4 Тарау: Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді жүзеге асыру
105
аймақтық экологиялық форумдарға қатысып, екіжақты жəне көпжақты ынтымақтастықты
жалғастырды, сонымен бірге Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмет нəтижесінің
бірінші Шолуы жазылған (II қосымшаны қара.) уақыттан бастап бірқатар көпжақты табиғатты
қорғау келісімдерін (КТҚК) бекітті. Ұлттық табиғатты қорғау заңнамасын халықаралық норма
жəне стандарттармен, ішінара ЕО Нұсқауымен үйлестіру Қазақстанның саяси мақсатының бірі
болып саналады, осыған орай Қазақстан осы мақсатқа жету үшін бар күшін салуда. 2007 жылы
қабылданған Экологиялық кодекс осы бағытта жасалған маңызды қадам болып саналады.
Бекітілген конвенциялардың талаптарын орындау мақсатында атқарылатын қызмет саясаты
мен жоспарлары жасалынды немесе жасалу үстінде, жəне аталған ел оларды іске асыру үшін
халықаралық көмекке иек артты.
ҚОҚМ қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық саясатты іске асыруға жауапты негізгі
мемлекеттік орган болып есептеледі. Басқа министрліктер мен ведомстволар, ішінара Ауыл
шаруашылығы министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі де белгілі бір КТҚК жəне
жекелеген экологиялық мəселелеріне тікелей жауап береді немесе олардың орындалу
барысына қатысады. Дегенмен ҚОҚМ жəне басқа да министрліктердің қызметіндегі
ынтымақтастық пен оларды үйлестіру жұмыстары жеткіліксіз деңгейде болып отыр. Бұған
қоса, ҚОҚМ өзге министрліктермен салыстырғанда аса əлсіз мемлекеттік орган ретінде
танылған. ҚОҚМ халықаралық экологиялық ынтымақтастық саласында ұлттық саясатты іске
асыруға қажетті жеткілікті ресурстары мен əлеуеті жоқ. Қазақстан Республикасының осы
саладағы қызметіне ҚОҚМ жүргізген талдау жұмысы ел үшін, елдің жетістікке жетуі үшін аса
пайдалы екендігін байқатады, алайда мұнда оны жүзеге асырудың ақтаңдақтары мен
кемшіліктеріне сыни баға берілмеген. Қазақстанның көптеген жаһандық жəне аймақтық
экологиялық келісімдерге қосылғандығына қарамастан, ол осы КТЫ қызмет жағдайын
орнататын мыс., БҰҰАӨжШК Киотоо Хаттамасы, жəне үлкен арақашықтықтағы ауаның
трансшекаралық ластануы туралы Конвенцияның барлық хаттамаларын бекіту жөнінен
қажетті күшін таныта алмады.
4.1 ұсыныс:
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі басқа да сəйкес министрліктермен біріге отырып,
көпжақты табиғатты қорғау келісімдері (КТК) мен екіжақты жəне көпжақты
ынтымақтастықты жүзеге асырумен байланысты барлық іс-шараларды ұлттық деңгейде
тиісті ретпен үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында осыған сəйкес механизмер жасауы
қажет.
4.2 ұсыныс:
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі елде бекітілген КТК, сонымен қатар əлі де бекітілмеген
КТЫ маңыздылығын жүзеге асырудағы қолда бар кемшіліктерге талдау жүргізуі керек.
Қазақстанның қосылған конвенциялардың хаттамаларына ерекше назар аудару қажет
екендігі де белгілі. Көрсетілген талдаудың негізінде ҚОҚМ мына міндеттерді атқаруы тиіс:
(а)
орындалу барысы жақсартылуы мүмкін нақты КТЫ қатысты іс-шаралар кешенін
жасау; мұндай іс-шаралар қатарына қаржы қажеттіліктерін, сондай-ақ халықаралық
қауымдастыққа қаржыландыру туралы сұраныс ретінде бағытталатын ұсыныстарды
анықтау мəселесі кіреді;
(б)
Қазақстан үшін əлеуетті маңыздылықтағы хаттамаларды бекіту туралы заңнама
дайындау, бұл, ішінара, ЕЭК БҰҰ бес конвенциясы мен Вена конвенциясының озон қабатын
қорғау туралы Монреаль хаттамасына қатысты Монреаль, Копенгаген жəне Пекин
түзетулерінің хаттамаларын дайындап, оны Үкімет, одан соң Парламенттің назарына
ұсыну.
Киото Хаттамасының Қазақстан үшін маңызы зор, өйткені ауа райының өзгеруі жер
пайдалануға топырақ сапасына, судың болуына, биоəралуандылыққа жəне, ақыр соңында,
елдің экономикасына жағымсыз түрде ықпал етеді. Қазақстан Киото Хаттамасының
шеңберінде өзінің өнеркəсіптік нысандарын ПГ қалдықтарын қысқарту жөніндегі іс-
шаралармен қатар жаңарту жөніндегі икемді механизмдерді қолдана алады.
106
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
4.3 ұсыныс:
Үкімет энерготиімділікті арттыруға мүмкіндік беретін таза энергетикалық технологияның
инвестициясын қаржыландыруға көп қаржы тарту үшін Киотоо Хаттамасын бекіту үрдісін
жылдамдатуы қажет.
II БӨЛІМ: ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА
ҚАРЖЫ ЖҰМЫЛДЫРУ
109
5 Тарау
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР
5.1
Кіріспе
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық құралдарының арасында Қазақстанда
бұрынғысынша өнеркəсіптік кəсіпорындардан шығарылатын түрлі қалдық түрлері мен аса көп
ластаушыларға салынатын, ластауға қатысты төлемдер үстемдік етеді. Экологиялық жағынан
зиянды өнімге төленетін төлемдер қосымша рөл атқарады. 1997 жылғы «Қоршаған ортаны
қорғау» Заңында белгіленген (ҚОҚЗ) ластау деңгейін төмендеті технологияларын таратуды
алға жылжытуға бағытталған субсидиялау кестесі жүзеге асырылған жоқ. Дегенмен олар
сондай-ақ өз күшіне 2007 жылы енген Экологиялық кодексте де айтылған жəне ол ҚОҚЗ
интеграцияланған. Кодекс сонымен бірге кəсіпорын деңгейінде қайта қалпына келтіру
қорларын құрудың жəне қалдықтарға сертификаттар берудегі сауданың нарықтық кестесін
жүргізудің құқықтық негізін қамтамасыз етеді. Кодексте қоршаған ортаны қорғаумен
байланысты экономикалық, яғни ақшалай, экологиялық залалды бағалау мəселелерін
қарастыратын ережелер де берілген. Алайда осы аталған жаңа ережелердің барлығын жүзеге
асыру детальдары əлі де жасалу үстінде.
Бұған қоса, Экологиялық кодекске сəйкес ластауға алынатын төлемдер ауа мен суды
ластаушыларға, сондай-ақ қалдықтарды өндіру үшін қалдықтардың шекті көлемі (ҚШК)
көрсетілген рұқсат беру жүйесімен тығыз байланысты. 2008 ж. қызмет бабына маңызды өзгеріс
енгізу жоспарланып отыр, осыған сəйкес ҚШК анықтау барысында ескерілетін ауа мен суды
ластаушылардың саны елеулі түрде төмендейді. Дегенмен қоршаған ортаны ластауға
байланысты төлемдер есептелетін ластағыштардың саны ЭЫДҰ (ОСЭР) елдерімен
салыстырғанда едəуір үлкен болып отыр, бұл елдерде осындай төлемдер ластау деңгейін
төмендету үшін аса шектеулі көлемде қолданылады (мысалы, азот тотығы (NO
x
) мен күкірт
тотығы (SO
2
), Скандинавиялық елдерде қолданылады).
Іс жүзінде, қоршаған ортаны ластауға қатысты төлемдер жүйесі ластану деңгейін төмендетуге
елеулі жағдай жасады деудің ешқандай дəлелі жоқ. Бұл ҚР Үкіметімен қабылданған 2007-2009
жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу Тұжырымдамасын
жүзеге асыру жөніндегі қызмет жоспарында көрсетілген, бұл жоспар келесі мəселелерді
қамтиды:
•
ластаушы көздердің материалдық жауапкершілігі қағидаларын тиімді қолдану;
•
қоршаған ортаны ластауға қатысты төлемдер мен айыппұлдардың қызметін
ынталандыруды күшейту;
•
қалдықтарды қайта өңдеуді насихаттау.
5.2
Эмиссия үшін қоршаған ортаға төлем жасау
Əрбір кəсіпорын үшін ауа мен суды ластайтын заттар бөлудің ең жоғарғы мөлшері жəне қоқыс
шығарудың ең үлкен көлемі көрсетілген экологиялық рұқсаттар.
2002 ж. бастап осы
экологиялық салаларды қамтитын бірегей рұқсат берілді. 2007 жылдың тамыз айында күшіне
енген жаңа заңнамаға сəйкес қызметке рұқсат беру мерзімі бір жылдан 3-5 жылға дейін
ұзартылды (2 тар.қар.). Қоршаған ортаны ластауға қатысты төлемдер белгіленген лимиттер
шеңберінде есептеледі. Нормативтік заңнан тыс ластауларға нормадан ауытқығаны үшін
Достарыңызбен бөлісу: |