4 Тарау: Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді жүзеге асыру
93
«Қазақстандағы ауа сапасын басқару жүйесін жетілдіру жəне 2008-2010 жылдары АҮҚТЛ
Конвенциясы ЕЭК БҰҰ жекелеген хаттамаларын жүзеге асыру» бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жобасы жасалынды. Конвенцияның Ұлттық есебін дайындау барысында
күкірт қос тотығы, көміртек
тотығы, бейметанды ұшқыш органикалық қоспалар, көміртек қос
тотығы жəне экономика мен ауыр металдар (кадмий, қөорғасын жəне сынап) жəне берік
органикалық ластағыштар (БОЛ) тастайтын негізгі көздер салалары бойынша өлшенген қатты
бөлшектердің жиынтық көлемі белгіленді. Талдау жүргізуге арналған құралды Бурабайдағы
фондық мониторинг станциясына Норвегия ұсынды (3 тарауды қара). ЕЭК БҰҰ ауа сапасын
басқару жəне Орталық Азияда көмірді таза технологиямен жағуды қолданудың басымдылығын
дамыту мəселелері қамтылған. Энергетика жəне минералды ресурстар Министрлігі ауа
сапасын басқару жүйесін басқару бағдарламасын дайындау жəне ТЗВБР Конвенциясының
жекелеген хаттамаларын орындауға дайындық жүргізумен айналысуда. Дегенмен Қазақстан
Республикасының Конвенцияның қандай да бір хаттамасына қосылу мерзімі туралы əлі
белгісіз.
Қазақстан озон қабатын қорғау жөніндегі Вена Конвенциясына (Озон конвенциясы) жəне озон
қабатын бүлдіретін заттар туралы Монреаль Хаттамасына (1998 жылы), сондай-ақ Монреаль
Хаттамасымен қатар Лондон Толықтырмасына (2001 жылы) қосылды. Қазақстан Копенгаген
жəне Монреаль толықтырмаларына қосылу мəселесін қарастырып отыр, бірақ Пекин
толықтырмасы сияқты аталған құжаттарды да əлі бекіткен жоқ. Конвенция мен хаттама
талаптарын орындау міндеті ҚОҚМ жүктеледі. 2001 жыл мен 2004 жыл аралығындағы кезеңде
ПРБҰҰ қолдауымен озонды бұзатын заттарды (ОБЗ) қолдануды төмендету жəне қолданыстан
біртіндеп шығаруға, сонымен бірге ОБЗ қолданатын кəсіпорындарға алмастыру
технологияларын орнату жəне оларға қолдау көрсетуге бағытталған бірқатар жобалар қолға
алынды. ОБЗ қолдану, оны экспорттау жəне импорттау мəліметтеріне жинақтау, өңдеу жəне
талдау жүргізу жұмыстары ұйымдастырылды. Қазақстан ОБЗ бірнеше түрлері бойынша
импортқа шығаруды шектеуді белгіледі, атап айтсақ хлорфторкөміртегі, галон, тетрахлорид
көміртегі жəне метилхлороформ. Монреаль Хаттамасының шеңберіндегі міндеттемелерін
орындау барысында Қазақстан Озон Конвенциясы хатшылығына 1999–2002 жылдар аралығы
бойынша ұлттық есебін берді
.
Табиғат пен биоəралуандылықты сақтау, шөлге айналумен күресу
1994 жылы Қазақстан биологиялық əралуандылық туралы тұжырымдамаға (КБР) қосылды.
ҚОҚМ – БƏК мəселелері жөніндегі білікті орган. 1999 жылы БƏК талаптарын орындау
мақсатында Қазақстан биоəралуандылықты сақтау жəне тұрақты қолдану шараларының
Ұлттық стратегиясы мен жоспарын қабылдады. Стратегия шеңберінде ормандардың
биоəралуандылығын сақтау басымдылық ретінде анықталды. БЭК алға қойған талаптарына
сəйкес Қазақстан биоəралуандылық туралы үш ұлттық есеп (соңғы есеп 2005 жылы
дайындалды) жəне орман экожүйесі туралы есеп дайындады.
Ерекше күзеттегі табиғи аумақтар биоəралуандылықты сақтау жөнінен ерекше рөл атқарады.
2007 жылдың басындағы жағдай бойынша ерекше күзеттегі табиғи аумақтардың жалпы көлемі
14.5 миллион га аса жерді құрады (елдің 5.3% аумағы). Қазақстанда күзетілетін аумақтардың
тоғыз түрі бар (мемлекеттік табиғи қорықтар, ұлттық парктер мен табиғи ескерткіштерді
қосқанда), оның ішінде тек мемлекеттік табиғи қорықтар биоəралуандылықты қатаң қорғайды.
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ерекше күзеттегі аумағын дамыту жəне
жайғастыру Тұжырымдамасы 17.5 миллион га (елдің 6.4% аумағы) көлеміндегі күзетілетін
аумақтың жалпы ауданына қол жеткізуді қарастыратын мақсатты белгілеп отыр. Берілген
Тұжырымдама халықаралық мекемелердің қатысуымен 13 қосымша ұлттық парк (оның жалпы
көлемі 2,100 га аса), 25 мемлекеттік табиғи қорық (2,800 га аса) жəне 6 биосфералық қорық
(670,000 га) жасауды қарастырады. Жаңа күзетілетін аумақтар құру жөніндегі қызмет те
басталып кетті. Ауыл шаруашылығы Министрлігінің орман жəне аң шаруашылығы Комитеті
күзетілетін аумақтарды дамытуға жəне басқаруға жауап береді. Орман жəне аң шаруашылығы
Комитеті мен ҚОҚМ аралығында биоəралуандылықты сақтау жөнінде шынайы үйлестік жоқ.
94
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
4.2 Ендірме: Қазақстан жəне климаттың өзгеруі
Қазақстан 1992 жылы БҰҰ ауа райының өзгеруі жөніндегі Шеңберлік Конвенциясына (БҰҰАӨжШК) қол
қойып, оны 1995 жылы бекітті. 1997 жылы ҚР Үкіметі елдің МӨ қалдықтарының көлемін 1990 жылғы
эмиссия көлеміне сүйене отырып, оны азайту жəне шектеуге бағытталған шараларды талқылауға дайын
екендігі туралы мəлімдеді. 1998 жылы Қазақстан БҰҰАӨжШК хатшылығына Бірінші Ұлттық мəлімдемесін
жасады. Қазіргі уақытта екінші мəлімдеме жасауға дайындық жүргізілуде. 1999 жылы Қазақстан I Қосымша
жəне В Қосымшасы тараптарына айналмай, Киото Хаттамасына қол қойды. Үстіміздегі жылы Қазақстан
Конвенцияның I Қосымшасы тарапының міндеттемелерін қабылдауға ниет білдірді. Осылайша, Хаттаманы
бекіткен соң, Қазақстан I Қосымша тарабына айналады, бірақ В Қосымшасында қалдықтарды қысқарту
жөніндегі міндеттемелердің мақсаттық көрсеткіштері көрсетілмейді.
2000 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысы бойынша ауа райының өзгеруі жөніндегі Ведомствоаралық комиссия
(ВК) құрылды. ВК мақсатының қатарына мына мəселелер жатады: (a) Киото Хаттамасын бекітуге қатысты
шешімдер қабылдау туралы ұлттық үйлестіруді жақсарту, елдің БҰҰАӨжШК шеңберінде қабылданған
міндеттерін орындау; (b) ауа райының өзгеруі туралы мəселелерді талқылауға қатысу; (c) елде бірігіп
жасалған жобалар шеңберінде МӨ қалдықтарын қысқартуға бағытталған қызметті атқару. ВК құрамына
Экономика жəне сауда Министрлігін қосқанда, бірқатар министрліктер жəне ҚОҚМ (төраға орынбасары
ретінде) кірді.
Сонымен қатар ВК ПГ ағымдары мен көздерін түгендеу жəне мониторингтеу мəселелерін шешуге,
жеңілдету жəне бейімдеу шараларына, технология беру, халықаралық талқылаулардың реттеуші қоры
мен барысын жасауға қатысты. 2000 жылдан 2002 жылға дейінгі аралықта, бірқатар шешімдер мен
кепілдемелер дайындалып өткізілген төрт келіссөзден соң, ВК бірде бір келіссөз жүргізген жоқ, дегенмен
оның хатшылығы мен жұмыс органы (Ауа райының өзгеруі жөніндегі Үйлестіруші орталық) (4C) əлі күнге
дейін жұмысын тоқтатқан жоқ. 4С – үкіметтік емес орган, ол мемлекеттің атынан қызмет етеді жəне
Қазақстанды халықаралық деңгейде ауа райының өзгеруі жағынан танытады.
Киото Хаттамасының Бекітілуі қаржыландырудың сыртқы көздері мен жаңа технологияларға қол
жеткізумен сəйкес, таза даму механизмі (ТДМ) мен бірігіп іске асыру механизмі (БІА) сияқты «икемді
механизмдерге» қатысуға мүмкіндік береді. В қосымшасына қосылу барысы Қазақстан Республикасы үшін
базалық жыл ретінде бекітілген, 1992 жыл деңгейіне қатысты міндеттемелердің алғашқы кезеңіндегі
(2008–2012 жылдар) эмиссия көлемін төмендету туралы міндеттемелер қабылдауды талап етеді. Бұған
қоса, Тағайындаулы ұлттық орган (ТҰО) құру туралы да түрлі пікірлер ұсынылды, ол да ТСО сияқты
үкіметтік орган болуы мүмкін.
Қазақстан көптеген кедергілер мен тəуекелдердің болуына қарамастан, БІА жобаларын тартуға көп
мүмкіндігі бар. Ең алдымен, Қазақстандағы БІА жобаларын жасауға арналған реттеуші қор əлі бастапқы
кезеңде тұр. Қазақстанның І Қосымшасының да, В Қосымшасының да арнайы тарапы болып
саналмайтындығын, сонымен қатар бұл елдің осы күнге дейін қалдықтарды қысқарту жөніндегі формалық
жағынан міндетті мақсаттық көрсеткіштер белгілемегендігін ескерсек, қолданыстағы немесе жаңа
жобалардың мүмкіндік дəрежесіне қатысты белгісіздік орнайды.
Елде ПГ қалдықтарын қысқартуға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылуда. Энергия тиімділігінің бір
жобасы жапондық мемлекеттік NEDO компаниясының қатысуымен аяқталды, бұл компания 15 миллион
АҚШ доллары салымын жасады. Жобаның нəтижесінде жылу жəне электр энергиясын өндіретін
қуаттылығы 130 МВт жəне 120 Гкал/с қос газ құбырының орнатылды. Сонымен бірге бұл қондырғыда
тəулігіне 50,000 тонна тұщы суға дейінгі суды тұщытып өндіруші қондырғы да бар. Жыл сайын көміртек
қос тотығының (CO
2
) қалдығы 800 кг дейінгі мөлшерде қысқартылады деп жоспарлануда.
Экология жəне ауа райы жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институты (ЭАЖҚазҒЗИ) мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырып отырған, ауа райын өзгерту жөніндегі зерттеулер жүргізеді. Институт 2000 жылдан бастап
ҚОҚМ бақылауымен қалдықтарды үздіксіз түгендеу жұмысын жүргізеді. Түгендеудің сапасы артқандығына
қарамастан, жекелеген секторлар бойынша эмиссияға қатысты жоғарғы белгісіздікпен байланысты күрделі
мəселе сол күйінде қалады.
Қазіргі уақытта халықаралық мекемелерді қолдау барысында бірқатар жобалар іске асырылып
отыр. Олардың бірқатары Батыс Тянь-Шянь биоəралуандылықты сақтау жобасы, жыл
құстарының қоныстанатын жері ретіндегі жаһандық мəнге ие су-балшықтық
пайдаланылатын жерлердің басымдылығын (су-балшықтық пайдаланылатын жер туралы аса
толық мəліметтер Рамсар Конвенциясы туралы тарауда берілген – төм.қара) интеграциялық
жағынан сақтау Жобасы, Биоəралуандылықты тиімді сақтауға арналған ерекше күзетілетін
аумақтардың ақпараттық жүйесін күшейту Жобасы ЖЭҚ/БҰҰДБ тарапынан қаржыландыру
арқылы орындалады. Осы жобалардың ішінде пайда алушылардың бірі - Ақсу-Жабағылы
Достарыңызбен бөлісу: |