Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет40/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   115

70
 
 
 
 
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру 
 
 
Стационарлық  посттардың  басым  көпшілігінде  өлшеулер  қолмен  жасалады.  Қазақстанның 4 
қаласында  (Ақтөбе,  Алматы,  Астана  жəне  Қарағанды)  мұндай  өлшеулерді  шешу  күніне  төрт 
рет  ауыстырылады,  бұл  мониторинг  ережелерінің  талаптарымен  толық  сəйкеседі.  Басқа 
қалаларда, өлшеулерді шешу бағдарлама бойынша жартылай жүзеге асырылады (сынамаларды 
іріктеу күніне үш рет жасалады).  
 
Қазақстанда халықаралық қауымдастықтың адамның денсаулығына жəне қоршаған орта үшін 
ең қауіпті деп танылған, ауада кездесетін, атап айтқанда: жерасты озоны (O
3
), қатты бөлшектер 
(PM
10 
жəне PM
25
), ауыр металдар, ұшқыш органикалық қоспалар (ҰОҚ) мен берік органикалық 
ластағыш (БОЛ) заттардың концентрациясын өлшеу жұмыстары жүргізілмейді.   
 
Денсаулық  сақтау  Министрлігінің  санитарлық-эпидемиологиялық  қызметі  уақыт  өткен  сайын 
тұрғын  үй  аудандары  мен  демалыс  орындарындағы,  ішінара  магистраль,  санитарлық-қорғау 
органдары  мен  тұрғын  үй  кварталдарына  жақын  демалыс  орындары;  қалалардағы  мектеп, 
балабақша жəне емдеу мекемелеріндегі ауа күйіне бақылау жасап отырады. Бұған қоса, аталған 
қызмет  тұрғындардың  шағымдарын  қабылдап,  тұрғын  үй  аудандарындағы  ауа  сапасын 
өлшейді. 
 
Қазақстандық  ауаның  ластануының  мониторинг  станциялары  бірнеше  дүркін  тасталатын 
қалдықтардың  жекелеген  оқиғаларының  салдарын  толық  шамада  үнемі  жеткізуге  мүмкіндігі 
бола  бермейді,  жалпы  алғанда,  олар  халықтың  ауаның  ластануына  ұшырауының  белгілі  бір 
сипаттарын суреттеуге мүмкіндік беретін мəліметтерді ғана ұсынады. Дегенмен мəліметтердің 
түрлі  жиынтықтар  аралығындағы  «тиімді-мөлшер»  түріндегі  интерпретациясы  туралы 
мəліметтер  берілмейді.  Ауа  сапасын  бақылаудың  қолданыстағы  торабы  ауаның  ластану 
деңгейін,  əзірше  қалыптасқандай,  қалдықтардың  штаттық  талапта  жұмыс  істеу  барысындағы 
қалдықтар нормасын немесе ауа сапасы нормаларының арту себептеріне айналатын əрекеттерді 
анықтауға  мүмкіндік  беретін  ерекшеліктерімен  байланыстыруға  қабілеті  жоқ.  ҚОҚМ  жəне 
Денсаулық  сақтау  Министрлігі  олардың  жүргізіп  отырған  мониторингтік  бағдарламаларымен 
келіспейді жəне үйлестірмейді.    
 
Таяу  уақытқа  дейін  «Бурабай»  ауа  қалпы  мониторингінің  жалғыз  ғана  трансшекаралық 
станциясында (3.1 сур.қар.)  тек  метеорологиялық  параметрлерге  ғана  бақылау  жасалынды. 
ЕЭК  БҰҰ  «Орталық Азиядағы ауа  сапасын  басқару  жəне көмір  жағудың таза технологиясын 
қолдану  салаларындағы  əлеуетін  арттыру»  жобасына  қатысудың  нəтижесінде,  «Бурабай» 
станциясы 2007 жылы  тұтастай  реконструкцияланып,  автоматтандырылды.  Осы  жайт 
ҮАТАЛК  шеңберінде  Еуропадағы  ауаны  ластағыштардың  таратылуын  бақылау  жəне 
бағалаудың  біріккен  бағдарламасының  талабына  сəйкес  өлшеу  жұмыстарын  бастауға 
мүмкіндік  берді  (ЕМЕП).  Жекелеген  жағдайда  бұл  Қазақстандағы    PM
10 
өлшеуіштері  мен 
жерасты  озонында өткізілетін жалғыз станция болмақ. Қазіргі сəтте Қазақстан шекарасының 
тізбегінде  (ұзақ  уақытқа)  ауа  күйін  мониторингтеу  трансшекаралық  станциясын  орнату 
мəселесі жоспарланбаған. 
 
Ішкі су айдындары қалпының мониторингі. 
 
«Қазгидромет» 53 өзен, 8 көл, 11 су қоймалары, Каспийдің 3 каналындағы 183 су қақпағындағы 
судың  гидрохимиялық  сапасын  мониторингтеуді  бірге  жүзеге  асырады.  Гидробиологиялық 
бақылаулар тоқсаныншы жылдары тоқтатылды əрі өз қалпына келтірілген жоқ. Қолданыстағы 
торап  қырық  параметр  бойынша  мəлімет  береді  жəне  олардың  химиялық  құрамы  мен 
қалқыңқы  жəне  органикалық  заттардың  бар-жоқтығын,  негізгі  ластаушы  заттарды,  ауыр 
металдар мен пестицидтерді анықтауға мүмкіндік береді. Сынамалар жылына бір рет қолмен 4-
тен 12-ге дейін, яғни су айдындарының ластану категориясына байланысты алынады.    
 
Су сапасын мониторингтеудің қолданыстағы ережелері бойынша талап етілетін пункт санымен 
салыстырғанда, бақылау пунктерінің саны аса төмен (3.1 карта). Бақылау пункттері тек үлкен 


 
3 Тарау: Ақпарат, жұртшылықтың қатысуы жəне білім 
71 
 
 
қалаларға  жақын  маңдағы  ірі  су  айдындарына  орналасқан.  Жерүсті  суларының  шашыраңқы 
ластанулары мүлдем қадағаланбайды.    
 
 
«Бурабай» табиғи ортасының аялық жəне трансшекаралық мониторингі станциясы  
 
Ішкі  жерүсті  суларының  күйін  мониторингтеуді  басқа  мекемелер  де  жүргізеді.  Мəселен,  Су 
ресурстары жөніндегі Комитет трансшекаралық су ағыстары жəне  су қақпалары, сумен қамту 
дереккөздерінің күйін бақылайды. Денсаулық сақтау Министрлігі ауыз су мен рекреациялық су 
айдындары:  өзен,  көл  жəне  су  қоймаларындағы  судың  күйіне  мониторинг  жүргізеді.  Жерүсті 
суларын мониторингтеуге  тартылған  мекемелер  өз жұмыстарында өзара келісілген  əдістемені 
қолданбайды. Кез  келген  үкіметтік орган  өз бағдарламалық  құралдары  мен мəліметтер қорын 
пайдаланады.  Нəтижесінде  мониторингтің  мəліметтері  түрлі  дереккөздер  бойынша  жеке-жеке 
бөлінеді жəне  біріктіріліп қарастырылмайды.  
 
Қазақстан  трансшекарылық  су  ағыстарындағы  су  сапасын  мониторингтеу  саласындағы 
көршілес  мемлекеттермен  ынтымақтасуын  жемісті  дамытып  келеді.  Қытай  жəне  Ресей 
Федерациясымен жасалынған екіжақты келісімнің шеңберінде Қазақстан бірігіп қолданылатын 
өзендерді  бақылаудың  жаңа  нүктесін  анықтады  немесе  орнатты.  Келісімшарт  бойынша 
тараптар  арасында    жинақталған  гидрологиялық  жəне  гидрохимиялық  мəліметтермен  алмасу 
жəне  интеркалибрлеу  жұмыстарымен  алмасуда.  Қазақстан  Сырдария  өзені  суының  сапасын 
мониторингтеу  нəтижесінде  алынған  мəліметтерімен  Қырғызстан,  Тəжікстан  жəне 
Өзбекстанмен  Аралды  құтқарудың  Халықаралық  қорының  (АҚХҚ)  гидрологиялық 
мəліметтерімен алмастырып отырады.   
 
2007  жылы  Қазақстан  Қытаймен  шекаралас  жатқан  Ертіс  өзенінің  су  сапасын («экспресс-
талдау») талдау зертханасын құру жұмыстарын қолға алды. Аталған зертхана таңдап алынған 
параметрлер  бойынша  судың  сапасына  тікелей  бір  орында-ақ  тез  арада  талдау  жасауға 
мүмкіндік береді. 2008 ж. тура осындай зертхананы Қытаймен шекаралас жатқан Іле өзеніне де 
құру жоспарланып отыр. Осыдан соң, Қазақстанның Қырғызстан, РФ жəне Өзбекстан  ортақ су 
ағыстарындағы  судың  сапасын  мониторингтеу  зертханаларын  құру  жұмыстары  жалғастығын 
табады деп тұжырымдалуда.  
 
90-шы  жылдары  тоқтап  қалған  уақыттан  бастап  жəне  2000-шы  жж.  басында  жерасты 
суларының  мониторингі  көлемді  түрде  біртіндеп  қайта  қалпына  келтіріле  бастады. 2003 ж. 
бақылаудың 770 жаңа  пункті  пайда  болды  жəне 2007 ж.  олардың  жалпы  саны 5005 пунктке 
жетті.  Бақылау  торабына  нысандағы 14 мердігерлік  мекемелер  мен  Энергетика  жəне 
минералдық  ресурстар  Министрлігінің  геология  жəне  минералдық  ресурстар  Комитетінің 
қарамағындағы  мемлекеттік  (аймақтар) 5 кəсіпорын  қолдау  көрсетеді.  Жерасты  суларын 
бақылау  пункттері  ең  алдымен  жерасты  сулары  деңгейі  (судың  бар-жоқтығы)  мен  табиғи 
сулардың геохимиясын бағалауға қызмет етеді. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-
эпидемиологиялық  қызметі  ауыз  су  қажеттілігіне  қолданылатын  жерасты  суларына 
радиологиялық, бактериологиялық жəне кеңейтілген химиялық талдау жүргізуді іске асырады. 
Қазіргі таңда Республикадағы барлық ауыз судың 56% жерасты сулары құрайды. Қазақстанның 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау