Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет55/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   115

 
4 Тарау: Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді жүзеге асыру 
 
103 
 
 
атауға  болады,  оның  екінші  фазасы 2004 жəне 2007 жылдар  аралығында  өткізілді.  Бұл 
жобаның  нəтижелері  ҚР  Үкіметіне  жəне  жергілікті  басқару  органдарына  аумақты  қайта 
қалпына келтіру жəне дамыту стратегиясын жасауға мүмкіндік береді.   
 
Офисі Алматы қаласында орналасқан Орталық Азияның Аймақтық экологиялық орталығы (ОА 
АЭО) түрлі экологиялық мəселелер, ішінара, аймақтағы елдердің аса қуатты экологиялық ҮЕҰ 
дамуы жөніндегі субаймақтық елдерге ықпал етеді.   
 
Халықаралық  қаржы  институттарын  қосқанда,  халықаралық  мекемелермен  ынтымақтастық 
туралы Жан-жақты мəлімет 6 тарауда берілген.  
 
“Еуропаға арналған қоршаған орта” жəне Орталық-азиялық бастама   
 
Қазақстан  Республикасы  “Еуропаға  арналған  қоршаған  орта” (ЕҚО)  үрдісіне  жəне  ЕҚО 
министрлерінің  Конференцияларына  белсенді  қатысып  келеді.  Қазақстан  Орталық  Азия 
елдерінің  экология министрлерінің  мəжілісіне қатысты, ол  Белградта 2007 жылы өткен ЕҚО 
министрлерінің  алтыншы  Конференцияға  дайындық  үрдісі  шеңберінде  өткізілген  еді  жəне 
мұнда Қазақстан Конференцияның ЕО жəне Орталық Азия елдері аралығындағы экологиялық 
ынтымақтастықты  кеңейтудегі  рөлін  ерекше  атап  өтті.  Орталық-азиялық  елдер  қоршаған 
ортаны жақсарту мақсатында жəне субаймақтағы тұрақты дамыту мақсатында Белградта өткен 
Конференциядан  соң  ЕҚО  үрдісі  қажеттіліктеріне  сай  негізделген  жəне  мақсат-бағдарланған 
міндеттерін жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. 4.1 бөлімде көрсетілгендей, ЕЭК БҰҰ 
аймағының экология министрлері Қазақстан Республикасының 2011 жылға белгіленген келесі 
ЕҚО Конференциясын өткізуге жасаған ұсынысын жақсы қабылдады.   
 
Орталық-азиялық бастама 
 
Тұрақты  даму  жөніндегі  Орталық-азиялық  бастамасын  (ОАБ)  Йоханнесбургтегі (2002 ж.) 
Дүниежүзілік  саммитке  дайындық  жүргізу  барысында  Орталық  Азия  елдері  алға  қойған 
болатын  жəне  бұл бастама      Дүниежүзілік саммиттің бірінші  құжатынан қолдау тапты. ОАБ 
мақсаты    табиғи  ресурстардың  тапшылығы,  Орталық  Азия  елдерінің  кедейлігі  мен 
теңдестірілмеген  экономикалық  даму  мəселелерін  шешуге  бағытталған  экологиялық 
бағдарлама  жəне  іс-шаралар  дайындығын  тұрақты  дамыту  ауқымын  кеңейтуге  негізделіп 
жасалған.  Бұл  үкіметтер  арасында,  жекеше  сектор  жəне  азаматтық  қоғамдық  ұйымдардың 
халықаралық  дамыту  мекемелері  жəне  донор-елдер  арқылы  серіктестік  құру  нəтижесінде 
жасалуы тиіс.  
 
ОАБ  дəрежесі  мен  келешегі 2007 жылғы  Белград конференциясында  талқыланды. Белгілі  бір 
жетістікке  экожүйелік  басқару,  тұрақты  даму  орнату,  қоғамның  қатысуы  жəне  заңнамаларды 
үйлестіру  барысындағы  бірқатар  субаймақтық  жəне  ұлттық  бағдарламалар,  əлеуетті  жəне 
пилоттық  жобаларын  дамыту  жөніндегі  жобалар  арқылы  қол  жеткізілді.  Əлі  де  түйіні 
шешілмей  жатқан  мəселелердің  де  маңызы  зор.  Əлі  ашылмаған  ішкі  факторлар  қатарына 
қоршаған орта мен табиғи ресурстарды басқарудың секторлық əдісі (интеграцияланған емес), 
азаматтық  қоғамның  жəне  жекеше  сектордың  жеткіліксіз  қатысуы,  шектеулі  ұлттық 
мемлекеттік  қаржыландыру  жəне  жекеше  салымдардың  жеткіліксіздігі  жатады.  Жоғарыда 
айтылғандар  ОАЕ  елдеріндегі  айрықша  ерекшеліктерді  қамтитын  аймақтық  бағалауға 
жататындығына  қарамастан,  бұл  бағалау  басым  жағдайда  Қазақстанға  да  тəн.  Белград 
конференциясы өткен соң ОАБ басымдылығы белгіленді, атап айтсақ: экологиялық басқаруды 
күшейту;  азаматтық  қоғамның  рөлін  күшейту;  тұрақты  даму  жағдайын  алға  жылжыту;  су 
ресурстарын  басқарудың  үйлестірілген  əдістерін  қабылдау;  ауа  райын  өзгерту  мəселелерін 
шешу  жəне  экономикалық  қызметтің  экологиялық  тұрақты  түрлеріне  арналған  талаптар 
орнату.  Қазақстан  үшін,  аймақтың  кез  келген  басқа  да  елдері  сияқты,  осы  мəселелерді 
халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастықта іс жүзінде шешу аса маңызды.   
 
 


104
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
 
 
4.5 
Мыңжылдық дамуының Мақсаттарына қол жеткізудегі жетістіктер   
 
Қазақстан  БҰҰ  (МДМ)  мыңжылдықтың  дамыу  мақсаты  аясындағы  міндеттерді  орындауда 
орта мерзімді жəне ұзақ мерзімді стратегиядан тұратын тұрақты даму жөніндегі  елдің жалпы 
мақсаты үшін маңызды бөлігі ретіндегі келешегін қарастырады. 2006 жылдан бастап Қазақстан 
тұрақты  даму  əлеуетін  күшейтті (1 тар.  қар.). 2002 жəне 2005 жылдары  екі  Ұлттық  есебі 
жасалынды. 2005 жылғы  есепте  мақсат,  міндет  жəне  индикаторлар,  соңғы  беталысы  мен 
ұлттық саясаттың жекелеген мəселелеріне жасалынған талдау жұмыстары берілген. Қазақстан 
МДМ қатары бойынша елеулі жетістіктерге қол жеткізгендігіне қарамастан,  МДМ 7 прогрессі 
(“Экологиялық  тұрақтылықты  қамтамасыз  ету”)  баяу  əрі  кездейсоқ  жағдайда  іске  асты.  Осы 
мақсаттың  алдына  қойған  міндеттері  төмендегідей (11 тапсырма  Қазақстанға  арнап 
бейімделген): 
• 
9  тапсырма:  тұрақты  дамыту  қағидаларын  елдің  саясаты  мен  бағдарламасына 
интеграциялау жəне ысырап болған ресурстарды қоршаған ортаға қайтару;   
• 
10 тапсырма: 2015 жылға дейін қауіпсіз ауыз суға тұрақты қолжетімі жоқ халық санын 
екі есеге қысқарту; 
• 
11  тапсырма: 2020 жылға  дейін  ауыл  тұрғындарының  тұрмысын  жақсартуға  қол 
жеткізу.   
 
9  тапсырманың  шеңберінде  Қазақстан  белгілі  қадамдар  жасады,  атап  айтатын  болсақ, 2006 
жылы ТДАТ жəне 2007 жылы Экологиялық  кодекстің қабылдануы. Осы аталған шаралардың 
мінсіз  болмағандығына  қарамастан,  олар  қоршаған  ортаны  қорғау  мен  тұрақты  дамудың 
заңнамалық  жəне  саяси  шеңберін  едəуір  жақсартты.  Қазақстан  сонымен  бірге  ерекше 
күзетілетін  аумақтардың  ауданын  кеңейту  саласындағы  жұмыстарын  да  жемісті  атқарды. 
Алайда  экономикалық  даму,  таза  технологиялар  енгізу  үрдісін,  қаржыландырудың  көлемінің 
осыған  сəйкес  артуына  байланысты  экологиялық  басқару  жүйесін  нығайту  жəне  энергияның 
баламалы  көздерін  қолдануды  елеулі  түрде  күшейте  отырып,  энергия  тиімділігін  арттыру, 
қалдықтарды  ауаға  шығарудың  көлемін  қысқарту  сияқты  көптеген  мəселелерді  шешу 
қажеттілігі алда тұрған міндеттердің бірі болып табылады. Қаржыландыру мəселесіне келетін 
болсақ,  қоршаған  ортаны  қорғауға  жұмсалған  елеулі  шығынның  мөлшеріне  қарамастан, 
олардың ЖІӨ құрайтын үлесі өзгеріссіз əрі қоршаған ортаны қорғаудағы күннен күнге артып 
келе жатқан қажеттіліктерді жабуға жеткіліксіз болып отыр (6 тар. қар.).  
 
10 тапсырмаға тоқталсақ, 2005 жылғы есепте ұлттық статистикалық мəліметтер берілген, бұл 
мəліметтерге  сəйкес  халықтың  шамамен 95 пайызының  су  құбыры  жүйесімен  қамтамасыз 
етілген  (шамамен 75%) немесе  орталықсыздандырылған  көздер (20%) ауыз  суды  пайдалану 
мүмкіндігі  бар  делінген.  Дегенмен  берілген  есепте  бұл  мəліметтер  су  құбыры 
инфрақұрылымының  елеулі  бөлігінің  пайдалану  сапасының  ескіруіне  жəне  жойылуына 
байланысты, сондай-ақ техникалық жəне санитарлық талаптарға сəйкес келмеуіне қарай нақты 
болмауы да мүмкін деп көрсетілген. Бұған қоса, канализация жүйелерінің жағдайы мен сапасы 
туралы  де  жеткілікті  мəлімет  жоқ.  Осылайша,  құрылыс  пен  су  жабдығы,  əсіресе  ауылды 
жерлердегі жүйелерін жөндеуді инвестициялау көлемінің артуына қарамастан, көп күш жұмсау 
жəне  көп  қаржы  құралдарын  салу  қажет.  Осындай  іс-əрекеттер  жерүсті  жəне  жерасты 
суларының  тазартылмаған  немесе  шала  тазартылған  ағын  сулармен  ластануын  болдырмау 
мақсатында  орталық  канализацияны  құбырөткізгіш  су  жабдығымен  қосу  жұмыстарын  іске 
асыруы тиіс (9 тар. қар.).  
 
11  тапсырма  бойынша, 2005 жылғы  есепте  тұрғын  үй  реформасы  баяу  қарқында  жүргізілді 
жəне  тұрғын  үй  жағдайының  нашарлау  мəселесі  жедел  арада  шешілмейтін  болса  мақсатқа 
жетудің барлық мүмкіндіктерін жоюы мүмкін деген қорытынды келтірілген.   
 
4.6 
Қорытындылар мен ұсыныстар 
 
Қазақстан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласында белсенді 
саясатын  іске  асыруды  жалғастырып  келеді.  Қазақстан  Республикасы  ірі  жаһандық  жəне 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау