Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет59/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   115

114
 
 
 
 
II бөлім: Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жұмылдыру 
 
 
5.4 Кесте: Ластау үшін жасалатын төлемдер мен салынатын айыппұлдардың түсімдері 
Млрд. теңге
Атауы
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
Ластану төлемі
4,50
5,70
6,65
10,58
13,80
25,52
26,48
Айыппұл
0,16
0,18
0,32
1,39
1,59
1,56
4,37
Жалпы сома
4,66
5,88
6,97
11,97
15,39
27,08
30,85
ІЖӨ барлығы пайызбен
0,20
0,20
0,20
0,30
0,30
0,40
0,30
 
Дереккөзі: Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі  
 
 5.1 Сурет: 2005–2006 жж. экологиялық салалар бөлігінде эмиссия үшін төленетін 
төлемақының түсімдері (орташа үлесі пайыздарда) 
 
 
73%
2%
25%
Ауа
Су
Қалдық
   
Дереккөзі: Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі; ЕЭК хатшылығының есептері.  
 
Ластауға  қатысты  төленетін  төлемдерден  түсетін  түсім  жергілікті  бюджетке  түседі,  алайда, 
олар табиғатты қорғау іс-шараларына қаржыландыру үшін бөлінбейді (6 тар.қар.).  
 
5.3  Қалалық сумен жабдықтау үшін жасалатын төлем жəне ағынды суларды бұру 
 
1993  ж.  сумен  жабдықтауға  жəне  ағынды  суларды  қайта  өңдеуге  қатысты  жауапкершілік 
жергілікті  билік  органдарына  жүктеледі  (жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдары). 
Муниципиалды  меншіктегі  жергілікті  коммуналдық  қызмет  орындары  (су  каналдары)  сумен 
жабдықтау жəне канализация қызметін көрсетеді. Тұтастай алғанда, мемлекеттік коммуналдық 
шаруашылық  акционерлік  қоғамы  (АҚ)  немесе  жауапкершілігі  шектеулі  қоғамдарға  (ЖШҚ) 
бөлінді.  Дегенмен  кейбір  шағын  жəне  орташа  қалаларда  коммуналдық  сумен  жабдықтау 
тұтастай  немесе  жартылай  жекешелендірілді. 2007 жылы  Қазақстанда  шамамен  барлығы 480 
бірліктегі коммуналдық сумен жабдықтау орындары қызмет етті.   
 
Су каналдарын жергілікті билік органдары бақылайды. Негізінде, су каналдары   техникалық 
қызмет көрсету мен сумен жабдықтау жəне суды есептейтін қондырғылар жүйесін дамытумен 
қатар,  өзін-өзі  қаржыландыру  қағидасы  бойынша  жұмыс  істеуге  міндетті.  Алайда 
коммуналдық  сумен  жабдықтау  тораптары  өз  жұмыстарына  жəне  тарифтік  саясатына 
бұрынғысынша  халықтың  судың  көтерілген  бағасын  төлеуге  қатысты  тұтынушылық  қабілеті 
жөнінде  алаңдатушылық  білдіріп  отырған  жергілікті  басқару  органдарының  араласуын 
басынан өткізуде. Жалпы алғанда, коммуналдық қызметке түсетін түсім құралдарының деңгейі 
тек пайдалану шығындарын ғана жаба алар еді (егер болса). Су шаруашылығымен байланысты 
емес  қажеттіліктерге  сəйкес  суды  қолданудан  құралдар  алу  кеңінен  тарады.  Осының 
нəтижесінде,  талапқа  сай  жөндеу  жұмыстарының  жүргізілмеуіне  жəне  техникалық  қызметтің 
көрсетілмеуінің  салдарынан  сумен  жабдықтау  жүйесінің  инфрақұрылымы  елеулі  деңгейде 
нашарлады (9 тар.қар.).  
 


 
5 Тарау: Қоршаған ортаны қорғауға арналған экономикалық құралдар 
 
115 
 
 
Қалалық билік органдары мен су коммуналдық қызметтерінің арасында орнатылған өндірістік 
келісімшарттар  (Алматы  қаласына  арналған  басқарушылардың  қағидалары  бойынша 
ұсынымдарына  сəйкес)  аса  кеңінен  қолданыс  тапқан  жоқ.  Тұтастай  алғанда,  мұндай 
келісімшарттар  ірі  операциялық  автономия  көрсетуге  айырбас  ретінде  коммуналдық  басқару 
мақсаттарын  анықтайды.  Бұған  қарамастан,  осындай  келісімшарттардың  негізінде  қызмет 
ететін  коммуналдық  қызметтер  соңғы  жылдары  белгілі  бір  маңыздылыққа  қол  жеткізді  жəне 
бүгінде ол Қазақстанның 5% астам халқына қызмет көрсетіп отыр.    
 
Су тарифі 
 
Тарифтерді  жергілікті  мемлекеттік  органдар  жəне/немесе  коммуналдық  қызмет  орындары 
белгілейді жəне ол бекіту үшін табиғи монополияларды  реттеу жөніндегі Агенттіктің (ТМРА) 
облыстық  басқармасына  беріледі.  Ұлттық  сипаттағы  ТМРА  бір  облыстың  шеңберінен 
шығатын  бөлуші  тарап  арқылы  коммуналдық  қызмет  орындарының (5.1 енд.қара)  жұмысын 
бақылауды  жүзеге  асырады.  Тарифтерді  арттыруға  байланысты  өтініштерді  келісу  үрдісіне 
байланысты  коммуналдық  қызмет  орындары  ТМРА-не  торапты  дамытуға  қажетті  негізгі 
құралдар мен қорды алмастыру, пайдалану, жөндеу жəне  техникалық  қызмет  көрсету  туралы 
жан-жақты мəлімет беруге міндетті.   
 
5.1 Ендірме. Табиғи монополиялардың қызметін реттеу. 
 
Қазақстан  Республикасының  «Табиғи  монополиялар  туралы»  Заңы (1998 жылы  қабылданған)  табиғи 
монополияларды  бəсекелестік  жағдай  жасау  немесе  техникалық  себептерге  байланысты  мүмкін  емес 
немесе экономикалық жағынан мақсатқа сəйкес емес деңгей ретінде анықтайды. Жалпы алғанда, табиғи 
монополия  үнемдеу  мақсатында  өндіріс  масштабының  өсу  есебінен  бүкіл  (жеогілікті)  нарыққа  қызмет 
көрсетуге  екі-үшеу  емес,  бір  компанияға  ғана  мүмкіндік  берген  ұтымды  болғанда  туындайды.  Осыған 
сəйкес мысал – суды бөлу, оған өндірістік шығыстардың жалпы құрылымында белгіленген шығыстардың 
(су  бөлуші  тораптарға  салым  салу)  үлкен  үлесі  тəн.  Табиғи  монополиялар  тұтынушыларды  қорғауға 
арналған  сыртқы  құралдармен  реттеледі.  Қазақстандағы  табиғи  монополиялардлың  толық  тізімі  табиғи 
монополиялар субьектілерінің Мемлекеттік тізімдемесіне енгізілген. 
 
Талапқа  сəйкес,  тарифтер  шығыстарды  ескере  отырып,  бақылаушы  органмен  есептеледі. 
Жалпы,  бұның  құрамына  негізгі  капитал  мен  кірісті  амортизациялауды  есепке  алғандағы 
пайдалану  шығыстары  қамтылады.  Коммуналдық  қызмет  орындары  сонымен  бірге  ағынды 
сулармен  бірге  тасталатын  ластағыштар  үшін  де  төлейтіндігін  атап  өту  маңызды.  Дегенмен 
Қазақстанда толық сатып алуды талап ететін жалпы құқықтық қағида қалыптаспаған. Мысалы, 
ТМРА  тарифтерді  алмастырудың  іс  жүзіндегі  құнының  емес,  тарихи  шығыстардың  негізінде 
белгілейді.  Бұл  активтер  мен  кіріс  нормасын  амортизациялау  жөніндегі  ережелер,  жалпы 
алғанда,  жеткіліксіз  екендігіне  алып  келеді.  Ереженің  құнды  толық  өтеуді  қамтамасыз  ете 
алмайтындығы  сияқты  басқа  себебі  халықтың  төмен  кірісімен  аса  жоғары  тарифті  төлеу 
қабілетіне алаңдаушылықпен тікелей байланысты.    
 
«Бірегей»  тарифтерді  қолдану  кеңінен  таралған,  яғни  бір  куб  метрге  төленетін  баға  суды 
қолданудың  жалпы  деңгейінен  тыс  өзгеріссіз  қалады.  Балама  ретінде  үдемелі  сатылы-
пропорционал  тариф  қызмет  етеді,  мұнда  баға  тұтыну  көлемімен  бірге  өседі.  Бұған  қоса, 
тарифтер түрлі тұтынушы топтар үшін бірдей. Халыққа өнеркəсіптік кəсіпорындарға арналған 
тарифтер есебінен тарифтерді көлденеңінен субсидиялау да қолға алынбаған.  
 
Қазақстанның  ірі  қалалаларындағы  су  бағасының  бір-бірінен  айырмашылығы  көп (5.5 
кес.қар.). 2004 жəне 2005 жылдары  ауыз  судың  бағасы  (ҚСҚ-сыз) (НДС) 1 текшеметрге 
(Алматыда) 9,33 теңгеден (0,07 доллар) 1 текшеметрге  (Шымкентте) 32,75 теңгеге (0.24 
доллар)  дейінгі  аралықта  болды.  Ірі  қалалардағы  судың  тарифі  (кішігірім  ерекшеліктерді 
қоспағанда) əлі күнге дейін жоғары болып отыр. Қолда бар жартылай мəліметтерге сүйенсек, 
2004  жылдан  бастап 2007 жылға  дейін  судың  бағасы  орта  есеппен 20% дейін  өсті,  негізінен 
бұл, тұтынушылық баға индексінің берілген кезеңдегі орташа артуына сəйкеседі.    
 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау