Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет49/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   115

 
4 Тарау: Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді жүзеге асыру 
 
91 
 
 
Осы  аталған  саяси  құжатта  халықаралық  ынтымақтастықтың  жекелеген  салаларының  тізімі 
берілген. Дегенмен осындай құжаттарды талдау арқылы  төменде келтірілген салаларға ерекше 
назар аудару туралы қорытынды шығаруға негіз бар:   
 
ƒ
 
Ауа райының өзгеруін жұмсарту   
ƒ
 
Озон қабаты мен ауа сапасын қорғау   
ƒ
 
Биоəралуандылықты сақтау   
ƒ
 
Жердің шөлге айналуымен жəне тозуымен күрес жүргізу  
ƒ
 
Трансшекаралық сулармен қатар, су ресурстарын қорғау жəне басқару  
ƒ
 
Қауіпті қалдықтардың трансшекаралық араласуымен қатар, қалдықтарды басқару  
 
Аталған  салалардың  бірқатары  бойынша  бірнеше  саяси  құжаттар  жасалынды,  мысалы,  
Қазақстан Республикасының  2030 жылға дейінгі айрықша күзетілетін табиғи аймақтарын 
дамыту  жəне  жайғастыру  тұжырымдамасы   (2000 ж.)  жəне  2005–2015  жылдарда  шөлге 
айналу үрдісімен күресу бағдарламасы   (2005 ж.).  
 
 
Iле-Алатау ұлттық паркi 
 
 
Институционалдық жəне құқықтық ая   
 
Жуырда  қабылданған  Экологиялық  кодекс  ұлттық  табиғатты  қорғау  туралы  заңнаманы  жəне 
оның  халықаралық  нормалар  мен  стандарттарға,  ішінара,  ЕО  заңнамасымен  үйлестігін 
үндестіруге  жасалынған  ұмтылысты  білдіреді (1 тарауды  қараңыз).  Халықаралық 
ынтымақтастық жəне қоршаған ортаны қорғау мəселелерін қамтитын басқа да заңдар қатарына 
Орман кодексі (2003 ж.), Жер кодексі (2003 ж.) жəне Су кодексі (2003 ж.) кіреді.  
 
Қоршаған  ортаны  қорғау  Министрлігінің  (ҚОҚМ)
13
  негізгі  міндеттерінің  қатарына  мыналар 
жатады: (a) қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  халықаралық  ынтымақтастықты 
ұйымдастыру  жəне  жүзеге  асыру; (b) қоршаған  ортаны  қорғау  жəне  тұрақты  даму  жəне 
олардың  іске  асырылуы  салаларындағы  халықаралық  конвенциялар  мен  келісімдерді  сақтау 
саясатын  жасау.  ҚОҚМ  құрылымында  осы  міндеттерді  орындауға  жəне  осы  салалардағы 
ҚОҚМ  қызметкерлер  құрамының  жұмысын  үйлестіруге  жауапты  құқықтық  қолдау  мен 
халықаралық  ынтымақтастық  Басқармасы  бар (1 тараудағы 1.1 ендірмесін  қар.). 2006 жылы 
ҚОҚМ  мамандары  КТҚК    жəне  екіжақты  ынтымақтастықты  орындаумен  қатар,  қоршаған 
ортаны  қорғау  жөніндегі  халықаралық  ынтымақтастық  саласы  бойынша  Қазақстанда
 
                                                 
13
 ҚР 28 қазан 2004 жылғы № 1113 Шешімі  


92
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
 
 
жүргізіліп отырған іс-шараларға ішкі талдау жүргізді. Аталған талдаудың нəтижесіне сүйенсек, 
осындай  ынтымақтастықтың  ел  үшін  пайдалы  екендігін  атап  көрсетеді  жəне  алайда,  оның 
жетістіктері  қолда  бар  ақтаңдақтар  мен  оларды  жою  туралы  ықтимал  əрекеттерге  сыни  баға 
бермейді.   
 
Қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі  халықаралық  ынтымақтастық  саласы  үшін  басқа 
мемлекеттік  органдар  да  жауапты.  Атап  айтсақ,  Ауылшаруашылық  Министрлігі 
трансшекаралық су қоймалары мен халықаралық көлдерді қорғау жəне қолдану Конвенциясын 
жəне  жабайы  флора  мен  фаунаның  жойылып  бара  жатқан  түрлерінің  халықаралық  саудасы 
туралы  Конвенциясын (CITES), ал  Төтенше  жағдайлар  Министрлігі  өндірістік  апаттардың 
трансшекаралық ықпалы туралы Конвенцияны орындауға жауапты болып саналады. 
 
4.3 
Ұлттық сипаттағы экологиялық мəселелер жөніндегі халықаралық 
ынтымақтастық
14
 
 
Ауа райының өзгеруі   
 
Қазақстан  Республикасының  аумағының  осал  тұсы - болжалып  отырған  ауа  райы  өзгерісіне 
тікелей қатысты. Өсімдік өсіру өнімділігінің төмендеуі, өзен суларының тартылуы мен таулы 
аудандардағы  қардың  төменгі  шекарасының  артуы  сияқты  ауа  райының  бірнеше  əлеуетті 
əсеріне  зерттеу  жасалынды.   Мұндай  əрекеттер  ел  үшін  ауа  райында  елеулі  өзгерістер 
болатындығын растайды.    
 
Қазақстан  Республикасы 1992 жылы  БҰҰ  ауа  райының  өзгеруі  жөніндегі  Негіздемелік 
Конвенциясына (БҰҰАӨжШК) қол қойды жəне оны 1995 жылы бекітті. 1999 жылы Қазақстан 
Киото Хаттамасына қол қойған еді, бірақ ол бекіту туралы заң жобасы дайын болғанымен, əлі 
күнге  дейін  бекітілген  жоқ.  Осы  кезеңге  байланысты  саяси  шешім  қажет.  Тұтастай  алғанда, 
бекітуге  қатысты  үлкен  қолдау  бар,  дегенмен,  осыған  қатысты  қарама-қарсылық  ерекше 
мүддесі  бар  бірқатар  топтардан  шығып  отыр  (мыс.,  өндірістік  қалдықтар  тастау  жөніндегі 
міндеттердің  ықпалына  ұшырайтын  жəне  есебінің  айқын  болуын  арттыруды  қажет  ететін 
компаниялар). Елдің ауа райының өзгеруі жөніндегі өткізілетін іс-шаралары мен жобалары 4.2 
ендірмеде көрсетілген. 
 
Ауа мен озон қабатын қорғау   
 
Қазақстан,  өзінің  дамыған  өнеркəсібімен  жəне  елдегі  негізгі  энергия  көзі  ретінде  көмірді 
мақсат-бағдарлы  қолдануымен Орта  Азиядағы  ауаның ластануына  жауапты  болып  табылады, 
оның  үлесі  аймақтағы  бүкіл  елдердің  ішінен 40% аса  үлесті  құрайды.  Энергия  тақырыбына 
арналған 7 тарауда  жəне  Кен  қолдануға  арналған 8 тарауда  сипатталғандай,  соңғы  жылдары 
өнеркəсіптік қызметтің қарқынды дамып келе жатқандығы байқалады.
 
Елдің энергиялық жəне 
өнеркəсіптік секторы басымдылығы, негізінен, қоршаған ортаны қатты ластайтын ескі қүрал-
жабдықтарды  пайдалану  барысында  артты.  Ауаның  ластануының  одан  əрі  күшеюінің  алдын 
алуға  арналған  эмиссияны  қысқартуды  бақылаудың  қазіргі  тəжірибесін  дамыту  жəне  таза 
технологиясын енгізіп, энергия тиімділігін арттыру қажет. 32 жыл уақыт кезеңі ішіндегі озон 
қабатының жағдайын зерттеу нəтижесі стратосфералық озон концентрациясының 7-8 пайызға 
төмендегендігін көрсетті, оның ең төменгі концентрациясына 1992 жылдан 1995 жылға дейін, 
ал ең жоғары концентрациясына –2003 жылы бақылау жасалған. 
 
2001  жылы  Қазақстан  ауаның  үлкен  арақашықтықтағы  трансшекаралық  ластануы  туралы 
конвенцияға  қосылды  (АҮҚТЛ  Конвенциясы).  Ол  оның  бірде  бір  хаттамасын  бекіткен  жоқ. 
Қазіргі  кезде  Қазақстан  ЛЗМБ
15
  Хаттамасына
 
қосылу  туралы  мəселені  қарастыруда.  Елде 
                                                 
14
 Қазақстан Республикасымен бекітілген немесе қол қойылған, немесе ел үшін үлкен маңызға ие  МСООС тізімі ІІ 
қосымшада берілген.
 
 
 
15
 Еуропа бойынша ауаның үлкен арақашықтықтағы трансшекаралық ластаушы заттарына мониторинг жүргізу жəне 
бағалау жөніндегі Ынтымақтастық бағдарламасын ұзақ мерзімге қаржыландыру туралы хаттама (ЛЗМБ). 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау