Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет54/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   115

 
4 Тарау: Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді жүзеге асыру 
 
101 
 
 
 
Арал теңізі жөніндегі ынтымақтастық 
 
Арал  теңізінің  күрделі  мəселесі  кеңінен  танымал. 1960 жылдан  бастап 1990 жылдар 
аралығында  жасалынған  экстенсивті  ирригациялық  схемалар  жалпы  суармалы  ауданды 8 
миллионға  жеткізіп,  екі  есеге  арттырды.  Арал  теңізіне  келіп  қосылатын  тармақтардың  елеулі 
түрде  азаюына  байланысты  теңіздің  деңгейі  де  осы  кезең  аралығында 17 м  дейін  төмендеді. 
Осымен  қатар  болып  отырған  басқа  да  күрделі  экологиялық  мəселелер  су  мен  жердің 
тұздануына ықпал етті. Аудандағы орманды алқаптың 50% жойылып, жердің эрозиясы күшейе 
түсті. 
 
1993  жылы  Орталық  Азия  мемлекеттерінің  басшылары  Аралды  құтқару  жөніндегі 
Халықаралық Қор (АҚХҚ) құрды. Қордың негізгі міндеті – халықаралық қауымдастықты Арал 
теңізінің  апатты  жағдайы туралы  мəліметтермен  ақпараттандыру  жəне  Орталық  Азияның  бес 
елінен, донор-елдерінен жəне халықаралық мекемелерден Арал теңізі бассейні Бағдарламасына 
(АТББ)  ресурстар  тарту.  АТББ  негізгі  міндеттері: (a) Арал  теңізі  бассейнінің  экологиялық 
жағдайын  тұрақтандыру; (b) бұзылған  жерлерді  қайта  қалпына  келтіру;  (c) су  жəне  жер 
ресурстарын басқару əдістерін жетілдіру; (d) бағдарламалық жоспарлау жəне барлық деңгейде 
жүзеге  асыруды  басқару  құрылымдарын  құру.  АҚХҚ  Атқарушы  комитеті  Орталық-азиялық 
бес  елмен  жəне  аймақтық  мекемелермен  біріге  отырып,  2003  жылдан 2010 жылдар 
аралығындағы  кезеңде  Арал  теңізі  бассейнінің  экологиялық  жəне  əлеуметтік-экономикалық 
жағдайын жақсартуға арналған арнайы қызметтер Бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты.   
 
Қазақстан  ЕО  қолдауымен  ирригациялық  сулар  мен  Арал  теңізінің  солтүстік  бөлігіндегі  су 
ағысын  ұлғайтуға  мүмкіндік  беретін  өзен  сағасын  жақсарту  сұлбасын  қолдауды  тиімді 
қолдануды арттыру тарапынан қызмет көрсетіп отыр. Сонымен бірге Арал теңізінің солтүстік 
бөлігін  жартылай  қайта  қалпына  келтіру  жұмыстары  да  жүргізілуде.  Сырдария  өзеніндегі  
ирригациялық  құрылыстарға  өзен  ағысын  арттыру  үшін  жөндеу  жəне  жаңарту  жұмыстары 
жүргізілді. 2005 жылдың  тамыз  айында  Қазақстан  Арал  теңізін  екі  жартыға  бөлетін  бетон 
дамбасының  құрылысын  аяқтады  (Көкарал  плотинасы),  осының  нəтижесінде  Арал  теңізінің 
солтүстік  бөлігіндегі  су  деңгейі  едəуір  артты  жəне  оның  тұздану  деңгейі  төмендеді.  Едəуір 
балық  қоры  да  қайта  оралды.  Арал  қаласын  теңіз  жəне  басқа  плотинамен  біріктіруді  қайта 
қалпына  келтіру  мақсатында  канал  құрылысының  жоспары  жасалынды  (Дүниежүзілік  банк 
бөлетін  несие  арқылы  қаржыландырылады).  Дегенмен  Арал  теңізінің,  негізінен  алғанда 
Өзбекстан  аумағында  орналасқан  оңтүстік  бөлігінің  жағдайын  өзгерту  мəселесіне  үлкен  күш 
салынып  отырған  жоқ.  Осы  мəселе  бойынша  аталған  елдер  арасындағы  ынтымақтастық 
деңгейі осы күнге дейін төмен болып отыр.   
 
Каспий теңізі мəселелері бойынша ынтымақтастық   
 
Каспий  теңізімен  тоғысатын  бес  ел  арасындағы  ынтымақтастықты  үлкен  маңыздылыққа  ие 
Əзірбайжан,  Иран  Ислам  Республикасы,  Қазақстан,  Ресей  Федерациясы  жəне  Тəжікістанды 
қосқанда,  барлық  қатысушылар  бағалайды.  2003 жылғы  Каспий  теңізі  ортасын  қорғау 
жөніндегі  Негіздемелік  Конвенцияның  (Тегеран  Конвенциясы)  өз  күшіне  енуі (2006 жылы) 
экологиялық  мəселелер  жөніндегі  ынтымақтастыққа  қол  жеткізудегі  маңызды  қадамға 
айналды. Бұл Конвенцияның мақсаты каспийлік ортаны барлық ластаушы көздерден қорғауға, 
сондай-ақ  теңіздің  биологиялық  ресурстарын  қорғау,  сақтау,  қайта  қалпына  келтіру  жəне 
тиімді  пайдалануға  негізделген.  Қазақстан  Тегеран  Конвенциясын 2005 жылы  бекітті.  Екі 
жақтың  қатысуымен  ең  бірінші  конференциясы (I ЖК)  Баку  қаласында 2007 жылдың  мамыр 
айында өтті.   
 
Негіздемелік  конвенция  бірқатар  хаттамаларды  қарастырады.  Каспий  теңізіне  қосылатын 
елдер төрт хаттаманың басымдылығын белгіледі, атап айтсақ:   
• 
Ластаудың жерүсті көздері туралы Хаттама;   


102
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
 
 
• 
Мұнайдың ластауымен күрес жүргізудегі аймақтық дайындық, шара қолдану жəне 
ынтымақтастық туралы Хаттама;  
• 
Трансшекаралық байланыста ОВОС жүргізу туралы Хаттама;   
• 
Каспийлік əралуандылықты қорғау туралы Хаттама.    
 
Хаттамалар  жасау  қызметі  Еуропа  елдері  үшін  Негіздемелік  конвенцияның,  сонымен  бірге 
Халықаралық  теңіз  ұйымының  уақытша  хатшылығы  ретінде  (ТО  туындаған  жағдайдағы 
аймақтық ынтымақтастық туралы Хаттама бойынша) қызмет етіп отырған ЮНЕП Аймақтық 
офисінің  жетекшілігімен  атқарылады.  Шындығында,  тараптар  тұрғысынан  келісімнен  өткен 
мұнай  ластануларымен  күрес  жүргізудегі  аймақтық  дайындық,  шара  қолдану  жəне 
ынтымақтастық  туралы  Хаттама  жазылып  бітті. 2006 жылы  Каспий  экологиялық 
бағдарламасының (КЭБ) Үйлестіру комитеті осы елдерге ұлттық бекіту үрдісін аяқтауға жəне 
берілген хаттамаға қол қоюға ұсыныс жасады.  Бұл Хаттама жақын арада жазылып бітеді деп 
күтілуде.  Эспоо  Конвенциясының  Хатшылығы  ОВОС  Хаттамасын  трансшекаралық 
байланыста  аяқтауға  ықпал  етеді  жəне  бұл  Хаттаманың  мəні  Эспоо  Конвенциясымен 
келісілетіндігін  атап  көрсетеді.  Хаттамаларға  қол  қоюға  дайындық  жүргізудің  алғашқы 
қадамдары қатысушы-елдердің бірінші конференциясында (І ҚЕК) талқыланды.   
 
КЭП – Каспий  теңізімен  тоғысатын  бес  ел,  сондай-ақ  халықаралық  мекемелер  (ЕО,  БҰҰДБ, 
ЮНЕП жəне Дүниежүзілік банк) аралығындағы аймақтық ынтымақтастық бағдарламасы. КЭП 
мақсаты – Каспий  теңізі  ортасын  экологиялық  жағынан  тұрақты  басқару  жəне  дамыту.  Осы 
мақсатқа  қол  жеткізуге  бағытталған  жұмыс  барысының  бір  бөлігі  экологиялық  мəселелердің 
басымдылығымен қатар, қызметтің аймақтық Стратегиялық бағдарламасын жəне Каспий теңізі 
жөніндегі қызметтің бес ұлттық жоспарын (КҚҰЖ) жасау үрдістерін анықтайды.  
 
Қазақстанға арнап жасалынған КҚҰЖ іс-шараларының басым бөлігі  2003 жылғы Экологиялық 
қауіпсіздік Тұжырымдамасында берілген. Қазақстандық ҚСБ іске асырылуын бағалау туралы 
есебінде  КҚҰЖ  көптеген  тапсырмалары  ұлттық  деңгейде  саясатқа  енгізілген  деп  атап 
көрсетіледі.  Дегенмен  бұл  туралы  ешқандай  мысал  келтірілмеген.  Қазақстандағы  мұнайгаз 
өнеркəсібі  экологиялық  іс-шараларды  жүзеге  асыруға  немесе  оларды  қаржыландыру 
барысында  елеулі  рөл  атқарып  келеді.  Мысалы,  берілген  мəліметтер  бойынша Agip KCO 
компаниясы 2003 жылдан 2005 жылдар  аралығында  түрлі  экологиялық  іс-шараларды  жүзеге 
асыруға шамамен 70 миллион АҚШ долларын жұмсаған.   
 
Каспий  теңізі  аймағындағы  экологиялық  мониторинг  жүйесін  жасауға  бағытталған 
жұмыстардың шеңберінде ҚОҚМ Атырау қаласынан  Каспий теңізінің мониторингі аймақтық 
орталығын  ашты.  Аталған  орталық  гидрометеорологиялық  зерттеулер  жүргізеді  жəне 
аймақтағы  қоршаған  ортаның  ластануын  қадағалайды.  Осы  салада  мемлекеттік  бюджеттен 
қаржыландырылып  отыратын,  Атырау  жəне  Маңғыстау  облыстарының  жағалаулық 
тізбектерінің  экологиялық  қалпын  бағалауға  арналған  геологиялық  жəне  экологиялық 
зерттеулер жасалып отырады.   
 
Халықаралық  техникалық көмек   
 
Қазақстан қоршаған ортаны қорғау саласында елеулі халықаралық көмек алып отыр. Мұндай 
ынтымақтастықтың  мысалдары  жоғарыда  келтірілді.  Бұған  қарамастан,  халықаралық  көмек 
көздерінің  мəліметтері,  мақсаты  мен  мөлшері  туралы  бірегей  қор  қалыптаспаған,  бұл  оның 
тиімділігін талдауға кедергі болуда.   
 
Қазақтан  экология  жəне  қауіпсіздік  саласындағы  Бастамаға  қатысуда  (ҚАУЭКО).  Аталған 
бастама  бірнеше  халықаралық  мекемелердің  серіктестігінен  құралады,  атап  айтсақ:  ЮНЕП, 
БҰҰДБ, ЕЭК БҰҰ, ЕҚЫҰ, АЭО жəне НАТО. Елге ҚАУЭКО түрлі экологиялық салалардағы, 
ішінара  тəуекелдерді  басқару  саласындағы  өткізілетін  іс-шараларынан  пайда  түсіп  отырады. 
ҚАУЭКО шеңберінде өткізілетін жобаға мысал ретінде, Саржал ауданындағы Семей ядролық 
сынақ  полигонының  радиологиялық  жағдайын  зерттеу  жобасын  (НАТО  басқаруындағы) 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау