Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет60/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   115

116
 
 
 
 
II бөлім: Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жұмылдыру 
 
 
Судың  көтерілген  бағасын  төлеуге  байланысты  тұтынушылық  мүмкіндіктерге,  əсіресе,  елдегі 
төмен  кірісті  топтарға  келсек,  Қазақстанда  жүйелік  талдау  жүргізілмейді.  Əйтсе  де  көптеген 
тұтынушылар  үшін  судың  тарифі  отбасы  бюджетінің  елеусіз  бөлігін  ғана  құрайды. 
Экономикалық  дағдарыс  кезеңінде  тарифтерді  арттыру  мүмкіндігі  аса  шектеулі  болды. 
Дегенмен соңғы жылдары бұл жағдай түбірімен өзгерді, бұған халықтың жан басына  қатысты 
шынайы кірістің тез өсуі дəлел болады.   
 
5.5 Кесте: Ірі қалаларда сумен жабдықтау қызметтеріне белгіленген 2005 ж тарифтер 
м3 теңгемен
Қала
Ауыз су
Канализац
ия
Төлемді 
жүзеге 
асырукоэф
фициенті
Ақтау
24,66
22,02
100
Ақтөбе
22,08
20,93
100
Алматы
9,33
5,93
100
Астана
20,63
14,63
100
Атырау
15,29
40,96
86
Қарағанды
27,70
21,73
98
Көкшетау
24,70
22,08
100
Қостанай
16,40
15,92
100
Қызылорда
24,84
12,00
92
Павлодар
11,82
9,54
100
Петропавл 16,15
13,92
100
Шымкент
32,75
11,75
99
Тараз
8,28
4,00
81
Орал
14,00
13,18
100
Өскемен
9,80
10,55
100
Өлшенбеген орташа 
арифметикалық 
18,56
15,94
97
Ескерту:
Орташа тариф АҚШ 
долларымен
0,13
0,11
 
Дереккөзі: Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы 
Министрлігінің Су ресурстары жөніндегі Комитеті, Қазақстандағы 
ауыз суға қолжетімділік жəне тазалығы. 2006 ж. қаңтар.  [БҰҰДБ 
«Қазақстандағы су ресурстары мен суды жинақтауды 
интеграциялық басқарудың Ұлттық жоспары" жобасы»], I 
қосымша. 
Ескерту: ҚҚС (қосымша құн салығынсыз) жоқ 
  
Тек бірнеше қалаларда ғана суды қолдану жүйесі толығымен су өлшеуіштерімен жабдықталды. 
2003  ж.  су  өлшеуіштері  су  құбыры  торабына  қосылғандардың  жалпы  санының  тек 45% ғана 
құрады.  Су  өлшеуіштерімен  толық  жабдықталмауына  сəйкес    белгіленген  төмен  тарифтер 
көпшілікті  суды  үнемдеуге  ынталандырмайды.  Алайда  су  өлшеуіштерін  судың  бағасының 
артуына  жəне  есеп  айырысудың  қатаң  тəртібімен  суды  қолданудың  елеулі  төмендеуіне 
əкелетіндігінің  дəлелі  көп  (мысалы,  Шымкент,  Оңтүстік  Қазақстан  облысы).  Тіркелмей 
қолданған  жағдайда  тұтынушылық  тариф  отбасы  мүшелерінің  санына  тең  болады.  Негізінен, 
тарифтер есептік орташа тұтынуға негізделген; су өлшеуішінсіз бір текшеметр судың бағасы, 
негізінен, су өлшеуіші бойынша тұтынылатын бағаға сəйкес артып түседі.    
 
Сумен жабдықтау жəне канализацияға қатысты төлемдердің кірісі.  
 
Соңғы  жылдары  сумен  жабдықтау  қызметі  бағаның  біртіндеп  көтерілгендігіне  қарамастан, 
түсімдер, орта есеппен негізгі капиталдың амортизациялануын есепке алмағанда коммуналдық 
су  шаруашылығын  пайдалану  жəне  техникалық  қызмет  көрсетуге  жəне  пайдалануға 
жұмсалатын  шығынды  ғана  өтейді.  Бұл  тұжырым  суға  төленетін  төлемдерді  жүз  пайызға 
жинаған күннің өзінде əділ болып қала береді. Дегенмен орташа мəн облыстар аралығындағы 
елеулі  айырмашылықтарды  көрсете  алмайды.  Мəселен,  Шығыс  Қазақстанда  коммуналдық 


 
5 Тарау: Қоршаған ортаны қорғауға арналған экономикалық құралдар 
 
117 
 
 
төлемдер пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуге қажетті жалпы қажетті шығыстың тек 
жартысынан  астамын  ғана  өтейді.  Осыған  байланысты  көптеген  коммуналдық  қызметтердің 
тиімді  жұмысы  мен  инвестициялық  жобаларды  қаржыландыруы  жергілікті  билік  органдары 
мен  қарыз  алу  тарапынан  субсидиялауға  байланысты  болып  келеді.  Дегенмен,  көп  жағдайда, 
қаржы қолдау деңгейі (егер орын алса) қажеттіліктен əлдеқайда төмен. Қорыта келгенде, сумен 
жабдықтау мен канализацияның инфрақұрылымы едəуір тозуға ұшыраған.    
 
5.4 
Тұтынушылардың қалдықтарды жинау мен əкетуге жасайтын төлемдері 
 
Қазақстан  Республикасында  қалдықтарды  жинау  жəне  жою  туралы  жеткілікті  мəлімет  жоқ. 
Əйтсе  де,  өнеркəсіптік  өндірістің  сеніммен  өсуіне  жəне  тұтыну  деңгейінің  артуына  себеп 
болған  шынайы  кірістің  елеулі  түрде  артуына  қарай  өнеркəсіптік  жəне  тұрмыстық 
қалдықтарының көлемі де бірден артты деп тұжырымдауға негіз бар.     
 
Өнеркəсіптік жəне тұрмыстық қалдықтарды басқару жөніндегі жəне мониторинг, қалдықтарды 
өңдеу жəне пайдаға асыруды қосқанда, сонымен байланысты заңнама сияқты ұлттық стратегия 
əлі  күнге  дейін  жасалмаған.  Экологиялық  кодекс  (297  бап)  қалдықтардың  көлемін  қысқарту 
жəне жою барысын арттыруға  
 
бағытталған ынталандырудың арнайы жүйелерін енгізудің құқықтық негізін қамтамасыз етеді. 
Дегенмен қалдықтардың алдын алу саясаты, соның ішінде экологиялық таза технологияларды 
насихаттау,  сондай-ақ  Экологиялық  басқару  жəне  ЕО  пен ISO 14001 аудиті  жүйесі  сияқты 
ерікті  нормативтік  құжаттар  бастапқы  күйінде  қалып  қойды.  Пайдаға  асыруды  енгізу  жəне 
ынталандыруға  қатысты  жүйелік  əдіс  те  жасалынбаған.  Осыған  сəйкес,  қалдықтарды  өңдеу 
үлесі өте аз.  
 
Жергілікті билік органдарының құрамына қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі қалалық қызмет 
кіреді,  ол  қалалық  қоқыс  үйіндісін  тасымалдау,  оны  жою  жəне  үйінділерді  бақылау 
қызметтерін  атқарады.  Іс  жүзінде,  барлық  қалалық  қоқыстар  мемлекеттік  санитарлық 
нормаларға  сəйкеспейтін  үйінділерге  тасталады.  Қазақстанда  қалдықтарды  өртеуге  арналған 
арнайы орындар жоқ. Қоқысты заңсыз тастау – ауылдық жерлерде əдетке айналған.       
 
Қалдықтарды шығару жəне үйінділерді ұйымдастыру жұмыстары бірқатар қалаларда (мысалы, 
Алматыда)  жекеше  мамандандырылған  кəсіпорындардың  қолына  берілген.  Егер  
мамандандырылған  кəсіпорындар  жеке  меншік  болса,  қалалық  қалдықтарға  қатысты  тарифті 
осындай кəсіпорындармен келіссөздер жүргізу нəтижесінде анықталатын келісімшарттық баға 
бойынша  жергілікті  басқару  органдары  анықтайды.  Жалпы,  қалалық  қоқыстарды  тасымалдау 
тарифінің  мөлшері  отбасы  мүшелерінің  санына  теңбе-тең  келеді.  Алматыда 2007 жылыд 
басына бір айлық тариф 100 теңгені (шамамен 80 цент) құрады.  
 
Кəсіпорындар  өз  қызметінен  шыққан  қалдықтарды  сақтау,  пайдаға  жарату  жəне  қайта  өңдеу 
жұмыстарын  өз  бетінше  ұйымдастырулары  қажет.  Өнеркəсіптік  қалдықтарды  ҚОҚМ 
бақылайды. Елде қауіпті қалдықтарды пайдаға асыруға арналған балама қондырғылардың жоқ 
болуына байланысты, қауіпті қалдықтар қалдықтардың басқа да түрлерімен (бірігіп тасталған 
қоқыс) қатар қоқыс үйінділерінде жиі сақталады немесе экспортталады.    
 
5.5 
Табиғи ресурстарды пайдалану үшін жасалатын төлемақы 
 
Су қақпақтарына төленетін төлем   
 
Жерүсті көздерінің су ресурстарындағы су қақпағы ережелері мемлекеттік органдар шығаратын 
нұсқаулар  (сегіз  су  бассейндерінің  əрқайсысы  бойынша)  арқылы  анықталады.  Квотасы 
анықталған  су  қақпағын  қолдануға  қатысты  лицензияны  Ауыл  шаруашылығы  Министрлігінің 
су  ресурстары  жөніндегі  Комитеті  (СРК)  береді.  Жергілікті  билік  органдары  су  қақпағының 
тарифін белгілейді.   


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау