Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет51/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   115

 
4 Тарау: Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді жүзеге асыру 
 
95 
 
 
мемлекеттік  табиғи  қорығы,  осы  қорық  үшін  басқару  жобасы  жасалынған.  Қазіргі  уақытта 
басқару  жобасы    жүзеге  асу  кезеңінде,  мұнда  қызметкерлер  құрамын  дайындау,  байланыс 
құралдарын,  көлік  құралдарын,  егістік  жəне  зерттеу  құралдарын  орнату,  сондай-ақ 
инфрақұрылымды жетілдіру мəселелері жүзеге асырылу үстінде.
 
Басқа аясы заңдық актілерге 
сəйкес  ерекше  күзетілетін  аумақтар  туралы  заң  жасауды  көздейтін  ТҚХО  (Табиғатты 
қорғаудың  Халықаралық  одағы)  ұсынымдарына  сəйкес  ұлттық  заңнаманы  үйлестіруге 
бағытталған. 
 
Биоəралуандылықты  сақтау  туралы  міндеттер  ұлттық  саяси  құжатқа  енгізілді.  Мысал  ретінде 
2005 – 2007 жылдарға  арналған жабайы  тұяқты  жануарлар  мен  ақбөкендердің  сирек  жəне 
жойылып бара жатқан түрлерін сақтау жəне қайта қалпына келтіру туралы бағдарламаны 
айтуға негіз бар. Бұл жұмыс бойынша сирек жəне жойылып бара жатқан түрлеріне қатысты іс-
шаралар  мен  мақсаттардың  жоспарын  жасау,  өрістеуші  түрлерімен  қатар,  популяцияланатын 
түрлеріне  мониторинг  жүргізу,  сондай-ақ  заңнамалық  шеңберді  жетілдіру  сияқты  міндеттер 
атқарылады.  Бүгінгі  таңда  ҚР  Үкіметі    биоəралуандылықты  таратушы  жерлерде  орналасқан 
фермерлік  шаруашылық  пен  кəсіпорындарды  ынталандыруға  арналған  экономикалық  жəне 
реттеуші механизмдер жасауды қолға алды.  
 
Қазақстан  биологиялық  қауіпсіздік  жөніндегі  Картагендік  Хаттаманы  бекіткен  жоқ,  алайда, 
қазіргі  уақыт  ішінде  елде  осы  Хаттаманы  бекіту  туралы  дайындық  жүргізілу  үстінде 
(Ауылшаруашылық  Министрлігі  жауапты  мемлекеттік  орган  ретінде  қатысады).  ЮНЕП 
қаржыландырып  отырған  осы  жобаның  шеңберінде  биологиялық  қауіпсіздік  жөнінде  ұлттық 
аядағы құжат дайын болды.   
 
2005  жылдың  желтоқсан  айында  Қазақстан  Рамсар  Конвенциясын  бекітті,  ол 2007 жылдың 
мамыр айында өз күшіне енді. Бұған қоса, 2005 жылдың желтоқсан айында Қазақстан жабайы 
жануарлардың  өрістеуші  түрлерін  сақтау  туралы  Бонн  Конвенциясын  бекітіп  (СМВ 
Конвенциясы),  онымен 2006 жылдың  мамыр  айында  бірікті.  Қазақстан  Республикасының 
халықаралық маңыздылықтағы бір су-балшықтық пайдаланылатын жері бар, ол Рамсар тізіміне 
енгізілген – Теңіз-Қорғалжың теңіздік жүйесі (бұл жүйе тізімге Кеңес одағы дəуірінен бастап 
енгізілген). Осыған ұқсас басқа да ірі су-балшықтық пайдаланылатын жерлер қатарына Алакөл 
көлдері  жүйесі  жəне  Теңіз  жəне  Ырғыз  өзендерінің  қиылысында  орналасқан  Терғай  қорығы 
жатады. Алайда аталған аумақ Рамсар тізіміне əлі кіргізілмеген.   
 
2004 жылдың мамыр айынан бастап  ЖЭҚ/БҰҰДБ, Ауыл шаруашылығы Министрлігінің орман 
жəне  аң  шаруашылығы  Комитетінің    қолдауымен    өрістеуші  құс  түрлерінің  қоныстанатын 
жері  ретіндегі  жаһандық  мəнге  ие:  үш  аумақта  демонстрация  жасау  су-балшықтық 
пайдаланылатын  жерлердің  басымдылығын  интеграциялық  жағынан  сақтау  Жобасы  қолға 
алынды.  Жобаның  жоспарланып  отырған  мерзімінің  ұзақтығы - 7 жыл,  ЖЭҚ  салымының 
мөлшері –8.7 миллион АҚШ доллары, ҚР Үкіметінің салымы– 24 миллион АҚШ долларынан 
аса қаржыны құрайды. Бұл жобаның міндеттері мынадай: (a) биоəралуандылықты интегралды 
сақтау  жəне  басқару  жөніндегі  заңнамаларды  жетілдіру; (b) ерекше  күзеттегі  аумақтарды 
басқару  жүйесін  күшейту; (c) жоба  қатысушыларының  ақпараттылық  деңгейін  арттыру  жəне 
қолдау; (d) қауымдастықтардың  қатысуымен  өнімді  ландшафтардағы  биоəралуандылықты 
сақтау  жəне  тұрақты  қолдану; (e) Өрістеуші  құстар  мен  су-балшықты  пайдаланылатын 
жерлердің  Қорын  құру.  Үш  жобалық  аумақтың  қатарына  мыналар  жатады:  Теңіз-Қорғалжың 
көлі, Алакөл-Сасықкөл көлдері жүйесі жəне Каспий теңізінің жағалаулық аймағын қиып өтетін 
Орал өзенінің сағасы.   
 
Берілген жоба шеңберінде Рамсар Конвенциясы мен СМВ Конвенцисы қызметтерінің жобасы, 
сонымен бірге биоəралуандылықты сақтау туралы бірқатар норма, стандарт жəне заң күшіндегі 
актілер    жасалынды.  Бұл  жоба    биоəралуандылықты  сақтау  саласында  ғылыми  зерттеулер 
жүргізуге  қолдау  көрсетеді.  Осы  жоба  бойынша  қол  жеткен  жетістіктердің  бірі 20,000 га 
ауданды  алып  жатқан  Алакөл  мемлекеттік  табиғи  қорығын 83,000 га  дейін  кеңейту  жөнінде 


96
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
 
 
қабылданған  шешім.  Жоба  қауіп  алдындағы  экожүйені,  сондай-ақ  қорық  аумағындағы  сирек 
жəне эндемиялық түрлерін кешенді қорғауды қамтамасыз етеді.   
1997  жылы  Қазақстан  Республикасы  БҰҰ  шөлге  айналумен  күрес  жүргізу  жөніндегі 
Конвенциясын  бекітті  (БҰҰШАКК).  ҚОҚМ  БҰҰШАКК  шеңберінде  ұлттық  жауапты  тұлға 
ретінде  қызмет  етеді.  Берілген  Конвенцияның  Қазақстан  үшін  маңызыдылығы  басым,  себебі 
елдің 2/3 аумағы  шөлге  айналудың  түрлі  деңгейлеріне  ұшыраған.  Қазақстан  Конвенция 
хатшылығына  арнап  үш  ұлттық  есеп  дайындады:  2000 жылы, 2002 жылы  жəне 2006 жылы. 
2005 жылы Қазақстан 2005–2015 жылдарға арналған шөлге айналумен күрес жүргізу жөніндегі 
Бағдарламаны  қабылдады,  мұнда  шөлге  айналу  себептеріне  жүргізілген  талдау  жəне  шөлге 
айналу  үрдістерінің  алдын  алу  жəне  тоқтату  жөніндегі  айрықша  іс-шаралар  берілген  (нақты 
мəлімет 1 тарауда, 1.3 бөлімінде келтірілген).  
 
2003  жылдан  бастап 2006 жылға  дейінгі  кезеңде  БҰҰДБ/ЖЭҚ  «ОС  жаһандық  басқару 
мүмкіндіктерінің ұлттық өзін-өі бағалау» жобасына 200,000 АҚШ доллары көлемінде қаржы 
бөліп  отырды,  бұл  жоба  КООНБО,  БҰҰАӨжШК  жəне  БƏК  талаптарын  сақтау  жөнінен 
Қазақстанға  көмек  көрсетуге  бағытталып  жасалынған.  Басқа  да  жобалар  жүзеге  асырылды 
немесе  жүзеге  БҰҰДБ,  ЖЭҚ,  Азиялық  даму  банкі  (АДБ),  Франция,  Германия  жəне 
Ұлыбритания  үкіметтері,  Дүниежүзілік  банкпен  қатар,  халықаралық  серіктестермен  бірігіп 
жүзеге  асырылу  немесе  жасалу  үстінде.  АДБ  аймақтық  деңгейде  жер  ресурстарын  басқару 
жөніндегі  Орталық-Азия  үйлестіруші  банк  болып  саналады.  Аталған  бастама  Орталық  Азия 
елдерінің  жер  ресурстарын  тұрақты  дамытудың  ақпараттық,  елдер  арасында  ақпарат  жəне 
тəжірибе алмасу жүйесін жасауға бағытталған. 
 
2000  жылы  Қазақстан  жабайы  флора  мен  фаунаның  жойылып  бара  жатқан  түрлерінің 
халықаралық саудасы туралы Конвенцияға қосылды. Орман жəне аң шаруашылығы Комитеті, 
сондай-ақ  балық  шаруашылығы  Комитеті  басқару  органы  ретінде,  ал  үш  академиялық 
институт  Конвенцияның  ғылыми  органы  ретінде  тағайындалған.  Конвенция  талаптарының 
орындалуын  кедендік  органдар  мен  Сыртқы  істер  Министрлігі  қадағалайды.  ҚОҚМ 
Конвенцияны іске асыруда қандай шамада қатысатындығы белгісіз.   
 
Жалпы  алғанда,  Қазақстан  биоəралуандылықты  сақтау  мен  шөлге  айналумен  күрес  жүргізу 
саласындағы халықаралық келісімдердің шеңберінде қабылданған өз міндеттемелерін орындау 
тұрғысында  үлкен  белсенділік  танытты.  Ел  берілген  салада  көрсетілген  халықаралық 
техникалық  көмектің  нəтижесінде  мол  пайда  тапты  жəне  жағымды  ықпал  ететін  саясат  пен 
жобаны іске асырды.    
 
Су ресурстарын басқару жəне қорғау    
 
Су  ресурстарын  басқару  мен  қорғаудың  трансшекаралық  мəселелерінің  Қазақстан  үшін 
маңызы  зор.  Қазақстандағы  су  ағыстарының  басым  бөлігі    трансшекаралық  болып  саналады, 
олардың бір бөлігі көрші елдердің аумағында жатыр (Қытай, Қырғызстан, Ресей Федерациясы 
жəне  Өзбекстан). Бұл су  қоймаларының  қатарына  ірі  Шу, Есіл, Ертіс, Іле, Сыр-Дария, Талас, 
Тобыл  жəне  Орал  өзендері  кіреді.  Бұған  қоса,  Қазақстан  Каспий  (Əзербайжан,  Иран  Ислам 
Республикасы,  Ресей  Федерациясы  жəне  Түркменстанмен  қатар)  жəне  Арал  теңізімен 
(Өзбекстанмен  қатар)  қосылатын  елдердің  қатарына  жатады.  Трансшекаралық  өзендердегі 
судың  көлемі  мен  сапасының  Қазақстан  мен  Орта  Азияның  экономикалық  жəне  əлеуметтік 
дамуы  үшін  үлкен  маңызы  бар.  Аймақтағы  су  ресурстары  біртегіс  таралмайды.  Егер 
Қырғызстан мен Тəжікстан су ресурстары мен гидротехникалық құрылыстардың көп болуымен 
ерекшеленсе, басқа үш Орта-азиялық елдер осы ресурстарды ауыл шаруашылығы мен өзге де 
су  қолданушылардың  мұқтаждығын  сумен  қамтамасыз  етуге  байланысты  бағынышты  болып 
келеді.  Плотина,  канал  жəне  су  қоймаларын  қосқанда,  гидротехникалық  құрылыстарды 
басқару жəне ресурстарды бөлу туралы келісім жыл сайын талқыланады. 
 
2000  жылы  Қазақстан  трансшекаралық  су  ағындары  мен  халықаралық  көлдерді  қорғау  жəне 
қолдану  туралы  конвенцияны  бекітті  (Су  конвенциясы).  Дегенмен  көршілес  елдердің  ішінде 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау