Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет65/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   115

 
6 Тарау: Қоршаған ортаны  қорғауға жұмсалатын шығындар
 
  127 
 
 
Мемлекет 2000 жылы  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Қорын  құрды. (ҚРҰҚ).  Қордың 
мандаты  табиғи  ресурстарды  өндіруден  түсетін  мемлекеттік  кірістерді  (табыстарды)  ұтымды 
пайдалануды  қамтамасыз  етуді  қамтыды.  ҚРҰҚ  əлемдік  рынокта  шикізат  материалдарына 
бағалардың  ауытқу  жағдайларында,  сондай-ақ  болашақ  ұрпақтар    үшін  табиғи  өндірістерді 
өндіруден  (шектеулі)  түскен  түсімдердің  бөліктерін  сақтауға  байланысты  мемлекеттік 
табыстарды (кірістерді) тұрақтыландыруға  көмек көрсету мақсатымен құрылған тəуелсіз қор 
болып  саналады.  Қор  табыстарының    негізгі  көздеріне  корпорацияларға  салынатын  табыс 
салығы,  үстеме  пайдаға  салынатын  салық,  бонустар  мен  ролялтилер  сияқты  мұнай 
компанияларының  тікелей  салықтары  жатады. 2006 жылы  шілдеде  ҚРҰҚ  толығымен 
мемлекеттік бюджеттке интеграцияланды. Қазір мұнайдан түсетін табыстардың бəрі ҚРҰҚ-на 
бекітілген, ол дамуға жұмсалатын шығындар аталатындарды  қаржыландыру үшін қаражаттар 
аударады.  Бұл  негізгі  қаражаттарды  қалыптастыруға  (атап  айтқанда,  инфрақұрылыды) 
жұмсалатын  шығындарды  жəне  Адам  капиталын  дамытуды  қамтиды.  Мұның  ҚОҚМ  үшін 
сəйкес  бюджеттік  қаржы  бөлулеріне  қалай  əсер  ететінін  түсіну  ғана  қалады. 2007 жылдың 
тамыз  айының  соңында  ҚРҰҚ 2322,6 миллиард  теңгені  жинақтады,  18,4 миллард  АҚШ 
долларын құраған осы қаражат (2006 жылғы орташа айырбас бағамы бойынша) Халықаралық  
қаржы рыноктарына инвестицияланды. 
 
Мемлекеттік сектор 
 
Мемлекеттің  қоршаған  ортаны  қорғауға  жұмсалатын  шығындарының  түрлі  деңгейлердегі 
жауапкершілігі  мен  табиғат  қорғау  қызметіне  жататын  табыстарды  бөлуді  Бюджеттік  кодекс 
белгілейді.  Қазақстанда  орталық  ұлттық  бюджет  «Республикалық  бюджет»  аталады; 
мемлекеттік  бюджет  орталық  жəне  жергілікті  бюджеттерді  қамтиды. 2006 жылы  шілдеден 
бастап ҚРҰҚ мемлекеттік бюджетке енгізілді.  
 
Орталық  үкімет 
 
Ұлттық  деңгейдегі  табиғат  қорғау  шаралары  орталық  мемлекеттік  бюджеттен 
қаржыландырылуы  тиіс.  Табиғат  қорғау  іс-шараларын  іске  асыру  жауапкершілігі  Қоршаған 
Ортаны  Қорғау  Министрлігіне  (ҚОҚМ)  жəне  Ауыл  шарушылығы  Министрлігіне  (АШМ) 
жүктелген.  АШМ  құрамына  Су  ресурстары  жөніндегі  Комитет  (СРК)  пен  Орман  жəне 
аңшылық шарушылығы Комитеті кіреді. 
  
Мемлекеттік шығындарды басқаруды жетілдіру жөніндегі шаралар ұлтық деңгейдегі жылдық 
бюджетті  жасау  үшін  шығындардың  орта  мерзімді  межелерін  (ШОММ)  əзірлеуге  ұйытқы 
болды (6.1 Ендірмені  қараңыз).  Егер,  сайып  келгенде,  бұл  бюджеттік  Қаржы  бөлу  үдерісіне 
экологиялық  инвестициялық  бағдарламалардың  интегграциясын  жеңілдетуді  жəне  бекітілген 
жобаларды  қаржыландыруды  қамтамасыз  етуі  тиіс  болса,  бюджеттік  қаржы  бөлу  туралы 
шешімдер  қабылдау  үдерісінде  экологиялық  міндеттерді  ілгерілету  үшін  институционалдық 
əлеуетті  қалыптастыру  қажетті  талап  болып  табылады.  Бұл  сондай-ақ  жобалардың  құнын 
бағалау  сапасының  артуы  мен  мониторинг  пен  сараптық  бағаға  жұмсалатын  шығындардың 
тиімдігілін арттыруды талап етеді, бюджеттік үдерістің осал буындарына жататын аспектілер.  
 
Жергілікті басқару органдары
1
 
 
Көпшілік  елдердегі  сияқты.  Қазақстанда  да  экологиялық  инфрақұрылымға  инвестиция  үшін 
(мəселен, сумен жабдықтау жəне ағын суларды тазарту желісі, сондай-ақ қалдықтарды əкету) 
жауапкершілікті  ұлттық  үкіметтер  жергілікті  басқару    органдарының  деңгейіне  табыстау 
қолданылады. 2002 жылдан  бастап,  яғни  экологиялық  қорлардың  күшін  жойғаннан  кейін, 
қоршаған  ортаны  ластағаны  үшін  жасалатын  төлемдерден  түсетін  табыстар  мен  мемлекеттік 
орталық салық органдары жинайтын айыппұлдар жергілікті бюджеттерге жіберілетін  болды. 
Алайда осы түсімдер қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды іске асыруға жұмсалатын 
                                                 
1
 16 əкімшілік  бірлікке,  яғни 14 облыс  пен  облыс  мəртебесіне  теңестірілген  əкімшілік  мəртебесі  бар 2 ірі  қалаға 
(Астана жəне Алматы) сенім артылды. 


128
 
 
 
II Бөлім: Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жұмылдыру
 
 
 
шығындар  ретінде  нысаналы  бағыт  алған  жоқ.  Жергілікті  билік  органдары  қоршаған  ортаны 
ластағаны  үшін  төлемдердің  қолданылатын    мөлшерлерін  белгілейді (5 тарауды  қараңыз),  
жоспарларын  жасайды.  Табиғат  қорғау  іс-шараларына  жергілікті  деңгейде  жұмсалатын 
шығындарға  тəн  ортақ  белгі  қоршаған  ортаны  ластағаны  үшін  жасалатын  төлемнен  түсетін 
табыстардың  арзымайтын  бөлігін  салу  ғана  болып  табылды. 2006 жылы  қоршаған  ортаны 
ластаудан түскен кірістер жергілікті бюджеттердің жалпы табыстарының 3 пайызға жетпейтін 
шамасын құрады, бұл 2003 жылдың деңгейінен екі есе артық  (1,5%).  
 
 6.1.Ендірме: Шығындардың орта мерзімді межелері (ШОММ) 
 
Мемлекеттік бюджеттер жыл сайын жасалып отырады. Дұрыс  қалыптастыру үшін бюджеттер саяси бағыт 
пен  жоспарлауды  есепке  алу  арқылы  əзірлеуі  тиіс.  Осылайша  олар    кезек  бойынша  орта  мерзімді 
межелерге  енгізілуі  тиіс,  олар  базалық  бағыттың  макроэкономикалық    дамуын,  болжалды  табыстар  мен 
мемлекеттік  бағдарламалардың  жəне  қаражаттарды  жұмсау  саясатының  ұзақ  мерзімді  қаржылық 
қажеттіліктерін  көрсетеді.  Макроэкономикалық  (қаржы  межелерінен  бөлек,  ШОММ  мына  аспектілерді 
қамтиды) 
• 
Салалық бағдарламалар мен шығындардың межелерін əзірлеу; 
• 
Ресурстарды бөлуді белгілеу; 
• 
Салалық бюджеттерді дайындау. 
• 
түпкілікті саяси бекіту 
ШОММ Министрліктер арасындағы ынтымақтастықты дамыту жəне  көп жылдық перспективада жоспарлау 
құралына жатады. Бұлар  орта мерзімді жəне ұзақ мерзімді мақсаттардың ашықтығын,  сондай-ақ оларға 
жету стратегиясын арттырады. Осылайша олар ашықтықты арттырады жəне ашық талқылауларды 
ынталандыруы мүмкін. Кейінгі жылдарда ШОММ кедейліктің деңгейін азайту  жөніндегі стратегиялардың 
құжаттарын дайындауда (КДАСҚ) кеңінен пайдаланылды.
 
 
Жергілікті бюджеттің негізгі жұмсайтын шығындары білім, денсаулық сақтау жəне тұрғын үй 
саласына  бағытталады.  Кейінгі  жылдарда  табиғат  қорғау  қажеттіліктеріне  жұмсалатын 
шығындардың  үлесі    жұмсалатын  қаражаттардың  жалпы  құрылымында,  орта  есеппен,  бір 
пайыздың  жартысынан  кемін  құрады. 2004-2015 жылдарға  арналған  экологиялық  қауіпсіздік 
тұжырымдамасының    аясында  əрбір  жергілікті  басқару  органы  қоршаған  ортаны  қорғаудың 
2005-2007  жылдарға  арналған  бағдарламасын,  сондай-ақ  осы  бағдарламамен  байланысты 
жекелеген  жобалардың  үлкен  тізбесін  қажетті  ресурстардың    көлемімен  жобаларды  іске 
асырудың  күтілетін  мерзімдерін  көрсету  арқылы  дайындауы  тиіс  еді. Алайда біз  осы  аталған 
жобаларды  іске  асырудың  нақты  нəтижелері  туралы  мəліметтер  алмадық.  Жалпы,  табиғат 
қорғау  қызметіне  жергілікті  деңгейде    берілетін  төмен  басымдықтың  да,  сондай-ақ  
экологиялық  инвестицияларды белгілеу, баға беру, жоспарлау жəне іске  асыру үшін лайықты 
əлеуеттің болмауын көрсететінін атап өтуге болады. 
 
Жергілікті  басқару  органдары  табыстардың  жалпы  саясатына  қатысты  шектеулі  автономияға 
ие.  Кейінгі  жылдарда  жергілікті  салықтар  (мəселен,  мүлікке  салынатын  салық,  жер  салығы, 
көлік  салығы)  жергілікті  түсімдердің  жалпы  көлемінің  небəрі 15%-ын  ғана  құрады.  Тек  жер  
салығы ғана жергілікті деңгейде белгіленеді. 
 
Жергілікті табыстардың негізгі көздері-республикалық деңгейде жиналатын табыс салығының 
бір  бөлігін  аудару  жəне  мемлекеттік  бюджет    қаражаттарынан  берілетін  гранттар.  Оның  
үстіне,  қаржылық  жағдайы  анағұрлым  əлсіз  облыстарға  қолайлы  салық-бюджет  балансы  бар 
облыстардан  табыстарды  қайта  бөлуді  қамтитын,  облысаралық  қаражаттар  аудару  жүйесі 
жұмыс істейді. Алайда осы аталған аударымдар жүйесінің формалды ережелері орталық үкімет 
тарапынан  еркін  өзгерістерге  ұшырады.  Бұл  облыстардың  табыстарына  күтпеген  жəне  күшті 
ауытқулар жасады. 
 
2007  жылы  шілдеде  ҚР  Үкіметі  облысаралық  аударымдардың    мөлшерін  белгілеудің  жаңа 
ережелерін  қабылдады.  ЮСАИД  жобасының  шеңберінде  экономика  жəне  бюджет  жоспарлау 
миинстрлігімен ынтымақтастықта əдіснама əзірленді. Жаңа ережелер қаражаттарды жұмсауға 
қатысты  жергілікті  басқару  органдарының  ағымдағы  қажеттіліктерін  белгілеуді  көздейді  де, 
бұл  орайда  коммуналдық  қызметтерге  жұмсалатын  салыстырмалы    қаражаттардың 
кенттенудің, кедейліктің деңгейін көрсететін жəне елді  мекендердің басқа да айырмашылықты 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау