47
Жалпы шығындар
0,86
0,84
0,46
0,33
Жалпы шығындар, орталық 4,36
5,62
5,47
8,60
Үкіметтің жалпы
шығындарының %-ы
0,46
0,36
0,30
..
Мемориалдық бап
ҚОҚМ жалпы шығындары,
АҚШ долл. (ағымдағы
орташа айырбас бағамы
бойынша)
32,1
42,3
43,4
70,1
Дерек көзі: Қоршаған ортаны қорғау.
Ескерту: 2007 жылғы деректер бюджеттік жоспарларға негізделген. Дамуға
жұмсалатын шығындар мен ҚОҚМ 2007 жылғы шығындары энергогсервис
компаниясы (ЭСКО) капиталының өсуін қаржыландыруға 1,29 милард тенге
(10,2 миллион доллар) көлеміндегі бір жолғы салымды қамтыды.
Қазақстанда қоршаған ортаны ластағаны үшін жасалатын төлемдердің түсімдерін, табиғат
қорғау шараларымен байланысты емес қызметке жіберілетін бюджеттік қаражаттардың
қолайлы көзі ретінде пайдаланудың ежелден қалыптасқан дəстүрі бар
5
. Бұл алаңдаушылық
туындатады, өйткені ластаушы кəсіпорындардың қоршаған ортаға тигізетін зияны, ластау
үшін төленетін төлемдерден түсетін қаражаттардың көлемдерінен анғұрлым көп екені туралы
орнықты болжам қалыптасқан. Оның үстіне, экологиялық мақсаттарды қатар көздейтін,
мемлекеттік кірістерді таратуға қатысты (мəселен, экологиялық зиянды өнімге салынатын
салықтар) басқа да тиімдірек тəсілдер қолданылады.
Жалпы алғанда, бұл ластағаны үшін төлем жасаудың ебедейсіз жүйесінің шектеулі
экологиялық тиімділігі мəселесін көтереді (5 тарауды қараңыз), ол ластау деңгейін азайтуға
деген баламалы ынталандырулар жасамайды. Саяси құралдарды тыс орналастырған жағдайда,
5
Бұл мəселе бойынша да сондай-ақ Қазақстан Республикасына арналған қоршаған ортаны қорғау саласындағы
қызмет нəтижелерінің Бірінші Шолуын қараңыз (32 бет)
138
II Бөлім: Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жұмылдыру
кəсіпорындардан түсетін қаражаттарды ластауды азайту жөніндегі шараларды қаржыландыру
үшін компаниялардың өздері-ақ пайдалана алар еді.
Қоршаған ортаны қорғауға жасалатын Халықаралық қаржылай көмек
Қазақстанға көрсетілген негізгі Халықаралық техникалық жəне қаржылай көмек көп жақты
болды. Оған Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ), жаһандық
экологиялық қор (ЖЭҚ), Дүниежүзілік банк пен Еуропалық комиссия қатысты. Жапония мен
Норвегия, сондай-ақ басқа елдердің дамуы жөніндегі агенттіктер (мəселен GTZ
6
, DFID
7
, жəне
USAID ерекше белсенділік көрсетті) негізгі екі жақты донорлар болды.
6.10 Кесте: Мемлекеттік бюджет қаражаттарынан ағымдағы ірі инвестициялық
жобаларды ортақ қаржыландыру
Бағдарлама
Орындайтын
агенттік
Жалпы
бағасы
Кумулятивті
шығындар
2006
2007
Қалған
сома
Ауыз су Бағдарламасы
(2002-2010)
АШМ
22 611
5 223
4 144
6 062
7 181
Арал теңіз Бағдарламасы,
(2001–2007)
АШМ/ҚОҚМ
14 900
11 084
2 846
969
..
Ауыз су Бағдарламасы
(2002-2010)
ҚОҚМ
902
292
202
172
236
Шөлге айналумен күрес жүргізу
(2005-2015)
АШМ
8 231
..
54
1 541
6 662
Ормандарды қорғау Бағдарламасы
(2006-2009)
ҚОҚМ
3 955
82
226
1 488
2 160
Қоршаған ортаны қорғау
Бағдарламасы
(2005-2007)
50 599
16 681
7 472
10 206
16 240
Барлығы:
Мемориалдық бап:
Қорытынды бап млн. АҚШ долл.
берілді (2006 жылғы орташа айырбас
бағамы бойынша)
401
132
59
81
129
Мемлекеттік шығындар
Дерек көзі: Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігі; тікелей мəліметтер, БҰҰ ЕЭК есептері.
Ескерту: 2007 жыл жəне əрі қарай: жоспарланатын шығындар. Ауыз су Бағдарламасы бойынша барлық шығындар
халықаралық стандарттарға сəйкес ҚО қорғау шығындарының категориясына кіреді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы
Кейінгі жылдарда БҰҰДБ экологиялық жобалардың көп санына қатысып, негізінен, ЖЭҚ-тың
атынан үйлестіру мен жəрдемдесу функцияларын орындады. 2007 жылдың соңына қарай ахуал
бойынша 11 ағымдағы жоба болды, солардың БҰҰДБ басқаратын жалпы бюджеті 22 миллион
долларды құрады, оның 20 миллионға жуық сомасын ЖЭҚ салды. Екі жақты донорлық
көмекке қатысуы тым шектеулі болды да, осындай қатысудың үлесі шамамен 1,5 миллион
долларға жетті. Осы қаражаттар басқа көздердің тарапынан, негізінен, мемлекеттің қосарлы
қаржыландырумен толықтырылып, жиынтығында 135,5 миллион долларды құрады.
Төменде 2007 жылдың соңына қарай іске асырылатын ағымдағы негізгі үш жоба аталады,
бұлар жалпы қаржы салымдарының 95 пайызға жуық шамасын құрайды:
6
Gesellschaft für technische Zusammenarbeit (Германияның техникалық ынтымақтастық жөніндегі агенттігі).
7
Department for International Development (Халықаралық Даму Департаменті Ұлыбритания).
Достарыңызбен бөлісу: |