Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет57/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   115

110
 
 
 
 
II бөлім: Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жұмылдыру 
 
 
айыппұл  салынады.  Алайда  қоршаған  ортаны  ластауға  төленетін  төлемдер  жүйесі  ешқандай 
айқындылығымен ерекшеленбейді, сондай-ақ олардың экологиялық тиімділігін өлшеу де қиын.    
 
Стационарлық  көздерден  түсетін  ластағыштарға  қатысты  ҚШК
 
атмосферадағы  жекелеген 
заттардың  улылығын  жəне  осымен  байланысты  адам  денсаулығына  ықтимал  əсер  етуін 
ескергендегі шекті  концентрациясы (ШЫК) арқылы анықталады. Жекелеп алынған облыстың 
əрбір  кəсіпорны  үшін  ҚШК  ластағыш  заттардың  атмосфераға  таралуын  компьютермен 
модельдеу негізінде есептеледі.   
 
Экологиялық  саясат  бірнеше  негізгі  ластағышты  көздемейді;  керісінше,  ауа  мен  су 
ластағыштарының жүздеген ресми тізімі бар, олардың əрқайсысына қалдық шегі анықтамасы 
қолданылады. Кəсіпорын үшін ҚШК  белгілеу барысында ескерілетін ластағыш заттардың түрі 
мен  саны  өндіріс  көлемі  мен  өндірісте  қолданылатын  технологиялардың  көлеміне  тығыз 
байланысты  болады. 2007 ж.  жылға  дейін  қауіпті  қалдықтардың  төрт  түрлі  тобына,  сонымен 
қатар  типтік  қатты  (немесе  муниципиалды)  қалдықтары  үшін  өнеркəсіптік  қалдықтардың 
өндірілуіне шектеу қойылды.    
 
Нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістер 
 
Жаңа  Экологиялық  кодексті  жүзеге  асыру  шеңберінде  ҚР  Үкіметі  жаңа  қаулы
18
    қабылдады, 
осы  қаулыға  сəйкес  экологиялық  шешімдер  мен  ластағыш  заттардың  қалдығына  төленетін 
төлемдерді есептеу үшін лимиттерді анықтау барысында ескерілетін ластағыш заттардың саны 
едəуір  азайды.  Бұл  тізімде  атмосфералық  ластағыш  заттардың 15 түрі  берілген,  оның 
қатарында SO
2
, NO
x, 
ұшпалы  органикалық  қоспалар  (ҰОҚ)  мен  сутегі  тотығы  (СО)  жəне 
көмертегі тотығы (CO), сонымен бірге су айдындарының 11 ластағышы бар. Бұған қоса, ШЫК 
бойынша аса қауіпті санатқа жататын «басқа да ластағыштар» тобы кездеседі (Алайда берілген 
санатқа қанша ластағыш жататындығы туралы мəлімет жоқ). 2008 ж. бастап жаңа тізім ҚШК 
анықтауға негіз болады.   
 
Бұған қоса, Экологиялық кодекске сəйкес (286 б.) қалдықтың үш түрі кездеседі: қауіпті, қауіпті 
емес  жəне  инертті.  Өнеркəсіптік  қалдықтардың  бес  санаты  бойынша  классификациясы 
қысқаратын болады.    
 
Ластауға қатысты төлемдер  
 
Ластауға қатысты төлемдер экологиялық рұқсатпен белгіленген шеңбердегі барлық қалдықтар 
үшін алынады. Белгіленген лимиттен артып түсетін ластағыштарға базалық тарифке он есе тең 
жоғары  айыппұл  коэфициенті  қолданылады.  Рұқсатсыз  экологиялық  ластау  нормативтен  тыс 
ластау болып саналады жəне сəйкес деңгейде төленеді. 2006 ж. бастап «Экологиялық басқару 
стандарттары» ISO 14001 сəйкес  сертификаттары  бар  компаниялар  үшін  төлемдер  тарифі 
төмендетілді.  Мысалы,  электроэнергия  өндіретін-компаниялар  атмосфераға  қалдық  тастауға 
12% жеңілдік жəне күл мен шылақты жоюға 5% жеңілдік алады.  
 
Су  мен  ауаның  ластануы  бойынша  тарифтер  су  немесе  ауаның  ластағыш  қалдықтарының 
«шартты  тоннасына»  қарай  белгіленеді. «Шартты  тонналар»  қалдықтардың  максималды 
жіберілетін (аймақтық) концентрациясын ескергенде оның көлемін реттеу арқылы есептеледі.    
 
Институциондық  көзқарас  тұрғысынан,  қоршаған  ортаны  ластауға  төленетін  төлем  тарифтері 
екі  кезең  бойынша  анықталады.  «Қоршаған  ортаны  қорғау  туралы»  Заңның  негізінде (1997 
ж.) Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі (ҚОҚМ) 16 аумақтық бірліктің (14 облыс жəне екі ірі 
қала – Алматы  мен  Астана)  əрқайсысына  минималды  немесе  базалық  тарифтерді  анықтап 
берді. Осыған орай жергілікті билік өкілдері өзіндік аса жоғары тарифтерді белгілеуі мүмкін. 
Негізінен,  қоршаған  ортаның  ласталуына  төленетін  төлемдер  қоршаған  ортаны  облыс 
                                                 
18
 ҚР Үкіметінің 2007 ж. 30 маусымдағы № 557. Қалдық нормативтері белгіленетін жəне қоршаған ортаға қалдық 
тастауға қатысты төлем алынатын ластағыш заттары мен қалдық түрлерінің тізімі.  


 
5 Тарау: Қоршаған ортаны қорғауға арналған экономикалық құралдар 
 
111 
 
 
деңгейінде  қорғау  жөніндегі  іс-шараларды  қаржыландыруға  арналған  жеткілікті  кірісті  басты 
кіріс  етіп  алу қажеттілігінің негізінде  жасалуы тиіс  еді.  Шындығына  келгенде, бұл  құралдар 
үнемі  басқа  мақсаттар  үшін  қолданылды (6 тар.қар.).  Экологиялық  кодекске  сəйкес (101 б.) 
ҚОҚМ  қоршаған  ортаның  ластануына  қатысты  тек  базалық  қана  емес,  сонымен  бірге  шекті 
төлемдерін  де  анықтайды.  Осыдан  соң  жергілікті  билік  өкілдері  министрлікпен  белгіленген 
шеңберде өзіндік қызмет етуші тарифтік төлемдерін өз бетінше белгілейді. Жаңа ережелер өз 
күшіне 2008 ж.  бастап  енгізілмек. 2006-2007 жж.  қоршаған  ортаның  ластануына  төленетін 
төлемдер  жобаланып  отырған 7% құрайтын  орташа  жылдық  деңгейіне  сəйкес  өсіп  кетті.  
Осыған қарағанда, 2006 жəне 2007 жж. облыстық билік орындарымен қабылданған қоршаған 
ортаны  ластауға  қатысты  төлем  тарифтері  ҚОҚМ  белгіленген  минималды  шекараға  сəйкес 
деңгейге айналды.   
 
Қоршаған  ортаны  ластауға  қатысты  белгіленген  базалық  тарифтер  шаруашылық  қызметінің 
жəне  онымен  байланысты  ластаудың  түрлері  мен  деңгейлерінің  айырмашылықтарымен 
байланысты түрлі өзгешеліктерін сипаттай отырып, аймақтар бойынша ерекшеленеді. 2007 ж. 
стационарлық  көздерден  шығатын  қалдықтардың  бір  тоннасының  ауаны  ластауы  бойынша 
төленетін  жүктеме  мөлшерінің  айырмашылығы (5.1 кесте)  максималды  жүктеме  (Атырау) 
жəне минималды жүктеме қолданатын (Қарағанды облысы) жиырма есе болды.  
 
5.1 Кесте:  Тұрақты көздерден  атмосфераға ластаушы заттардың эмиссиясы үшін 
алынатын төлемақылардың мөлшерлемесі 
Облыс
2006
2007
Ақмола
242
259
Ақтөбе
271
290
Алматы
977
1 045
Атырау
2 568
2 748
Шығыс Қазақстан
207
222
Қарағанды
394
422
Қостанай
749
801
Қызылорда
123
132
Маңғыстау
268
287
Солтүстік Қазақстан
298
319
Павлодар
1 381
1 478
Оңтүстік Қазақстан
225
241
Батыс Қазақстан
238
255
Жамбыл
410
439
Алматы қаласы
642
687
Астана қаласы
326
349
Орташа арифметикалық
582
623
Ескерту:
Тоннасы АҚШ долларымен
4,6
4,9
Шартты тоннасы теңгемен
 
Дереккөзі: Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны 
қорғау Министрлігінің 2006 жылғы 4 қазандағы № 295-
II ластануға төленетін төлем тарифтері туралы 
бұйрығы  
Ескерту: Төлем мөлшері АҚШ дол. есептелген, 2006 
жылғы орташа жылдық айналым курсына қарай: 1 
АҚШ дол.  = 126,1 теңге. 
 
Осыған ұқсас, 2007 ж. максималды жүктемедегі (Атырау) облыста өнеркəсіптік қалдықтардың 
тарифтері (5.2 кес.қар.)  қалдықтардың  барлық  бес  санаты  бойынша  минималды  жүктемедегі 
(Қостанай)  тарифтерден 16 есе  артық.  Бұған  қоса,  қалдықтардың  бес  санаты  бойынша  тариф 
жүктемелерінің  бірегей  аймақтық  дифференциациясы  қалыптасқан.  Мысалы,  улы  емес  қатты 
қалдықтармен салыстырғанда (V класс) I класс қалдықтарына (аса қауіпті) қатысты төлемдер 
32  есе,  ал III класс  қалдықтары  (шектеулі  қауіпті) – 4 есе  жоғары.  Төлемдердің  берілген 
дифференциациясын негіздеу үшін бұған сəйкес ешқандай мəлімет жоқ.    


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау